Тақырыбы: Бастауыш сыныптардың қазақ тілі сабақтарында оқу ынтымақтастығын ұйымдастыру



бет2/7
Дата26.08.2022
өлшемі169,29 Kb.
#148262
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Кунсулу К диплом ж

Зерттеу жұмысының мақсаты: бастауыш сыныптардың қазақ тілі сабақтарында оқу ынтымақтастығын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін теориялық тұрғыда негіздеу, тәжірибе жүзінде сынақтан өткізу және жасалған әдістеменің тиімділігін дәлелдеу.
Зерттеудің міндеттері:
- бастауыш сыныптардың қазақ тілі сабақтарында оқу ынтымақтастығын ұйымдастыруың теориялық негіздерін айқындау;
- бастауыш сыныптардың қазақ тілі сабақтарында оқу ынтымақтастығын ұйымдастырудың психологиялық-педагогикалық мәселелерін анықтау;
- бастауыш сыныптардың қазақ тілі сабақтарында оқу ынтымақтастығын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін негіздеп, оның тиімділігін тексеру.
Зертеу нысаны: Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабақтарында оқу ынтымақтастығын ұйымдастыру үрдісі.
Зерттеу пәні: бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабақтарында оқу ынтымақтастығын ұйымдастыру.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, бастауыш сынып оқушыларының оқу ынтымақтастығын сабақтан тыс жұмыстарда дамыту жолдарын анықтасақ – балалардың ынтымақтастығын дамыту мәселесі жүйеленеді.
Зерттеу әдістері: әдебиеттерді талдау, ресми іс – құжаттарды талдау, модельдеу, абстракциялау, модельдеу, эксперимент арқылы сынау, математикалық статистика.
Зерттеудің жетекші идеясы: Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабақтарында оқу ынтымақтастығын ұйымдастыру арқылы баланың білімге деген ынтасын оятуға болады.
Зерттеудің әдіснамалық негіздері: зерттеуде бастауыш сыныптардың қазақ тілі сабақтарында оқу ынтымақтастығын ұйымдастыру жайлы ғылыми – әдістемелік, физиологиялық, педагогикалық, психологиялық, әдебиеттер оқу құралдары негізінде алынды.
Зерттеу әдістері: зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруда теориялық салыстырмалы, индуктивті – дедуктивті талдау, педагогикалық озық іс – тәжірибелерді жинақтау, тәжірибелік – әдістемелік жұмыстарды жүргізу, әдістері қолданылды.
Зерттеу көздері: зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық еңбектер, алдыңғы қатарлы педагогтардың іс- тәжірибесі, педагог ғалымдардың ғылыми еңбектері, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің бастауыш мектепте сабақтардың сапасын арттыру жолдарына қатысты және оқу – әдістемелік кешендер, бастауыш білім беру стандарты, бағдарламалар, оқу құралдары, оқулық, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы».


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет