Шу дегеніміз не? - Шу – үлкен санды қарапайым типті әртүрлі биіктер мен күштерден тұратын дыбыс емес, қалыпты емес дыбыстардың жиынтығы.
- Шу - өркениетті заманымыздың өзіне тән өндірісінің шығыны, күн өткен сайын біздің өмірімізге кеңірек басып кіреді.
- Ұзақ уақыт бойы шу өркениеттің шарасыз жауыздығымен, техниканың қарқынды дамуының, автоматтандырудың, механикаландырудың, көлік өсу шегінің, техникалық алға басудың қосымша өнімі деп есептелді. Шу - уақытша күрделі құрылымды және ағзаға ерекше әсер ететін қасиеттерімен акустикалық үйлесімсіз дыбыс.
Табиғатта шу пайда болу әдістеріне байланысты танылады. Олар:
Қатты денелердің дірілдеуінен пайда болатын механикалық шу
- Механикалық шу машиналармен және механизмдердің жұмыс істеуінен пайда болады.
Аэро немесе гидродинамикалық шу
- Газ қозғалысынан, бу немесе сұйықтықтың қысымының әсерінің нәтижесінде пайда болады.
Термиялық шу
- Газдардың тығыздыққа байланысты жанған кезінде пайда болады.
Кавитациялық шу
- Акустикалық кавитация кезінде дыбыс импульсының нәтижесінде туатын тамшылар мен қуыстардың және сұйықтықтың жарылунан пайда болады.
Шу – үлкен қалардың халқына кері әсер ететін негізгі факторлардың бірі. - Шу – үлкен қалардың халқына кері әсер ететін негізгі факторлардың бірі.
- Шу тұрғын үйлерде сырттан кіретін шудан және ішкі шудан, санитарлық - техникалық, инженерлік – технологиялық құралдарда, тұрмыс құралдарында, музыкалық аспаптарды ойнағанда, адамдардың жүрісінен және жиһазды жылжытудан, әңгімелескенде, балалардың айқайларынан құралады.
- Шудың ең қуатты аккордтары автокөлік қозғалысының дыбысы, оған жалпы фонда шудың 80% береді.
- Қала тұрғындарын, әсіресе ірі қалаларда қалалық көліктердің шуы қатты алаңдатады: трамвайлар, автомобильдер, автобустар, мотоциклдер, мотороллерлер. Көп мөлшердегі шу, әсіресе, дизельді және жүк таситын машиналардан шығады. Қалада көліктер саны жылдан жылға толассыз өсуде. Таза техникалық проблемалардың шешімі туралы тек қана айтып кана қоймай, қазіргі заманға сай гүрсілі аз автомобильдерді таңдау қажетті деп санаймын.
- Соңғы он жылдықта шудың зиянды ықпалы жұмыс істеушілерге, дәл осылай халықтың басқа топтарына әсері өсті. Бұның басты себебі, техникалық алға басуындағы өндіріс процестерінің механикалануы, көліктің қуаттылығының артуында.
- Тербелмелі қозғалыс көздерінің дыбыстық энергиясы қоршаған ортаға үзіліссіз түсуі мүмкін, мысалы, тоқыма станок жұмысы кезінде немесе оқтын-оқтын импульстер түрінде, пневматикалық аспапты қолданған жағдайда орын алады. Осыған байланысты шудың тұрақты және импульстік түрлерін ажыратады. Ағза үшін импульстік шу қауіпті.
Достарыңызбен бөлісу: |