Тақырыбы: Бастауыш мектеп математикасын оқыту барысында ресурстарды тиімді таңдау әдістемесі


Сурет 3. Есте қалдырудың беріктігі



бет6/11
Дата11.12.2022
өлшемі100,67 Kb.
#162311
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Курстық жұмыс Алпысова К

Сурет 3. Есте қалдырудың беріктігі

Нәтижелерді өңдеуде жаңғыртылған сөздер саны есептелінеді. Ол көрсеткіштер бойынша сөздерді қайта жаңғыртуда жоғары деңгейді көрсеткен 6 оқушы – 30%, орташа деңгейде 11 оқушы – 55% және төмен деңгейде орындаған 3 оқушы – 15% болып шықты.


Ал осы әдістеме бақылау тобында жүргізе келе, нәтижесінде алынған көрсеткіштерді төмендегі 4-суреттен көруге болады.
Бақылау тобының нәтижесі

Сурет 4. Есте қалдырудың беріктігі

Шыққан нәтижелерге талдау жасайтын болсақ, мұнда сыналушылардың ішінен 11 оқушы 55%-ды көрсетіп отыр, бұл жоғары деңгейдегі көрсеткіш, 7 оқушы 35%-ға орындады, бұл орташа көрсеткіш және 2 оқушы 10%-ды көрсеткіш беріп отыр.


Сонымен екі топтын нәтижелерін салыстыра келе, мынадай айырмашылықтарды байқадық: эксперименталды топтың жоғары деңгейі мен бақылау тобының жоғары дейгейінен 25 %-ға, орташа деңгейі 20%-ға, ал төмен деңгейі 10%-ға төмен болды. Осыдан эксперименталды топтың нәтижесі төмен көрсеткіштер берді деген қорытындыға келдік.
Олар мағыналық байланыстарды тез орнатып, соның әсерінен айтылған сөздерді де есте ұзаққа қалдырып, оны қайта жаңғыртуда қиындықтарға кездеспеді. «Саған ұсынылған сурет сөзді несімен есіне түсіреді?» деген сұраққа «Мен жылқы деген сөзді сиырмен байланыстырдым, өйткені ол екеуі де төрт-түлікке жатады», «Екеуін байланыстырдым», «Мағынасына қарай есте қалдырдым» деген жауаптар алынды.
Жалпы қорытындылайтын болсақ, екі сыныпта жүргізілген әдістемелер бойынша шыққан нәтижелерін талдай келе, салыстыру негізінде эксперименталды топта мағыналық байланыстарды тауып, орындаған 12 оқушы болды, ол 60%-ды беріп отыр, ал бақылау тобында 13 оқушы – 65% көрсетті. Осыдан бақылау тобының көрсеткіші эксперименталды топтың көрсеткішіне қарағанда 5%-ға жоғары екендігін байқауға болады. Сонымен эксперименталды топтың нәтижесін орташа деп беруге болады.
Барлық өткізілген әдістемелердің нәтижелерін өңдей келе, эксперименталды топтың нәтижелерін бақылау тобының нәтижелерімен жалпы салыстырып қарағанда төмен дәрежеде болып шықты деген қорытынды жасауға болады. Осыдан кейін эксперименталды топта есті дамыту мақсатымен жүйелі түрде түзету жұмыстарын жүргізу міндеті алға қойылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет