Тақырыбы: Бұқар жырау толғауларындағы Абылай хан бейнесі


Тарихи деректерге сүйенсек



бет4/7
Дата01.05.2020
өлшемі0,65 Mb.
#65315
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Бұқар жырау

Тарихи деректерге сүйенсек,

Абылай былайша дәріптенеді

Жұлдызың туды – ау оңыңнан, Жан біткен еріп соңыңнан. Он сан алаш баласын Аузыңа құдай қаратып, Жусатып және өргізіп, Жұмсап бір тұрсың қолыңнан. Отыз жасқа келгенде Кең дүниеге кенедің, -

Отыз беске келгенде, Қара судың бетінде, Соқтырып аққан сен едің, -

Бұхар жырау толғауларында сайын сахараға шашырап қоныстанған, өзара байланысы әлсіз қазақ рулары мен жүздерінің басына төнген қауіптің негізгі себептері де ашық айтылады. Өздерінің ежелгі шегараларынан тым алыс жатқан елдер мен жерлерді бірінен соң бірін күшпен бағындырып, барған сайын араны ашылып, қомағайлана түскен екі империяның- Ресей Қытайдың тегеурініне төтеп беру қандай қалыққа да қиын еді.Ал ұшы қиырсыз кең алқапты алып жатқан ойрат пен қазақ бірін-бірі қырып бітірсе екі империя да өздерінің жері кеңейтінін байлығы артатынын өте жақсы біледі. Сондықтан да олар сөз жүзінде бейбітшілікті жақтаушылар болып көрінгенімен шынтуайттап келгенде бірің өліп бірің қал деген саясат жүргізді. Осындай жағдайда қазақ елінің ішкі бүтіндігін, жауынгерлік рухын сақтау,жауға тойтарыс беріп қана қоймай елдің ежелгі қоныстарын қайтарып алу қиынның қиыны болатын.Қазақ хандары мен сұлтандарының кейбіреулері бас сауғалап, қара басының қамын ойлап, қарауындағы руларының ғана мүддесін көздеп, дұшпанға бағынып, іріткі салып жүрген шақта өзара алауыз жұрттың басын қосу ел басшыларының көреген,қажымас қайратты,данышпан, парасатты болуын қажет ететін. Абылай бейнесін халық қиялында ерекше іріленіп, сомдалуының басты себебі де оның тар кезінде, тайғақ кешулерде ел бірлігіне ұйытқы боларлық, ақыл, айла, ынтымақ кілтін таба алғандығына байланысты

Академик М.Қозыбаевтің сөзімен айтқанда: Бұхар жырау – жыраулықты көрегендікпен, көрегенділікті көріпкелдікпен ұштастырған ел данасы. Болашаққа қырандай ғарыштан қараған барша халықты алаламай тұтас бір халық деп санаған, шалдыққанда Абылайға тірек болуға жаралған, аптыққанда қаһарлы Абылайдың өзін де жас баладай сабаған халық бабасы. Ол ханнан да қаһарлы,оның тірегі – халық, сыншысы- тарих

дегенде қарт ақын Абылайды шенеп-мінеп отырған жоқ,ал өз еліне тыныштық іздеумен бірге,Абылай ханның қамын жейтінін де жасырмады. Орыс мемлекеті күшті екенін,орыс халқының қазақпен ежелден бері көрші боп келгенін,ал екі елдің арасының бұзылуынан тек өзінің ғана жұртты ұтылатынын Бұқар жырау жақсы түсінді.Сондықтан да Абылайдың өзінен оның төңірегіндегі батырлар жорық аңсап жан-жағына көздерін тіккен шақта көп жасап,көпті көрген жырау оларға үнемі тоқтау айтып отырды.Бұған Абылай да құлақ асады,қайткен күнде де Абылай мен Бұхар арасындағы қатынас осылайша аңыз етеді.

Халық аңызы Бұқар жырауды кей сәтте Абылайға қарсы қойып,ол ел тыныштығын көксейтін дана қарт бейнесінде сипаттайды. Бұқар жырау қай толғауында болмасын хан тағының нығайғанын белді бір күшке айналғанын көксейді.Сондықтан:



Ай,Абылай,Абылай Алмаған жауды қоймадың. Алсаңдағы тоймадың Несібеңді елден ойладың Ата білмес құл едің Ата тегін сұрасаң, Арқар ұранды жат едің. Қай жерінде төре едің? Жұлдыз туып оңыңнан Хан біткен еріп соңыңнан Он сан алаш баласын Жусатып қойдай өргізіп. Жұмсап жүрсің қолыңнан



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет