Тақырыбы:Бастауыш сыныптардың қазақ тілі сабақтарында оқу ынтымақтастығын ұйымдастыру
МАЗМҰНЫ
Кіріспе...........................................................................................................................
1 Бастауыш сыныптардың қазақ тілі сабақтарында оқу ынтымақтастығын ұйымдастырудың теориялық негіздері.........................................................................
1.1 Бастауыш сыныптардың қазақ тілі сабақтарында оқу ынтымақтастығын ұйымдастырудың психологиялық-педагогикалық мәселелері..................................
1.2 Бастауыш сыныптардың қазақ тілі сабақтарында оқу ынтымақтастығын ұйымдастыру...................................................................................................................
2 Бастауыш сыныптардың қазақ тілі сабақтарында оқу ынтымақтастығын ұйымдастыру тиімділігін эксперимент арқылы зерттеу.............................................
2.1 Бастауыш сыныптардың қазақ тілі сабақтарында оқу ынтымақтастығын ұйымдастыру әдістемесі................................................................................................
2.2 Бастауыш сыныптардың қазақ тілі сабақтарында оқу ынтымақтастығын ұйымдастырудың эксперимент арқылы зерттеу нәтижесі........................................
Қорытынды......................................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер............................................................................................
Глоссарий........................................................................................................................
Кіріспе
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен айқындалады» деп айтылған. Егемендік алған тәуелсіз Қазақстанның әлемдік өркениетке кірудегі бірден - бір дара жолы - білім. Орта мектеп - білім жүйесінің ең алғашқы тобы.
Бүгінгі күннің басты мәселенің бірі жаңа технологиялардың дамуы кезеңінде болашақ ұрпақтың тәрбиесі мен білім алуында ұстаздардың атқаратын рөлі ерекше. Егемен еліміздің болашағы, оның дүние жүзілік өркениеттегі өз орны, ең алдымен білім мен тәрбиенің бастауы – ұстаз қолында » - деген болатын [1].
Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында» Білім беру мазмұны - жеке адамның біліктілігі мен жан - жақты дамуын қалыптастыру үшін негіз болып табылатын білім берудің әрбір деңгейі бойынша білімдер тобы. Білім беру мазмұны білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары негізінде әзірленетін білім беретін оқу бағдарламаларымен айқындалады.
Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары баланың жеке басын қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу қызметіндегі оң себептер мен іскерлік шеберліктерін: негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кейіннен меңгеру үшін оқу, жазудың, есептеудің, тілдік қатынастың, шығармашылық тұрғысынан өзін - өзі көрсету, мінез - құлық мәдениеттің қарапайым дағдыларын дамытуға арналған [2].
Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз білімі жоғары елге айналуымыз қажет. Қазіргі кезде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы бәріне белгілі. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және заманауи өндірістерде жұмыс жасау жолдарын меңгеруге дайын болуы керек. Сондай - ақ болашақ ұрпақтың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да жақсы көңіл бөлу қажет. Артымыздан ерген балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы елімізге тигізер маңызы зор [3].
Білім беру «Қазақстан – 2030» ұзақ мерзімді Стратегиясының маңызды басымдықтарының бірі. Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы мақсаттарының бірден – бір жүйесі жаңа әлеуметтік - экономикалық ортаға бейімдеу болып табылады. Қазақстан Президенті республикамызды әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енгізу туралы міндетін қойған болатын. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде ең маңызды рөлдерді атқарады [4].
Ынтымақтастық – өзара іс-әрекет жасау философиясы, ал бірлескен жұмыс соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы болып табылады.
Ынтымақтастық оқыту мен білім берудің тәсілі. Ынтымақтастық оқудың негізгі белгісі оқушылар тобының берілген тапсырманы орындауда немесе қандай да бір мәселені шешуде бірлесіп жұмыс жасауы болып табылады.
Педагогика ғылымында ынтымақтастық ұғымы оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың формасы ретінде қарастырылады. Жаңашыл педагогтар ынтымақтастықты педагогикалық үрдістегі оқу мен тәрбиенің маңызды категориясы ретінде қарастырылады. Олар ынтымақтастық, гуманизм, сыйластық‚ түсіну, адамгершілік, сенім, шыдам, қолдау, қарым-қатынас, мұғалімнің қол ұшын беруі, ұжымда жұмыс жасау, серіктестік баланы оқыту және тәрбиелеу кезеңіндегі аса кажетті қасиеттер деп санайды. Оқушы мен мұғалім арасындағы ынтымақтастыққа тамаша нәтижелерге жеткізеді.
Оқу процесін өзгертуге талпыныс, оған оқу ынтымақтастығының принциптерін енгізе отырып, XVIII ғасырда өзара оқыту жүйесінің авторлары Э.Белл мен Дж. Ланкастер. Олардың жүйесі әртүрлі жастағы топтарда оқыту болды, онда үлкен оқушылар мұғалімнен тапсырмалар алды және кіші балалармен сабақ өткізді. Кейінірек ынтымақтастықта оқыту идеологиясын американдық мұғалімдердің үш тобы жасады: Р.Славин, Р. Джонсон және Д. Джонсон және Э. Арсон тобы. Егер студенттер қателіктер жіберсе, онда олар шағын топтарда қосымша тәжірибе алу керек, онда олар бір-біріне көмектесуді, әрқайсысының жетістіктері үшін жауап беруді үйренеді.
Педагогикадағы жаңа бағыт — ынтымақтастық идеялары қазіргі уақытта да одан әрі дамып келеді. Бүгінгі таңда мұғалімге оқу ынтымақтастығын ұйымдастырудың әртүрлі формаларын игеруге көмектесетін көптеген отандық психологиялық-педагогикалық әдебиеттер бар: Г.А. Цукерман "неліктен балалар бірге оқиды", "оқытудағы қарым-қатынас түрлері", В. К. Дьяченко "оқытудағы ынтымақтастық", А. ю. Уваров "оқытудағы ынтымақтастық: топтық жұмыс", Н.Б. Шумакова "кіші мектеп оқушыларының зерттеу дағдыларын дамыту" және т.б.
Зерттеудің өзектілігі бастауыш сыныптардың қазақ тілі сабақтарында оқу ынтымақтастығын ұйымдастыруды ғылыми–әдістемелік жағынан қарастырылды. Бұл бастауыш сыныптардың қазақ тілі сабақтарында оқу ынтымақтастығын ұйымдастырудың қажеттілігін білдіреді. Сондықтан зерттеу тақырыбы «Бастауыш сыныптардың қазақ тілі сабақтарында оқу ынтымақтастығын ұйымдастыру» негізінде құрылды.
Достарыңызбен бөлісу: |