Тақырыбы: Базидиомицеттер класы


Холобазидиомицетер клас тармағы – Holobasidomycetidae



бет2/3
Дата21.05.2022
өлшемі31,62 Kb.
#144388
1   2   3
Байланысты:
Лекция-1629218894728

Холобазидиомицетер клас тармағы – Holobasidomycetidae
Бұл клас тармағы холобазидии түзетін саңырауқұлақтарды біріктіреді. Мысал ретінде олардың ең кең тараған туысы шампиньонды қарастырамыз. Шампиньон (Agaricus campestris) – сапрофит ретінде, ылғалды мол топырақта өседі. Оны арнайы теплийцаларда қолдан өсіреді. Жемісті денесі тармақталған мицелийінде пайда болады. Ал мицелийі топырақта болатын, бірнеше клеткадан тұратын (членистый) гифалардан құрылады. Зақымдалған дәннің формасы мен салмағы жағынан зақымдалмаған дәннен айырмашылығы болмайды және өсуге қабілетті келеді.
Телиобазидиомицеттер класстармағы – Teliobasidiomycetidae
Бұл класс тармағына жататын өсімдіктердің фрагмабазидийлері болады.
Бидайдың қатты қаракүйесі (Tilletia caries), басқа қаракүйелер секілді паразит. Зақымданған масақ, зақымданбаған масаққа қарағанда жеңіл, өйткені оның дәндерінің көпшілігі телиоспораға толы болады. Телиоспоралар шар тәрізді түсі қара және үсті кедір-бұдыр (ячеистый) болып келеді. Астықты бастырған кезде споралар дәнге жабысады, ал тұқымды сепкенде топыраққа түседі. Телиоспоралар көктемде тұқыммен бірге өседі. өсер алдында дикарионның ядролары қосылады, содан соң зигота мейоз арқылы бөлінеді. Осылардан кейін барып фрагмабазидия дамиды, ал оларда гаплоидты базидиоспоралары түзіледі. Базидиоспоралар өсімдіктерді тікелей зақымдай алмайды. Екі гетеротальды базидиоспоралар қослып екі ядролы клетка түзеді. Осындай клеткадан дикарионды гифа пайда болады. Ол алдымен дәннің қауызының (околоплоднык) астына, содан соң ұрықтың өсу конусына, одан өскінге өтіп өсімдікпен бірге өседі. Келешегінде гифа гүл шоғырына еніп дәннің ішінде ұлғаяды да, оның ішіндегі қоректік заттарын өз бойына сіңіреді. Қауызбен (околоплодник) спермодерма бұзылмайды, сондықтанда дән өзінің сыртқы формасын сақтайды, бірақ оның іші телиоспораға толы болады.
Қарабидайдың (T.secalis), арпаның (T.hordei), қатты қаракүйесінің, жүгерінің тозаңды қаракүйесінің (Sorosporium reilianum) және тағы басқалардың өмірлік цыклдары дәл осындай.
Бидайдың тозаңды қаракүйесінің 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет