1.3 Оқу ынтымақтастығы бастауыш сыныптарда қазақ тілін меңгеру процесін жетілдірудің шарты ретінде
Бастауыш сынып оқушыларын қажетті білім негіздерімен қаруландырып, оқу материалдарының мазмұнын бүгінгі күннің талабына сай меңгерту үшін оқудың тиімді әдіс-тәсілдерін дұрыс таңдап алып, ұтымды қолдану талап етіледі.
Оқушыларға білім беру барысында мұғалімнің тікелей басшылығымен жүзеге асырылады. Мұғалім оқу материалын сөзбен түсіндіреді. Ал мұғалім сөзі сабақта әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы толықтырылып отырылады.
Білім алуда оқушының оқуға деген талабы, ынтасы, қызығуы және оқудың қажеттілігін сезінуі үлкен рөл атқарады. Бұл жайттарды ескермей, балаларды білім негіздерімен қаруландыру қиын. Сондықтан да ең алдымен оқушыларды білім алуға қызықтыруға, яғни олардың білімге деген ынтасын арттыруға айрықша көңіл бөлінеді.
Бағдарламаға сай қазақ тілі материалдары оқушыларға қалай үйретіледі? Белгілі бір пәнді үйрету барысында оқушылардың әрекетін ұйымдастыруды оқытудың әдісі дейміз. Оқыту әдістерінің қайсысы болмасын, оқушы мен мұғалімнің ара-қатынасын білдіреді. Бұл олардың бірлесіп әрекет ету тәсілдері болып табылады.
Метод – грекше зерттеу жолы деген сөз. Басқаша айтқанда оқушының ақыл-ойының және практикалық қызметінің тәсілі деген мағынаны білдіреді.
Оқу әдісі – оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру, қабілетін дамыту, оларға білім, білік және дағдыны меңгерту жолындағы мұғалім мен оқушылардың бірліктегі атқаратын жұмыстарының тәсілі.
Мұғалімнің оқыту әдісі деп оқу процесінде оқушылардың ақыл-ой процесіне басшылық ету және білім беру тәсілдері айтылады. Оқушылардың үйрену әдісі дегеніміз – олардың білім, білік, дағдыларды меңгеру тәсілдері. Оқу процесін жүргізу жұмысында басшылық рөлді мұғалім атқарады. Сол себепті мұғалімнен білімділік және әдіс-тәсілдерге төселген шеберлік талап етіледі. Ал, оқушылыр болса оқу еңбегіне саналы әрі белсенді түрде қатысу дағдысына жаттығып, оған әбден машықтанған болуы қажет. Осындай екі жақты белсенді әрекеттің нәтижесінде ғана оқыту процесі көздеген педагогикалық мақсаттарға жете алады.
Оқытудың тиімді методикасының дидактикалық шарттарының бірі оқыту әдістерін дұрыс таңдап ала білу. Бұл ыңғайда мұғалім информациялық және ұйымдастыру әдіс-тәсілдерін пайдаланады. Бірінші әдіс бойынша мұғалім бағдарламалық жаңа материалдарды баяндап түсіндіреді. Екінші әдіс арқылы оқушылардың білімді өздігінен меңгеруіне жағдай жасайды. Сөйтіп оқыту мен оқу методтары өзара үйлесімді байланысқа түседі. Яғни информация методы оқушылардың түсінуі мен білім меңгеруіне жағдай жасайды да ұйымдастыру әдісі оқушылардың білімді меңгеру үстінде ізденіске талпынуын тудырады.
Егер оқушы өздеріне ұсынылған белгілі бір әдіс пен таным қызметінің тәсілдерін пайдалану материалды мұғалімнің баяндап түсіндірген күйінде ғана оқып үйренсе, ол еске түсіру қызметі болады.
Ал, материалды мұғалім түсіндіргендегіден әлдеқайда кең, терең оқып үйреніп, тиісті тіл заңдылықтарының тақырып аясындағы « жаңалықтарын » меңгерсе, мәселені шешу жолында жаңа әдістер қолданса, онда бұл шығармашылық таным қызметінің көрінісі болады. Еске түсіру мен шығармашылық жұмыс өзара байланысты болғандықтан, оқыту процесінде бұл әдістердің бірін қолданғанда, екіншісінің де элементтері бой көрсетіп отырады.
Оқу материалының мазмұны мен оқыту әдісінің арасында өзекті байланыс болуы – оқыту ісі тиімділігінің бір шарты. Мұғалім материалды мазмұнына, сипатына қарай оны меңгертудің ең қолайлы деген әдістерін таңдайды.
Оқыту әдіс-тәсілдерін таңдағанда мұғалім оқушылардың жеке және типтік ерекшеліктерін, қазақ тілі материалын меңгертуге деген дайындық деңгейін, әрбір оқушының психологиялық ерекшелігін ескереді.
