Қоздырушысы. Аурудың жұқпалы екендігі ешқандай күдік тудырмайды, бірақ оның қоздырушысы осы күнге дейін дәл анықталған жоқ.
Індеттік ерекшеліктері. Жүзу жарғағының қабынуы (ЖЖҚ) көбінесе екі жасар тұқы балықта кездеседі, бір жастағы немесе бірен-саран екі жастан асқан балықтарда да ұшырасуы мүмкін. Сазан бұл ауруға біршама төзімді.
Өтуі мен симптомдары. Жасырын кезеңі 30 - 90 күн, су салқын болғанда 8 айға дейін созылады. Ауру жіті, жітіден төмен және созылмалы өтеді. Жүзгенде денесі бір жағына ауып, немесе тікейген күйде болады. Құрсағы кеуіп, іркілдеп тұрады, артқы тесігі сыртына айналады. Желбезегі бозарып, денесінің кейбір телімдері қанға кернеледі. Жазда екі жасар балықтардың 80-100%-ы шалдығып, көбінесе жаппай өледі. Тірі қалған балықтарда ауру жітіден төмен немесе созылмалы түрге ауысады.
Патологоанатомиялық өзгерістер. Екі жасар тұқы балықта жүзу жарғағы күңгірт тартып, қан тамырлары білеуленіп, жүзу жарғағының қабыршағында ноқатты қанталаулар болады. Жүзу жарғағы суланып, қанталап, немесе іріңдеп, өліеттеніп қабынады, оның іші шіріген массаға толып, айналасында іріңді экссудатқа толы қуыс пайда болады. Көк бауыр ұлғайып, қызыл-қошқыл немесе теңбіл түсті болады. Бауыр босаңсып, бозарып, аламыштанады.Созылмалы өткенде бір жасқа дейінгі балықта жүзу жарғағы суланып домбығады, экссудат бірте-бірте қоймалжың немесе быламық массаға айналады.
Дауалау және күресу шаралары.Балықтарды емдеу үшін жеміне метилен көгін қосады:аталық балықтар үшін 1 кг жемге Зг қосып, уылдырық шашар маусымының алдында 13-15 күннен 2-3 курс жүргізіледі, бір жасқа дейінгі балықтарға 1 кг жемге 1 г қосып 10-12 күннен 3 курс жүргізеді, екі жасар балықтарға 1 кг жемге 0,5 г қосып, жазда 2-4 курс өткізеді. Аэромонозды емдеуге тақылеттес ретпен емдік антиобиотиктер қолдануға болады.
Дифиллоботриоз.
- Балықтарда жалпақ құрттардың (Diphillobotrium latum) лентец плероцеркоидтың балаңқұрттары тудыратын ауру. Бұл ауру адамдардың, иттердің, мысықтардың, түлкілердің, т.б. ішек ауруы болып табылады.
- Балық өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау және күресу шаралары. Көп зақымдалған балықтарды утилизациялайды, бір – екі плероцеркоид табылса, тұздаумен зиянсыздандырады, не мұздатады (- 80С, 7 күн аралығында), не қайнату арқылы (кем дегенде 30 минут), не консерві жасауға қолданады.
- Қауіпті аймақтардан ауланған балықтарды қолданысқа тек залалсыздандырғаннан кейін ғана тамаққа, не жануарларға азық ретінде жібереді.
Описторхоз
Тұқы балықтардың ауруы (екінші аралық иесі). Ауру балықтардың арқа бұлшық еттерінде цисталардың пайда болуымен сиппатталады. Онда адамға қауіпті тоғышар мысық метацеркарийлері (Opisthorchis felineus) орналасады.
Достарыңызбен бөлісу: |