1.2 Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабақтарында психологиялық-педагогикалық проблема ретінде оқу ынтымақтастығын қалыптастыру
Жаңа кезеңге бет бұру оңай емес. Ол үшін болашақ ұрпағын тəрбиелеу рухани жан-дүниесі бай, халқын сүйген, ата-баба жерін қадірлейтін ұрпақ болашақ тірегі бола алады.
XXI ғасыр білімділер ғасыры болмақ. Білімділерді ойлап тербетер, баптап өсірер тəрбие керек. Ұрпақ тəрбиесі – ел алдындағы маңызы зор міндет.
Еліміздің, қоғамның экономикалық, саяси, мəдени дамуына үлес қосатын, əлемдік инновацияға көтерілетін білімді де мəдениетті, парасатты, денсаулығы мықты азамат тəрбиелеп шығару – мектептің, ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы баға жетпес міндеті.
Адам ұрпағымен мың жасайды дегендей, ұрпақ тəрбиесі қай кезде де халықтық мəселе болған.
Тарихтан білетініміз: дарындылар, қабілеттілер аса жоғары бағаланған, сондықтан қазіргі мектеп мұғалімдері алдында тұрған аса маңызды міндет – талабы таудай жеке тұлғаны өсіріп шығару. Ал еш нəрсеге бейімділігі жоқ қабілеті жоқ адамның болмайтыны педагогикада дəлелденген.
Оқушы талантын тауып, дарынын дамытар жұмысты бастауыш сыныптан бастап жүргізу керектігі айдай анық.
Жеке тұлға қалыптастыруда əр оқушының қабілетін танып, біліп, дамытып, шыңдап, жол сілтеп адам дəрежесін көтеру керек жəне жаңашыл жұмысқа бет бұру керек, ол үшін ұлттық мəдениетті көтеру, ұлттық педагогиканы, халық мұрасын пайдалану арқылы намысты, имандылық пен ізгілікті, жат іс-əрекеттерге сын көзбен қарап, өз бағасын бере білетін, рухани байлықты қастерлейтін, өз ошағын, Отанын қорғай білетін азамат тəрбиелеу.
Сол үшін ұлттық мектебімізде жаңа білім беруде жаңаша əдістəсілмен жүргізуіміз керек. Бірақ мектептің түрін өзгерткеннен (гимназия, лицей, т.б.) ойлаған мақсатқа жете алмаймыз.
Ондағы оқыту мазмұны, білім беру технологиясы баланың талантына, дарынына, талап-тілегіне қарай ұлттық тəрбие, салт-дəстүр, бабалар тарихын негізге ала отырып, жеке тұлға қалыптастыруға бағытталу керек.
Қазіргі таңда педагогика теориясына елеулі өзгерістер еніп, білім беру мазмұны жақсарып, жаңа көзқарастар пайда болып, білім беру құрылымында қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар өмірге келуде.
Оқытудың қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды алдымен жете меңгерген, одан соң оны оқу мазмұнына балалардың жас жəне психологиялық ерекшеліктеріне қарай пайдаланудың маңызы зор. Педагогикалық технология ұғымы іс-тəжірибемізде жиірек қолданылып, практикаға енуде.
Ал «технология» түсіндірмесін сөздікте қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амадардың жиынтығы, ал педагогикалык технология – педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен əдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы жəне жұмыс істеу реті – деп В. Кларин айтып өткендей, педагогикалық технология тəжірибеде жүзеге асатын педагогикалық жүйенің жобасы.
Ал педагогикалық жүйе дара тұлғаны қалыптастыруға бағытталған, белгілі бір мақсатқа жету жолындағы арнайы педагогикалықықпалдыұйымдастыруға қажеттті өзара байланысқан əдістер құралдарының жиынтығы.
Олай болса, дəл қазір бізге осы педагогикалық технологияны дамыту приктикада пайдалану. Педагогикалық технологияның негізі – саралап оқыту. Бұл бойынша оқушы білімді меңгеру деңгейін төртке бөлуге болады. Бірінші төменгі деңгей – міндетті деңгей, қалғаны оқушы қабілетіне қарай игеріледі.