Мектепте оқыту жұмысының алдына қойылатын түпкі мақсат – оқушыларға саналы білім, берік практикалық дағды беру және оларға білімді өздігінен меңгеру жолын, сол білімді практикада кәдеге асыра алатындай іскерлікті дарыту. Бұл игі мақсат оқу-тәсілдерін, білімді меңгеру процесінде оқушының өздігінен жұмыс жасауына себебін тигізетін әдістерді қолдану жолымен жүзеге асады. Осыған байланысты бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту ісінде өзін практикада ақтаған әдіс-тәсілдерді анықтау мақсатында «Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістері» деген тақырып таңдап алдық.
Диплом жұмысының міндеті:
Озат мұғалімдердің іс-тәжірибелеріне, ғалым-әдіскерлердің еңбектеріне және жүргізілген эксперимент жұмыстарының нәтижесіне сүйене отырып, мұғалімнің қазақ тілі сабақтары барысында бірнеше әдістерді пайдалана отырып, оқу жүйесін тиімді де тартымды ұйымдастырудың тиімді әдіс-тәсілдерін ұсыну;
– бастауыш сынып оқушыларының таным процестерін дамытудың жолдарын ұсыну (атап айтқанда, қиялын, ойларын және қабылдауын);
– оқу процесін ұйымдастыру әдістері;
– оқушыларын үйренетін білім көздерінің әдістері;
– нақтылы оқу міндеттерін белгілейтін әдістерді атқаратын қызметіне қарай топтастыру.
Қазақ тілін оқыту методикасының ғылыми-зерттеу әдістері
Мектепте оқылатын барлық пәндер сияқты қазақ тілін оқыту методикасының да ғылыми-зерттеу әдісі бар. Қазақ тілін оқыту методикасының алға қойған мақсаты – өзінің зерттейтін объектісін жан-жақты танып білу, заңдылықтарын ашып айқындау. Демек, ғылыми-зерттеу әдісі дегеніміз белгісізді тану, айқындау.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының қай түрінде болмасын зерттелетін объектіні танып білу мынадай үш түрлі әрекет бойынша іске асырылады, бірінші – қажетті материалдар, фактілер жинау, екінші – жинақталған фпкті немесе метериалдарды талдау, салыстыру, үшінші – сол фактілер негізінде теориялық тұжырымдар, қорытындылар жасау. Құбылысты, объектіні ғылыми танып білу процесінде іске асырылатын бұл әрекеттер қазақ тілін оқыту методикасында да негізгі кезеңдер болып саналады.
Қазақ тілін оқыту методикасының ғылыми-зерттеу әдістерінің де белгілі бір жүйесі бар. Яғни, ол қазіргі тіл ғылымы жаңалықтарын, педагогика, психология пәндерінің өзара байланысын ескеріп отырады.
Қазақ тілін оқыту методикасының ғылым ретіндегі дамуының басты шарты – методикалық зерттеулерді әрі қарай дамыту, жетілдіру, эксперименттік тәжірибелер жасау, мектеп тәжірибесін зерттеу, оған жаңа фактілерді қосу, методика ғылымындағы жаңалықтар, жетістіктер, орыс тілін оқыту методикасындағы тәжірибелерді пайдалану, психологиялық әдістерге де көңіл бөлу. Сондай-ақ мектептегі оқыту жүйесі деңгейін зерттей отырып, бақылау жасаумен бірге, методика ғылымының жаңалықтарын үнемі ескеріп, мұғалімнің жан-жақты методикалық ізденістерін дамыта отырып, шығармашылықпен сабақ беруіне көмектесу жолдарын қрастыру негізгі мәселелердің бірі болып саналады.
Сонымен, қазақ тілін оқыту методикасының ғылыми-зерттеу әдістері мыналар: методикалық әдебиеттерді талдау, зерттеу, алдыңғы қатарлы озат мұғалімдердің іс-тәжірибелерін зерттеу, сабақ процесін көру, бақылау анкетасымен жұмыс жүргізу, жеке әңгімелесу әдісі, эксперимент әдісі.
Мұғалімнің педагогика, психология ғылымдары жаңалықтарын біліп отыруы аса қажет, онсыз оқу процесін сапалы ұйымдастыру мүмкін емес.
Енді сол ғылыми-зерттеу әдістеріне жеке-жеке тоқталайық.
Методикалық әдебиеттерді талдау және зерттеу әдісі – мұғалімдердің күнделікті жұмыстарымен тығыз байланысты негізгі мәселелердің бірі. Мұғалімнің қазіргі методикадағы болып жатқан өзгерістерді, жаңалықтарды психология, педагогика ғылымдарындағы жаңа ізденістер мен методиканың өткендегі мұраларын салыстырып пайдалануы қажет, онсыз оқу-тәрбие ісін ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.
