Тақырыбы: Бау,түймелер,шарлар-сенсорлық дамытушы ойындар.
Атырау облысы.
Құрманғазы ауданы.
Құрманғазы ауылы.
«Балауса» санаторлық бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі: Рамазанова Анаргүл Шарафиденқызы.
Тақырыбы:Бау,түймелер,шарлар-сенсорлық дамытушы ойындар.
Мақсаты:Кіші топ балаларының сенсорлық ойындар арықылы сенсорлық білімдерін жақсарту.Түстерді бекіту және ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Міндеттері
Жоба түрі
Күтілетін нәтижелер
Сенсорлық ойындар арқылы бала өз қимылын жетілдіреді
Баланың түсті қабылдауы мен ұсақ моторикасын үйлестіруі дамиды.
Бала ұқыпты және өз-өзіне сенімді болуға үйренеді.
Ұжымдық қарым-қатынасы беки түседі.
Жобаның өзектілігі
Баланың саусақ моторикасын жетілдіру,дамыту, қызығушылығын ояту, мақсатында ойын әрекеттерін ұйымдастыру,сол арқылы сенсорлық білімін жақсарту.
Алдын ала жүргізілетін жұмыс
-балалардың жас ерекшелігінен сәйкес сенсорлық ойындарды таңдау;
-балаларға суреттен,ведио роликтен сенсорлық ойындарды көрсету;
-балалармен ойындарды алдын-ала жүргізу.
Жүру барысы:
Тәрбиеші:балалар,бүгін біздер - «Бау,түймелер,шарлар-сенсорлық дамытушы ойындар »тақырыбындағы ойын-сауық жобасын өткізгелі тұрмыз.Жобамызды бастамас бұрын барлығымыз шаттық шеңберін құрып жылы лебіз айтайық.
Ашық менің жүрегім,
Ылғи күліп жүремін.
Бірге ойнап,бір жүрер,
Достарым көп білемін.
Балалар орындықтарына жайғасады.
Тосын сәт: Топқа қолында шарлары бар,кеудешеснің түймелері салынбаған,аяқ киімінің бауы байланбаған Нұрдаулет атты бала келіп кіреді.
Нұрдаулет:-Сәлеметсіз бе , апай!Мына балалармен ойнауға бола ма?
Тәрбиеші:-Ия,ойнауға болады.Олар да сен сияқты кішкентай балалар.Ал,сен неге киміңді дұрыс кимегенсің?Кеудешеңнің түймелері салынбаған,аяқ кимңнің бауы байланбаған.
Нұрдаулет:-Мен,түймені сала алмаймын,аяқ киімімді баулауды білмеймін.
Тәрбиеші:Ендеше, біз сенің кеудешеңнің түймесін салуға көмектесеміз.Ол үшін түйме деген не? Мен түсіндіріп өтейін.Түйменің түстері әр түрлі болады.(Әр түрлі түймелерді балаларға көрсету) Түйменің көлемі де әр келді.Үлкен және кішкентай түймелер.Үлкен және кішкентай түймелерге түсінік беріледі.
-Нұрдаулет,сенің түймелеріңнің көлемі қандай?
-Кішкентай.
-Біздің балалардың алдарындағы кеудешенің түймелері де кішкентай екен.Осы кеудешелердің түймелерін түймелеуді үйренеміз.Балалар барлығымыз мына кеудешелерге назар аударайық.Түймелер кеудешенің оң жағында орналасқан. Кеудешенің сол жағында түйме салатын ойықтар бар.Біз осы түймелерді мына ойықтарға саламыз,түймелейміз.
Тәрбиеші бір баланың жұмысын қолына алып,көрсетеді.Міне,Нұрдаулет көрдің бе киімді қалай кию керек.
Нұрдаулет:-Ия,мен де үйрендім.енді өз кимідерімнің түймесін салып,ұқыпты киінетін боламын.
Тәрбиеші:-Міне,біздің балалар да түймені қалай салу керек екенін үйренді,берілген тапсырманы өте жақсы орындады.
Тәрбиеші:Нұрдаулет киіміңнің түймесін салуды үйренген екенсің,неге аяқ киіміңнің бауын байламағансың?
Нұрдаулет:-Аяқ киімнің бауын байлауды әлі үйренген жоқпын.
Тәрбиеші:Ендеше,біз саған үйретеміз.Ол үшін балалар біз саусақтарымызды козғалтып,саусақ жаттығуын жасап алайық.
Сергіту сәті: «Қуыр,қуыр,қуырмаш»
Тәрбиеші:-Балалар,мынау менің қолымдағы түрлі-түсті баулар.Осы бауларды тек аяқ киімді баулауға ғана қолданып қоймаймыз.Баулармен ойын ойнауға да болады.
Мынау, «баланы киіндіру» ойыны.Бұл ойында бала не арқылы киінген?
-Баулар.
-Дұрыс айтасыңдар,ойынның шарты бойынша мына ұяшықтардан бауды өткізу арқылы киіндіру керек.Екінші ойынымыз «Өз орнын тап»деп аталады.Ойын шарты бойынша мультсериал кейіпкерлерін баулау арқылы өз орындарына орналастыру қажет.Ал,енді бүгін біздер «Иесіз бәтеңке»ойынын ойнаймыз.Ойын шарты бойынша Әрбір бәтеңкенің иесін тауып,ойықтардан бауды өткізу арқылы бәтеңкені баулау керек.
-Міне көрдің бе,бәтеңкенің бауын қалай баулау керек.Ал,енді сен де бәтеңкеңнің бауын байлап көрші.Осылай бәтеңкеміздің бауы байлаулы ұқыпты жүруіміз қажет.
Нұрдаулет:-Апай мен түймемді салдым,бәтеңкемнің бауын байладым.Енді балалармен ойнауға бола ма?
Тәрбиеші:Ия,сенің қолыңдағы шарлар қандай әдемі.Балалар,Нұрдаулет сендермен ойнау үшін түрлі-түсті шарларын ала келіпті.Нұрдаулетпен ойын ойнаймыз ба?
Балалар: -Ия,әрине.
Тәрбиеші: Ойынды бастамас бұрын шарлардың түстерін атап беріңдерші?
Балалар:-Қызыл,сары,жасыл.
Тәрбиеші:-Жарайсыңдар түстерді ажыратып біледі екенсіңдер.Ендеше біздер Нұрдаулетпен «Түсін тап»ойынын ойнайық.
Ойын шарты:шардың түстері бойынша ойыншылар үш топқа бөлінеді.Әуен қойылғанда балалар қолдарындағы шарларымен жүгіріп ,илеп ойнайды.әуен тоқталған кезде өз түсін тауып топтасып тұра қалуы қажет.
Тәрбиеші:-Нұрдаулет саған біздің балалардың ойнағаны ұнады ма?
Нұрдаулет :-Ия.
Тәрбиеші:-Сен бүгін балалардан не үйрендің?
Нұрдаулет:
-Кеудешенің түймесін салуды;
-Бәтеңкені баулауды;
-Ұқыпты ,таза жүруді.
Тәрбиеші:-Дұрыс айтасың,әрқашан да құыпты киініп әдемі болып жүру бәріне ұнайды.Бүгінгі ойын-сауық жобамызды «Шарлар» әнімен көңілді аяқтайық.
Соңы.
Достарыңызбен бөлісу: |