Сонда міндетті деңгейді мемлекеттік өлшем ретінде алсақ, білім берудің шығармашылық сипаты қалыптасады. Былайша айтқанда, педагогикалық технология – оқушының шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігі, оқыту мен тəрбиелік тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі.
Мектептің ескі құрылысы мен білімнің жаңа мазмұны арасындағы қарама-қайшылықты жою үшін жүйелі түрде саралап, білім берудің түпкі мақсаты өмірдің сан тараулы дамуын меңгеретін адамға табиғи мүмкіндігі негізінде дамыта тəрбиелеу.
Кез келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталмақ.
Жалпы қоғам дамуы мен қазіргі заманғы педагогикалық технологияны енгізу сапалығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі.
Экономикалық жағынан дамыған елдердің тəжірибесі экономика, ғылым мен мəдениеттің қарқынды дамуының негізгі кілті екендігін көрсетіп отыр, ендеше қазіргі заманның ақпараттық технологиясын меңгеру міндетіміз
Оқыту технологиясы – бұл оқытудың тиіміділігін арттыру мақсаты мен білім беру үдерісін зерттеу негізінде оқу үдерісін жүзеге асыру жəне бағалау, бағдарламалаудың жүйелі тəсілі. Оқыту технологиясы педагогикалық əдістерге негізделген.
1960 жылдарда шетел зерттеушілері «педагогикалық технология» терминін енгізді. «Педагогикалық технология» дегеніміз – тəжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын əдіс-тəсілдер оның құрамды бөлігі ғана.
Педагогикалық технология – оқыту үдерісін жобалау, ұйымдастыру формасымен анықталады.
Педагогикалық технологияның өзіндік ерекшеліктері – қойылған мақсатқа жету мүмкіндігіне кепілдік беретін оқыту үдерісін құрастыру жəне оны жүзеге асыру. Оқытылатын пəн мазмұны, мұғалім мен оқушының өзара байланыс іс-əрекеті, оқушының ішкі даму үдерісі негізінде анықталған нақты мақсат қана педагогикалық технология құрылымын түсіну кілті бола алады.
Қазақстанның тəуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуыбарысында орта білім берудің жүйелі реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие. Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың жəне бір маңызды сипаты қазіргі уақыттағы оқыту үдерісін технологияландырудың қажеттілігінен туып отыр.
XX ғасырдың 80-жылдары Ресейде жаңашыл – мұғалімдер топтары қалыптасады, олардың əрқайсысы баланы оқыту, тəрбиелеу жəне дамытуда өзіндік жаңалықтары болады, олар ең жоғарғы нəтижелер береді. Сонымен бірге олардың жалпы ортақ белгілері болады. Мектеп оқушысының оқу жұмысы тəсілдерін жеңілдету жəне жандандыру, танымдық іс-əрекеті (сүйеніш кескіндер, сигналдар) үлкен блоктар арқылы материалдарды оқу жəне т.б. аса айрықша көрсететін жаңашыл педагогтардың мұғалімдер позициясының бағытын авторитарлықтан демократиялыққа, ізгілік бағытқа ауыстыруға деген ұмтылушылықты айтуға болады, бұл жаңа педагогикалық ынтымақтастық деген бағытқа орын берді.
Барлық осы технологиялардың көрнекті өкілдері ішінен Ш. А. Амонашвилиді – бастауыш сынып оқушыларын эксперименталды жаңашалап оқытуды атау керек. Ш. А. Амонашвили өзінің эксперименталдық мектебінде ынтымақтастық педагогикасының жеке тұлғалық бабын табу бағыты, тіл мен математиканы оқытудың бір реттік əдістемесі оның педагогикалық іс-əрекетінің өзіндік қорытындысы, оның негізгі идеясы «О начальной ступений образования, построенного на принципах гуманно-лияностной педагогики» деген еңбегінде баяндалған.
Академик М. П. Иванов – коммунарлық тəрбие əдістемесінің ұжымдық істің əдістемесінің авторы қазіргі жағдайда А. С. Макаренконың идеясын дамыта түскен жаңашыл педагог. Жаңашыл педагогтың тəжірибесіндегі басты əдістемелік ерекшелігі ұжымдық еңбек ісіндегі тұлғаның субъективтік позициясы.