Қазақ тілін оқыту методикасы жүйелі зерттелінбеген десек те, бұл мәселе 1940 жылдардан бастап қолға алынғанын айту жөн. Қазақ тілін оқыту методикасының негізгі мәселелері әр кезеңде зерттелінді. Мысалы, жеке мақалалар жазылып, методиканың кейбір салалары, атап айтқанда, фонетиканы оқыту, морфологияны оқыту, тіл дамыту жұмыстары, факультативтік сабақтарды оқыту, техникалық құралдарды пайдалану, сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру, орфографияны оқыту, пунктуация мәселелері жөнінде ғылыми әрі практикалық жағынан талай еңбектер жарық көрді.
Алдыңғы қатарлы озат тәжірибені зерттеу әдісі – бұл әдіс те методиканы толықтырудың бір түрі. Өйткені тәжірибелі бір мұғалімнің немесе бірнеше мұғалімнің шығармашылығына талдау жасауға болады. Атап айтқанда, тәжірибелі мұғалімнің жұмыс жоспарын, сабақ жоспарын, дидактикалық немесе методикалық нұсқауларды, кесте, сабақ көрнекіліктерін пайдаланудағы іс-тәжірибелерімен танысу, олармен тәжірибе алмасу аса қажет. Сондай-ақ алдыңғы қатарлы озат тәжірибені зерттеу, оны жалпы мектеп практикасына ендіру, ұсыну ғылыми-зерттеу жұмысында дұрыс тұжырымдар, қорытындылар жасауға, жаңа пікірлер ұсынуға мүмкіншілік жасайды.
Оқу процесін бақылау әдісі – бұл да методикада шешуші роль атқарады. Бұл метод арқылы мұғалімнің бүкіл сабақ жүйесінде қолданатын әдіс-тәсілдерінің дұрыс-бұрыстығы, оқушыларға ұсынылған жаттығулар мен грамматикалық тақырыптарға байланысты берілген мысалдардың оқушының жас ерекшелігіне лайықтылығы, дұрыстығы, егер дұрыс болмаса, оны қалай түзеу қажеттігін білуге пайдасы бар.
Сабақ процесін жүйелі, белгілі мақсатпен бақылау, байқау белгілі бір грамматикалық проблеманы дұрыс, жан-жақты, ғылыми талдау жасауға көмектеседі.Мысалы, зат есімді оқытумен байланысты қандай жұмыстар істелінді, нендей ғылыми тұжырым жасалынды деген мәселені жан-жақты қарастыруға мүмкіншілік болады.
Әңгімелесу әдісі арқылы мұғалім оқушының білімін бақылай отырып, жеке оқушымен де, топ оқушымен де әңгімелесу арқылы да сабаққа қорытынды жасай алады.
Орта мектепте бұл әдістің тиімділігі оқушының қазақ тілінен алған білімі мен іскерлік дағдыларын тексеріп, қандай қателер жібергенін анықтап, онымен жұмыс істеудің жолдарын белгілейді.
Анкета бойынша сұрап-білу әдісі. Бұл әдіс бойынша бүкіл сынып немесе бірнеше сынып оқушыларының білім сапасын тексеруге болады. Ғылыми-зерттеу жұмысында анкета әдісі арқылы методикада ұсынылған кейбір әдіс-тәсілдердің тиімді деген жақтарының дұрыс-бұрыстығын тексеруге мүмкіншіліктер болады.
Эксперимент әдісі – бұл әдіс методикада мектеп тәжірибесіне байқау жасап, белгілі бір ұсынылған әдістің тиімділігіне әбден көз жеткізу мақсатында, соны тексеру үшін пайдалы.
Қазақ тілі сабақтарында эксперимент жұмысы сабақта қолданылған әдістердің тиімділігін байқау үшін қолданылады. Мұндай мақсатта эксперимент қатар сыныптарда жүргізіледі. Эксперимент және бақылау (тексеру) жасау сыныптарындағы нәтижелер салыстырылады, оның пайдалылығы жөнінде ұсыныстар жасалынады. Ол әдістің тиімділігі дәлелденеді.
Оқыту процесін тексеру үш түрлі жолмен іске асырылады:
а) Оқыту, бақылау (констатирующий) тексеру мәніндегі эксперимент бойынша оқытудың жалпы жайы, оқушылардың білімі, қабілеті, дағдысы алдын ала тексеріледі. Осындай мақсатта ауызша және жазбаша жаттығу жұмыстарының текстері, түрлі материалдар дайындалады.
ә) Оқыту мәніндегі эксперимент – эксперимент жүргізіліп жатқан сыныпта зерттеушінің ұсынып отырған мәселесінің тиімділігі, артықшылығы тексеріледі.
Мұнда ұзақ уақыт мұғалім мен зерттеуші оқу процесіндегі оқушылардың бүкіл ісіне бақылау жасайды.
