Сабақ жоспары
Тақырыбы: Бақша ағаштары
|
Мектеп: № 15 ЖОББМ
|
Күні: 11.01.17ж
|
Мұғалім: Идирисова Г.А.
|
Сынып: 6
|
Қатысқандар саны: 12
|
Қатыспағандар:
|
SMART мақсаттары
|
Тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру, «ойлан-жұптас-топтас» стратегиясы бойынша жұмыс орындау, мәтінді мәнерлеп түсініп оқу, жеке сөздер, сызбалар, суреттер бойынша сөйлемдерді дұрыс құрастыру.
|
Күтілетін нәтиже
|
Барлығы: мәтінді түсінеді, сурет бойынша сөйлейді, сөйлем құрастырады.
Көпшілігі (А, В):өлеңді мәнерлеп оқиды, сөйлемдерді қатесіз жазады, жеке, жұппен, топпен жұмыс істей алады.
Кейбіреуі (А): топты басқара отырып, В, С топтарының оқушыларын ауқымды көмек көрсетеді, тақырып бойынша өз ойларын толық жеткізе алады.
|
Тілдік мақсаттар
|
-мәтінді тыңдайды, түсінеді, сызба, сурет бойынша сөйлейді, сұрақтарға жауап береді.
|
Жақсы, жаман, бақша, мінез, адам сөздерімен, тірек сызба бойынша пайдаланып сөйлем құрастырады.
| |
Алдыңғы оқу
|
Әдептілік деген не? Жақсы бала қандай болуы керек? Жақсы мінез қалай қалыптасады? Жақсымен жаманды қалай айырамыз?
|
Жоспар:
Жоспарланған уақыт (минутпен)
|
Жоспарланған іс-әрекеттер
|
Ресурстар
|
Басталуы (қызығушылықты ояту)
5 мин
|
*Сұраққа жауап бере отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтайық.
Шаттық шеңбері.
Күн шуағын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстап тұрамын.
Күншуақтан алған ыстық сезімді
Қуана мен достарыма шашамын.
Жақсымен жаманды қалай айырамыз?
Мінезі жақсы деген сөз тіркесін қалай түсінесің?
1-тапсырма. Мақалдарды оқы, мағынасын түсіндір.
Жақсы адам елдің ырысы,
Жақсы сөз жанның тынысы.
Жақсы туса елдің ырысы,
Жаңбыр жауса жердің ырысы.
Жақсыда жаттық жоқ,
Жаманда жақындық жоқ.
Жақсы көргенін мақтап жүрер,
Жаман көргенін даттап жүрер..
|
Интерактивті тақта, оқулық, сөздік дәптері, түсті сурет
|
2-тапсырма.'>Ортасы (мағынаны тану)
20 мин
|
2-тапсырма. Берілген анықтаманы көшіріп жаз.
143-бет (І топ)
Жақсы мінез- байлық. Мұндай мінзе үй ішіне, айналасына қайырымды, мейірімді, үлкенді құрметтейтін, кішіге ізет жасайтын, кішіпейіл адамға тән.
2-тапсырма. Әңгімені оқып, өзге топтарға түсіндір (ІІ топ)
Ы. Алтынсарин. Бақша ағаштары
Жаздың әдемі бір күнінде, таңертең бір төре өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағаштары мен гүл жапырақтарын көріп жүрді.
- Мынау ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неге қисық біткен? - деп сұрады баласы.
- Оның себебі, балам, анау ағашты бағу-қағумен өсірген, қисық бұтақтары болса өсіп. Мынау ағаш бағусыз, өз шығу қалыбымен өскен,- деді атасы.
- Олай болса, бағу-қағуда көп мағына бар екен ғой,-деді баласы.
- Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым; мұнан сен де өзіңе әбірет алсаң болады; сен жас ағашсың саған да күтім керек; мен сенің қате істеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, сен менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы түзік кісі болып өсерсің, бағусыз бетіңмен кетсең, сен де мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің,- деді.
3-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер? (ІІІ топ)
Болат нешінші пәтерде тұрады?
Ол үйіне неге бармай жүр?
Балапанды қайдан алды?
Балапанға неге жаны ашыды?
Өмірде жақсы, жаманнның қатар жүретініне сенесің бе?
Мәтіннің негізгі ойын анықта.
|
Оқулық 66-67-бет, жұмыс дәптері
Интерактивті тақта, тағамдардың түрлі түсті суреттері
|
Аяқталуы (ой толғаныс)
7 мин
|
4-тапсырма.
3-4 тапсырма 144 бет
|
Оқулық 68-бет
|
Қосымша ақпарат
|
kartinki24.ru/kartinki/food
|
Сайт суреттері
|
Саралау
8 мин
|
Барлық топтың оқушылары «ойлан-жұптас-топтас» стратегиясын пайдаланып жұмыс орындай алады; І топ оқушылары топты басқарумен қатар суреттер бойынша шағын әңгімелер құрастырады; тақырыптарды анықтай алады.
|
Әдепті, тәртіпті болу, сыныпта өзін мәдениетті ұстау
|
Рефлексия
|
|
Қорытынды
Не табысты болды?
1. _______________________________________________________________________________________
2. _______________________________________________________________________________________
Қандай нәрсе сабақты жақсарта алды?
1. _______________________________________________________________________________________
2. _______________________________________________________________________________________
Келесі сабақты жақсартуға көмектесетін не білдім?
|
Достарыңызбен бөлісу: |