Кеңес одағының Халық мұғалімі В. Ф. Шаталов дəстүрлі класссабақ тəсілімен оқытудың əлі де болса ашылмай жатқан орасан зор қорын көрсетіп, оқытудың интенсивтендірудің технологиясын жасап, практикаға енгізеді.
В. Ф. Шаталовтың əдістемелік жүйесі əрбір оқушыны оқу ісəрекетіндегі белсенділікке қатыстыруға, дербес ерікті танымдықты тəрбиелеуге, əрбір жеке оқушыда өзінің адамгершілік сезімін, өзінің күші мен қабілетіне сенімділігін нығайта түсуге мүмкіндік береді.
Жаңашыл-педагог И. П. Волков шығармашылықты дамытатын оқытудың технологиясын жасап жүзеге асырды. Осыған сай тұлғаның қабілеттілігі баланың оқудан тыс іс-əрекетінің еркін болуы негізінде бірізді қалыптасады.
Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласының қазақ тілі пəнінің мұғалімі Қ. О. Бітібаева практика жүзінде ынтымақтастық педагогиканы жүзеге асырады. Ынтымақтастық педагогикасын адамгершілік педагогикасы ретінде қарастырады. Қазіргі білім беру технологиялары санатындағы дамытатын жетілдіретін оқу технологияларын көрсеткен жөн (Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов, Л. В. Занков, Г. С. Альтшуллер жəне т.б.).
Республика мектептерінде 1989 жылдан бастап атаулы мектептерді ашу кезеңі басталады. Олардың ішінде, СССР халық мұғалімі, қазақ тілі мен əдебиет мұғалімі Айтқалиев Құсайын Айтқалиұлының мектебі; Бучина Валентина Людвиговичтің өнер мектебі, биология пəнінің мұғалімі Очкур Елена Афанасьеваның мектебі, бастауыш кластарының мұғалімі Мор Галина Яковлеваның мектебі; Қазақ ССР еңбек сіңірген мұғалімі, орыс тілі мен əдебиет пəндерінің мұғалімі Фокин Юрий Павловичтің мектебі. Республикалық деңгейдегі атаулы мектептердің мақсаты тұлғаның өзін-өзі көрсетуге, оқытудың бірегейліжəне тиімді «технологиясын» іздеуге қолдау жасау болады.
Морин Монтессордың (1870-1952) мектебі ақыл-ойды саусақтардың өте нəзік қозғалыстары, қолдардың ұсақ мəнерлі ырғақтарымен интенсивті сенсорлық сезімдер арқылы дамытуға негізделген. 1993 жылдан бастап Алматыда жекеменшік «Элко» корпорациясының ерікті озат мектебі жұмыс істейді. Бұл мектептің оқыту негізінде мемлекеттік бағдарлама жатыр. Бірінші кластан бастап қазақ, неміс, ағылшын тілдері, эстетика, сөйлеу мəдениеті, ерікті қозғалыс пəндерінен сабақ жүреді. Қосымша мынадай пəндер макеттендіру, модельдеу, хор, бал билері, гүл өсіру, сахна өнері көбірек өткізіледі. Мектепте баға қойылмайды, оқу мен тəрбиелеу деңгейі жеке бағаланады.
С. Ферне (1896-1996) мектебінің əдістемелік тəсілдері біздің республикамызда, əсіресе бастауыш кластарда көптеген мектептерде қолданылады. С. Ферненің əдістемесі баланың өзінің жеке тəжірибесіне негізделген. Ұстаздың қызметі баланың өзіне тəн қабілетті оның өзі, өз бойынан тауып оны дамытуға көмектесу. Бұл тұжырымдаманың практика жүзінде жүзеге асуына «ерікті тестер» мен «мектеп типографиясы» қызмет етеді.
Инновациялық мектептер дəстүрлі жəне сонымен қатар жаңа міндеттерді қазіргі деңгейге сай шеше алатындығын дəлелдейді, оқушы тұлғасының мəдени, адамгершілік дамуының негізі болатындығын көрсетті.
Достарыңызбен бөлісу: |