б) Бақылау (тексеру) эксперименті арқылы зерттеушінің жұмысының ең соңғы рет дұрыс-бұрыстығы тексеріледі. Ол әрі эксперименттік, әрі тексеру эксперименті жүргізілген сыныпта өтіледі. Өйткені ұсынылып отырған мәселенің артықшылығы, тиімділігі, кемшілігі салыстырылады. Тиімді, өте пайдалы деп саналынған оқыту әдіс-тәсілдері кәсіпшілікке ұсынылады. Немесе белгілі бір мектеп тәжірибесіне ендіріледі. Сондықтан методиканың дамуына байланысты оның зерттеу әдістері де жетілдіріліп, дамып отырады. Қазір ғылым мен техниканың соңғы табыстарына байланысты ең таңдаулы деген сабақ үлгілері, немесе озат мұғалімнің іс-тәжірибесі телесабақ түрінде ұйымдастырылып, болмаса магнит ленталарына жазылып, кең зерттеу жасауға мүмкіншіліктер жасалып отыр.
Әрине, қазақ тілін оқыту методикасының ғылыми-зерттеу әдістері жеке-дара күйлерінде пайдаланылмайды. Олар бір-бірімен байланысты , қатарласа жүргізіледі, демек бір-бірімен қарым-қатынаста ғана іске асырылады.
Оқыту әдістерін топтастыру
Оқыту әдістері қолданылу мақсаттарына қарай әрі олардың атқаратын қызметтері тұрғысынан бір-біріне принциптік ұқсастығы бойынша төмендегі үш түрге топтастырылады.
1. Оқу процесін ұйымдастыру әдістері.
2. Оқушылар үйренетін білім көздерінің әдістері.
3. Нақтылы оқу міндеттерін белгілейтін әдістер.
Оқу процесін ұйымдастыру әдістері. Бұл топқа мына әдіс енеді:
1) Мұғалімнің оқу материалын өзара байланысты түрде баяндау әдісі;
2) Мұғалімнің оқушылармен жүргізетін әңгіме әдісі;
3) Мұғалімнің басшылығымен жүргізілетін оқушылардың өзіндік жұмыс әдісі.
Осы әдістерді қолдана отырып сабақ материалы бойынша жұмыс жүргізгенде, мұғалім мен оқушылар арасындағы педагогикалық қарым-қатынас әрі кері байланыс амалдары ұштастырылады, сонымен бірге ұстаз бен шәкірттер арасындағы жұмыстардың бірлігі айқын көрініс береді. Аталған әдістердің маңыздылығы тап осында.
Оқу жұмысын ұйымдастыру методтары тобындағы әдістер қазіргі мектеп тәжірибесінде кең тараған. Сондықтан қай пәннің мұғалімі болсын және қай сыныпта сабақ жүргізсін, ол осы әдістерді қолданады. Мұғалім оқу процесінде оқушылардың жасына әрі даярлық дәрежесіне, сондай-ақ тақырып бойынша сыныппен жасалатын жұмыстың кезеңдеріне, сабақтың нақтылы міндеттеріне қарай бұл әдістердің ең тиімді дегендерін пайдаланып отырады.
Баяндау әдісімен сабақ түсіндіргенде мұғалім жоғары немесе орта буын сыныптарда оқушылардың таным қабілетінің даму деңгейінде оқу материалының мазмұнын белгілі шамада кеңейте баяндауы мүмкін. Мұны бастауыш сыныптарда істеуге болмайды, бұл олардың психологиялық ерекшеліктеріне байланысты.
Әңгіме әдісі – бастауыш сыныптарда қолданылатын әдістердің ең негізгі түрі. Бұл әдіспен сабақ жүргізгенде, мұғалімнің сұрағы мен оқушылар жауабы түрінде диалог пайда болады. Осы кезде оқу материалының мазмұны ашылады, оқушының түсіну дәрежесі айқындалады. Оның үстіне оқушыларды сабақта еркін сөйлеу процесіне қатыстыру арқылы тіл байлығын жетілдіру мақсаты жүзеге асырылады. Әңгіме әдісін қолданғанда мұғалім сұрақ қоюға ерекше көңіл бөледі. Сұрақ қысқа да түсінікті, қызғылықты және методикалық жағынан дұрыс құрылған болуы керек. Өйткені жете ойластырылмаған сұрақ балаларға қиындық келтіреді.
Сондықтан сұрақ қоюға аса жауапкершілікпен қараған жөн. Әңгіменің тартылымдылығын арттыру жағы да ойластырылады.
Қазіргі кезде оқушылардың өздігінен орындайтын практикалық жұмыстарын ұйымдастыруға елеулі мән беріледі. Оқушылар өзіндік жұмысты орындау барысында жеткілікті дағды алуға тиіс. Әр оқушы өзінің қандай тапсырманы орындайтынын, нені тындыратынын және қандай тәсілдерді қолданатынын білгені дұрыс. Сонда ғана оқушының еңбегі нәтижелі болады. Оқушылардың өздігінен орындаған сынып жұмысы сол бойда-ақ тексеріліп, жіберілген қателер ұқыпты түрде түзетіледі әрі себептері түсіндіріледі. Оқушының өз бетімен орындаған жұмысының сапалы болуына мұғалімнің көмегі және оқушылардың өзін-өзі тексеру әрекеті елеулі ықпалын тигізеді.
