Бұхар жырау Абылай ханның сенімді ақылшысы
Біз бүгінде Абылай хан жайлы айтқанда оның өз елін аялаудағы, өз жерін жат көзден қорғаудағы аса қырағылығы мен қайтпас қайсарлығын еске түсіреміз. Бұқар жырау оны жан-жақты жырлап, оның жетістігі мен кемістігін де жұрт алдында жайып салып отырған. Шоқан осы жырау айтқан пікірді одан әрі жандандырып: «Абылай дәуірі – қазақтардың ерлігі мен серілігінің ғасыры. Оның жорықтары және батырларының көзсіз ерлігі мен қаһармандығы жыр-дастандардың арқауына айналған», – деп жазса, біз мұны өте дұрыс баға деп білеміз.
Бұхар жырау Абылай ханның сенімді ақылшысы санатында мемлекет басқару ісіне белсене араласып, оның ішкі және сыртқы саясатына зор ықпал жасап отырған қоғам қайраткері болғаны әмбеге аян. Бұхар сол уақытта елді басқаратын терең ақылды, саясаткер, білімді адам керек екенін ұққан. Халықты бүтіндікке, бірлікке шақырып, сыртқы дұшпанға қайрат көрсете отырып, түрлі тәсілсаясатпен халықтың бостандығын, қамын көздеген. Абылайдан да осындай басшылық күткен жырау, Абылайдың халық ішінде абыройының биік болуын қалаған, өзінің жырларында оны мақтау да, мадақтау да кездесіп отырады.
Абылай хан XVIII ғасырдың 30 жылдары ішінде Қазақ хандығын басқарған мемлекет қайраткері, халықаралық саясатта дипломат. 1752 ж. ол бастаған қазақ әскері шамасы 15 - 20 мың адамдай ойраттар қолының шабуылына тойтарыс берді. 1753ж. желтоқсанда Абылай 5 мың жауынгермен жоңғар әскерлерімен шайқасып, бірталай қазақ жерлерін азат етті. 1754ж. сәуірде Абылай бастаған 1700 қазақ әскері 10 мың қалмақпен соғысуға мәжбүр болса, сол жылдың тамыз айында 4 мың әскермен Жоңғарияға жорық жасап, 3000 қалмақты тұтқынға алып келген. 1756 ж. Абылайдың бастауымен қазақтар қытайлар мен қалмақтардың біріккен күшімен шайқасып, оның бірінде жеңіліп, екіншісінде жеңіске жетеді. 1757ж. Абылайдың 6000 әскері Қытайдың 40 мың әскерімен шайқасынан соң, қытайлар Абылайдан бітім сұрады. Абылай хан хандыққа 25 жасында келіп, 48 жыл абыроймен басқарады.
Бұқар жыраудың Абылайға айтқан өсиет сөздерінің ең үлкені ел бірлігі. Қазақтардың жер бетінен жоғалып кетпей іргелі ел болуы үшін, дұшпандары ығатындай айбарлы күш болуы үшін де мемлекеттік саясаттың ең бастысы, маңыздысы елдің «алтыбақан алауыз» болмай, «іштей ірімей» тұтаса ұйысуы үшін де ел бірлігінің қажет екенін үнемі жырлаудан әсте тынбаған.
Жыраудың сөздері тұнып тұрған ақыл, өнегелі, ғибратты сөздер. «Ай не болар күннен соң», «Ежелгі дос жау болмас», «Жар басына қонбаңыз», «Жарқ – жарқ еткен жайда бар», т.б. Биік тауға жарасар «Асқар таудың өлгені» дегең өлеңінде жырау «өлмегенде не өлмейді?» сұрағына «жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді», – деп жауап беріп, бүкіл ой – білімін, талант – дарынын, өмірін, адамзаттың асыл арманы үшін сарп еткен адамдардың есімі де, олардың артына қалдырған аталы сөздері де ғасырларға кете береді деген түйін жасайды. Адам өмірінің кезең – кезеңдері туралы толғауларының да ғибраты мол. Бұл тақырыптағы өлеңдеріне «Жиырма жасыңда», «Ей Абылай, сен он бір жасыңда» т.б.жатқызуға болады. Адамзаттың жас кезінен бастап қартайған шағына дейінгі өмірін суреттейді.
Сонымен бірге елді бірлікке шақыру идеясы да аңғарылады. Ел бірлігін сақтап қалу үшін не керек екенің анық айтып береді. Ел бірлігі болса, алынбайтың қамал жоқ екеніне көз жеткізеді. «Абылай есімімен байланысты өлендерінен де ел бірлігін көздеген ойымен қатар, ханға айтқан ақылын, ханның ел басқарудағы жақсы істерін жырлағаның көреміз.
Қырық беске келгенде,
Жақсы мен жаман демедің
Елу жасқа келгенде,
Үш жүздің баласының
Атының басын бір кезеңге тіредің,- дейді.
Достарыңызбен бөлісу: |