Ескеретін бір методикалық мәселе – жоғарыдағы әдістердің біреуі сабақ процесінде басым роль атқаруы мүмкін. Солай екен деп әдіске ерекше артықшылық беріп, сабақтың басым, көп уақытын сол әдіс арқылы ұйымдастыру сабақ сапасына нұқсан келтіреді…
2 БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ОҚУ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫС
2.1 Оқу ынтымақтастығы негізінде бастауыш сынып оқушыларына қазақ тілін оқытуды ұйымдастыру
Дидактикалық ойындар мен дидактикалық тапсырмалар арқылы пәннің мазмұндылығын арттыруға, оқушыға жаңа білім беруге, алған білімін жүйелеуге, пысықтауға, қорытындылауға болады. Ауызша сұрақ – жауаптан айырмашылығы – дидактикалық карточкалар арқылы бір мезгілде бірнеше оқушы қамтылып, сынып оқушыларының зерігуіне жол берілмейді. Тарау немесе бөлім бойынша құрастырылған дидактикалық тапсырмалар бірнеше тақырыпты, бірнеше ұғымды бір – бірімен байланыстырып, оқушының тарау бойынша алған білімін жүйелеп, қорытындылауына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, дидактикалық карточкаларда тапсырмалар көбіне көрнекті кескінделеді ,сызбасы беріледі немесе түрлі түспен жазылады, т.б.
Бұл білімді қабылдауға, жүйелеуге есіту анализаторымен бірге көру анализаторы да қатысады, бұл – оқушының ойлау үрдісін, есте сақтау үрдісін арттыра түседі. Оқушылардың қазақ тілі , әдебиеттік оқу пәніне деген қызығушылығын оятуда шығармашылық тапсырмалар, дидактикалық тапсырмалар мен ойындар, танымдық жаттығулардың алатын орны ерекше екені белгілі. Себебі бұндай тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың дербес ойлануына, тұжырым жасауына мүмкіндік беретін өз білімін тексеру және өзара жарысу элементтері бар. Оқушылардың шығармашылық ойларын дамытып әр түрлі сөзжұмбақтар шешу, дидактикалық тапсырмалар орындау барысында оқушылар өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады.
Сондай-ақ мұндай дидактикалық материалдарды кез келген технологияда жұмыс істейтін мұғалім пайдалана алады.Сонымен оқушылардың теориялық білімдерін тереңдетуде, тілін ширатуда , сөздік қорын молайтуда,жаңа сөздердің сырын ұғуға икемдеуде осы дидактикалық материалдардың маңызы зор. Балаларға мұндай жұмыс түрлері өте ұнайды, олар өздері де сөзжұмбақтар құрастыруға үйренеді .Бастауыш сыныптарда дидактикалық ойындар мен тапсырмаларына мысал келтірсем «Кім көп әріп таниды?», «Сөз ойла, тез ойла», «Сөздік», «Кім суретші?», Артығын тап», «Сөзжұмбақ», «Мақалды тауып оқы»,«Үндемес», «Жоғалған әріпті тап» «Кім тез табады?», «Орнын тап», «Кім көп сөз тауып жазады?», «Қайсысы дұрыс?» т. б. қазақ тіл сабақтарында тіл дамыту жұмысында орындалады.
Мектептегі оқыту процесі сауат ашудан басталатыны белгілі.Сондықтан оның балаға ана тілін оқытып үйретуде алатын орны да ерекше. Сауат ашу жұмысының негізгі міндеті – балаға хат таныту, яғни оған оқу мен жазуды үйрету.Сонымен қатар , сауат ашу барысында оқушылардың тілі мен ой –өрісін жетілдіруге де баса назар аударылады.Соның нәтижесінде жас ұрпаққа тиісінше жалпы білім негіздерін меңгертіп, адамгершілік, патриоттық тәрбие беруге негіз қаланады. Демек, сауат ашу білім мен тәрбие алудың кілті іспеттес. Сауат ашудың негізгі мақсаты – алты жастағы балаларды сауаттандыру мәселесі. Өйткені мектеп есігін алғаш ашқан баланы оқытудың өзіндік қиындықтары бар. Ол қиындықтар балалардың физиологиялық – психологиялық өзгешеліктеріне байланысты .Себебі сауат ашу жұмысы оқушылардың оқуға, ой еңбегіне қажет белгілі бір қабілет бейімділікті талап етеді. Оқушының орфографиялық нормаға сай дұрыс жазуы – бастауыш сынып мұғалімінің маңдай терінің жемісі.
Дидактикалық ойындар үш топқа бөлінеді:
Заттық дидактикалық ойындар – дидактикалық ойыншықтармен және түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.
Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар – «Лото», «Домино» және тағы басқа.
Сөздік дидактикалық ойындар.
Дидактикалық ойын балалардың қоршаған орта туралы түсінігін кеңейтеді, баланы ойнай білуге баулып, ақыл – ой қызметін қалыптастырады,әрі адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады. Дидактикалық ойынның ережелері балалардан ұстамдылықты, тәртіптілікті қажет етеді. Сонымен қатар дидактикалық ойлау қабілеттерін, ізденімпаздығын арттырады, сөздік қорларын молайтуға көмектеседі. Балалардың сабаққа қызығушылықтарын арттырады, белсенділік танытып, бағдарламалық материалдарды меңгеруіне ықпал етеді.
Дидактикалық ойындардың тиімділігі – сабақтың әр кезіндегі орны мен міндетін, мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын тәрбиешінің жетік меңгеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті материалдарды алдын –ала дайындап алуға, балаларды белсенді қатыстыруға байланысты. Ойындарды өткен сабақты қайталау, естеріне түсіру кезінде қолданған пайдалы.
Ойын түрлерін сабақ мазмұнына қарай белгілі бір мақсатта таңдап алу керек. Мазмұнды ойындарды қайталау бермеу керек,ол үшін өтілетін сабақтың тақырыбына сәйкес келетін ойын түрлерін күні бұрын реттеп оны жүргізудің тиімдң тәсілдерін ойластыру керек. Барлық сабақтарда дидактикалық ойындар қолданылады, оны сабақтың ортасында қолданған ыңғайлы. Мысалы сауат ашу сабағында идактикалық ойындар балаларды тәрбиешінің айтқанын дұрыс ұғып, оны тыңдай білуге, дыбыстарды ажыратып, ойда сақтап, сөз құрастыруға, олардың ой-өрісін дамытуға үйретеді.
Баланың тілін дамытуда ауызекі сөйлеу, тілдің дыбысталу мәдениетіне тәрбиелеуде, байланыстырып сөйлеу, сөздік қорын дамыту үшін сабақта және сабақтан тыс уақытта ойналатын дидактикалық ойындардың маңызы зор. Ойын шарттары мен көрнекіліктерін пайдалану арқылы баланың жеке басын, ойынт әрекетін дамытуға болады. Дидактикалық ойындар баланың ақыл-ойын дамытуға, ойлауын, қабылдауын, есте сақтауын, зейінін, салыстыру, жіктеуге, өзін-өзі бақылауға үйретеді. Дидактикалық ойындарды іріктеуде баланың ойынды саналы түсініп, оның шартын дұрыс орындауға тырысып, белгілі бір нәтижеге жету мақсаты көзделеді. Ойин мақсатына сай ойын шартын орындап, ондағы сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беруге дағдыланады. Ойын шартын, ережесін қатаң сақтау арқылы онда жолдастарын тыңдай білу, олардың қатесін түзетуге көмектесуге, ойын шартын түсіндіріп ойынды жалғастыруға, жаңа ойын ережесін ойлап табуға, оны басқаларға түсіндіре білуге, ойынды ұйымдастыруға жаттықтырылады.
Дидактикалық ойындарды тіл дамыту сабақтарында пайдаланудың тиімділігін тәжірибе көрсетіп отыр. Сабақты бекіту, сабақта меңгерген материал туралы түсінігін кеңейту, баланың шығармашылығын дамыту, тіл байлығын молайту үшін ол ойындар сабақтың тақырыбына,мақсатына сай таңдалып отырады. Ұсынылып отырған дидактикалық ойындардағы тапсырмалар: сөйлеудің екі түрі - монологтық және диалогтық сөйлеуге арналған.
Мысалы: «Телефон» ойынында диалогтық сөйлеудегі әңгіменің мақсаты –бір нәрсе жайында сұралып, баланы оған жауап беруге, белгілі бір әрекетке түрткі болуға үйрету болып табылады.
Антоним сөздермен таныстырғанда жануарларды зообаққа әкеліп, оларды жеке орындарға орналастыру тапсырмасы беріледі. Бала жануарлардың денесіне қарап, « үлкен, кіші» деп бөліп, оларды соған сәйкес үлкен торға немесе кіші торға орналастырады. Антоним сөздерді салыстыру жолымен жұмыс жүргізу баланың ой-өрісін кеңейту үшін өте пайдалы. Сондықтан антоним сөздерді осы сияқты дидактикалық ойындарды ұйымдастыру арқылы меңгертуге болады.
Жалпы және жеке ұғым туралы түсініктерін тереңдету үшін «Жалпы қалай аталады?» «Жалпы атауын бер», «Жеке-жеке атын ата» сияқты дидактикалық ойындар ұйымдастырылады. Мысалы: кесе, қасық, тарелка, шанышқы - «ыдыс-аяқтар», алма, алмұрт, шие – жемістер, қияр, картоп, сәбіз, қызылша - көкөністер.т.б.
Баланың шығармашылығын дамытуға имитациялық ойындар «Біздің көңіл күйіміз?», «Қоянның көңіл-күйі» т.б. ым, мимиканы әртүрлі эмоцияны білдіретін сөздерді және оларды салып, көрсетуге үйрету. Ыммен, мимикамен көңіл-күйді салып, оны сәйкес сөздермен айту. Мысалы: Қоян қорқып тұр. Қоян адасып кетті. Оны орманда тиіндер тауып алды. Барлығы қуанды. Оны дауыс ырғағымен, қуану, ренжу, жылау т.б. салуға, сол арқылы адамның көңіл-күйін түсінуге аяушылық сезімге, қамқоршы болуға тәрбиеленеді.
Ұсынылып отырған дидактикалық ойындардың мақсатына сәйкес шарты нақты көрсетіледі. Бұл ойындарды сабақта және сабақтан тыс уақытта пайдалану арқылы баланың тілін дамытумен қатар ойынды өз шығармашылығымен жалғастыруға, ойын шартын дұрыс орындауға, белгілі бір нәтижеге жетуге, ұжымдық мақсатқа бағынуға, үлкендер мен балалар арасында ынтымақтастық қарым-қатынас орнатуға болады.
Сабақтың қызықты, тартымды өтуі үшін дидактикалық ойындарды дұрыс ұйымдастыру керек. Ойынға керекті құралдар әр балаға жеткілікті болу керек,сонда ғана балаларға түсінікті болады. Дидактикалық ойындардың құралдары ұзақ уақыт сақталуы үшін эстетикалық, гигиеналық талаптарға сай , әдемі қораптарда, қалталарда тұру керек.
Тіл дамыту сабақтарында қолданылатын дидактикалық ойындар.
Ойынның тақырыбы: «Қажет суретті тап».
Ойынның мақсаты: Логикалық ойлауға үйрету, күн режиміне қажет іс-әрекетті есіне түсіру. Қай кезде не істелетіні жөнінде сөйлем құрап айтуға үйрету. Түрлі жаттығу жұмыстарын өздігінен орындауға жаттықтыру.
Ойынға қажет заттар: Үлкен және кішкене суреттер немесе қуыршаққа арналған ыдыстар, пластелиннен, балшықтан жасалған тоқаш, конфет, нан, бауырсақ, ет, колбаса, т.б.
Ойын ережесі:Егер ойын суреттермен жүргізілсе тәрбиеші-мұғалім үлкен суреті балалардың бәрі көрсетіндей орынға іледі. Мысалы: үлкен тарелка немесе орамал ұстаған қыздың суреті. Балалар қораптағы суреттердің ішінен тақтаға ілінген сурет мазмұнына сәйкес заттардың суретін алып столға қояды. Не істегені туралы айтады.
Ойынның соңында балалпр ойынға қатысты заттардың суретін салады ( өз қалаулары бойынша нан, құант тоқаш т.б.)
Ойын. Кімде мына түстес зат бар? (Тәрбиеші- мұғалім жасыл түсті затты көрсетеді.) Кім табады? Деп сұрақ қояды.
Балалар жасыл түсті заттарды аиайды. Мысалы: шөп, жапырақ, қияр т.б.
Ойынның тақырыбы: «Формасы ұқсас заттарды тап».
Ойынның мақсаты: Түрлі заттарды формасына қарай ажырата білуге үйрету. Сөзбен атап айтуға жаттықтыру, сабақта алған білім-дағдыларын тиянақтау.
Ойын жабдығы: Формасы әр түрлі заттар:доп, машинаның дөңгелегі, қияр, кітап, геометриялық фигуралар-үшбұрыш, төртбұрыш, квадрат, машина (осы машинадан әр түрлі формаларды тапқызу).
Мұғалім қағазға түрлі форманы бейнелейтін карточкалар дайындайды.
Ойын ережесі. Тәрбиеші-мұғалім сабаққа дайындалған заттарды және карточкаларды әкеледі. Заттарды не сол заттардың суреттерін балаларға үлестіріп береді. Мысалы, Кімде домалақ зат бар?- деп сұрайды. Балалар аталған форманы өз суреттерінен не ойыншықтарынан тауып, стөл үстідегі карточкадағы ұқсас сызыққа қояды да сөзбен айтады. ( бұл – алма, формасы домалақ, түсі қызыл сары, дәмі тәтті, ағашта өседі, күзде піседі т.б,) Жеміс-жидек, көкөніс туралы тақпақ не жұмбақ айтылады.
Әдебиеттік оқу сабағында қолданылатын шығармашылық тапсырмалар
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін арттыруда түрлі әдіс – тәсілдерді өз сабағымызда қолдануға болады:
Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау.
Ақын, жазушылардың дайын мәтіндерін басқаша аяқтау.
Белгілі мақал негізінде әңгіме жазғызу.
Мәтін бойынша мақал құрастыру.
Табиғат құбылыстарына, заттарға және жеке суреттерге қарап жұмбақ құрастыру.
Әңгімелерді салыстыру, бөліктерге бөлу.
Шығарма, мәтін, ертегі құрастыру. ( тақырып бойынша, жоспар бойынша, тірек сөздер арқылы)
Өлең, мақалдар құрастыру.
Шығармадағы әңгімелерге ұқсас оқиғалар айтқызу.
Кейіпкерге мінездеме беру.
Шығарма бойынша сурет салғызу, ауызша суреттеу, қиялдау арқылы суреттеу, мүсіндеу.
Рөльге бөліп оқыту.
Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешкізу (анаграмма, сөзжұмбақ, ребус)
Диалог – ертегі.
Образға кіру.
Осы сияқты жұмыс түрлерін жүргіземін. ? Енді осы шығармашылық тапсырмалардың кейбіреуіне тоқтала кетейін. Олар: образға кіру, талдау және қиялдау, суырып салма ақын, диалог ертегі, жұмбақ – мақалдар құрастыру.
1 тапсырма «Образға кіру»
Жансыз заттардың, өсімдіктердің, жануарлардың орындарында өздері қандай күй кешетіні, қандай қызмет атқаратынын сезіну. Мен – Гүлмін.
(Қасықпын, Шыршамын, Бағдаршаммын, Доппын) деген әр түрлі тақырыптарға әңгіме жаздырамын. 1 оқушының әңгімесі: Мен – Гүлмін.
Мен жерде өсемін. Маған ауа, су, жылу, жарық, қорек қажет. Мен адамдарға қуаныш сыйлаймын. Адамдар мені аналарына, мұғалімдеріне бақыт, қуаныш әкелсін деп сыйлайды. Мені адамдар төрге қояды. Мен ешкімге жамандық істемеймін.
Осы арқылы оқушылардың ой – өрістерін кеңейтіп, тілдерін дамытамын.
2 тапсырма «Талдау және қиялдау»
Бастауыш сынып оқушыларының ой – санасын, қабілетін, шығармашылық дамытуда шығарманы, көркем әдебиет үлгілерін талдаудың әсері мол. 3 сыныптың «Қамқорлық» әңгімесінде балалармен талданып, сұрақ – жауап алынды.
Әңгіме кім жайында ? (қайырымды, мейірімді бала жайында)
Екі бала жайында не айтасыңдар?
Эйлер-Венн диаграммасы арқылы ұқсастықтары, айырмашылықтары, ортақ қасиеттері айтылады.
Жантас
Мейірімсіз, қатыгез, жаман,
Әдепсіз, ешкімді аямайды,
Балапанды азаптады.
Қожа
Қайырымды, мейірімді, қамқорлы,
Жақсы, әдепті, жаны ашитын
Осы әңгімедегі балапан торғайдың халін бір ғана сөзбен қалай суреттеуге болады?
Торғай
аянышты әлсіреген жарақаттанған жалынышты Осыны оқи отыра қандай көңіл – күйді бастан кешірдіңдер ? ( Жантасқа ызаландық, ренжідік т. б)
- Балапанды аядық, көмектескіміз келді
- Қожаның ісіне қуандық.
- Енді осы кейіпкерлердің қайсысымен кездескілерің келеді ?
- Кездескенде не деп айтар едіңдер?
- Мәтінді басқаша қалай аяқтар едіңдер?
- Осы бойынша қандай мақал – мәтелдер айтар едіңдер ?
- Қандай сурет салар едіңдер?
- Қалай мүсіндер едіңдер?
Осы арқылы оқушылардың шығармашылық әрекетінің құмарту, қиялдау, идеяның жарқ етуі, шабыт сияқты кезеңдерін бастан кешетіндей жағдайға әкелуге болады.
Қорытынды: өзімнің тәжірибемді қорыта келгенде мынадай түйін:
Осы шығармашылық тапсырмаларды пәндерге бейімдеп қолданудан, оқушылардың пәнге қызығушылығы артты.
Оқушылардың логикалық ойлауы, шығармашылық іс – әрекетке қабілеті артты.
Әр мұғалім болашақ үшін қызмет істейді. Ол әр оқушыны жеке тұлға ретінде көріп, оның өміріндегі өз орнын табуына көмегі тиері сөзсіз.
Ол үшін жалықпай жаңа инновациялық технологияларды өз жұмысымызда пайдалнып, сонымен қатар оқушыларды мадақтап, ынталандырып отырған орынды. Баланың қиялын дамыта отырып, ойын дамытамыз. Ойы дамыған шәкіртіміздің танымдық қызығушылығы арта отырып, шығармашылық әрекеті жоғары деңгейге көтеріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |