Сабақ жоспары
Тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің көмегімен мәтінді есептерді шығару
|
Күні:20/01/2017
|
Мұғалімнің есімі: Алиева Нурбиби
|
Сынып: 6 сынып алгебра
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)
|
Теңдеу құру арқылы мәтінді есептерді шығару, машықтандыру, алған білімдерін тереңдету, жинақтау, жүйелеу
|
Сабақ мақсаттары:
|
Барлық оқушылар:
|
Мәтін есептің мазмұнын түсіне алады, шартын құрады
|
Оқушылардың басым бөлігі:
|
Есеп шартына байланысты бір айнымалысы бар теңдеу құра алады
|
Кейбір оқушылар:
|
Бір айнымалысы бар теңдеудің көмегімен шығарылатын мәтінді есептерді өздері құрастырады
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар: Берілген мәтін есептің мазмұнын талдайды, өмірмен байланыстырады
|
Негізгі сөздер мен тіркестер:
|
Бір айнымалысы бар теңдеу, мәндес теңдеу, мәтінді есеп, теңдеудің түбірі
|
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
|
Мәтінді есептің мазмұнын бір-біріне түсіндіреді, бір айнымалысы бар теңдеудің қасиеттерін тұжырымдайды
|
Анықтама:
ах=b түріндегі теңдеу (мұндағы х - айнымалы, а және b — қандай да бір сандар) бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп аталады
Теңдеуді шешу барысында берілген теңдеу мәндес теңдеуге түрлендіріледі.
Түбірлері бірдей теңдеулер мәндес теңдеулер деп аталады. Мысалы, 4(х-3)=0 теңдеуі мен 4х-12=0 теңдеуі мәндес теңдеулер, себебі 4(х-3)=0 теңдеуінің де түбірі 3-ке тең, 4х-12=0 теңдеуінің де түбірі 3-ке тең.
Ескеретін жағдай: кейде теңдеудің түбірі болмайды. Түбірлері болмайтын теңдеулер де мәндес теңдеулер болып саналады.
|
Алдыңғы оқу
|
Теңдеулерді түрлендіріп, ах=b түріне келтіру үшін теңдеулердің мынадай қасиеттері пайдаланылады.
1-қасиет: теңдеудегі қосылғыштың таңбасын қарама-қарсыға өзгертіп, оны теңдеудің бір жағынан екінші жағына көшіргенде теңдеу мәндес теңдеуге түрленеді.
Теңдеуді мұндай түрлендіруді енгізген IX ғасырдағы Орта Азия ғалымы Мұхаммед Мұса әл-Хорезми.
2-қасиет: теңдеудің екі жағын да нөлден өзге бірдей санға көбейткенде немесе бөлгенде теңдеу мәндес теңдеуге түрленеді.
Теңдеудің түбірі теңдеуді тура санды теңдікке айналдырады.
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешу үшін:
теңдеуді теңбе-тең түрлендіріп ықшамдау керек;
айнымалысы бар мүшелерді теңдеудің сол жағына, бос мүшелерді теңдеудің оң жағына жинақтау керек;
теңдеудегі ұқсас мүшелерді біріктіріп, теңдеуді ах=b түріне келтіру керек;
теңдеудің екі бөлігін де айнымалының коэффициентіне бөліп,
теңдеудің түбірін табу керек.
ах=b теңдеуді шешудің үш түрлі жағдайы бар.
болса, теңдеудің екі жағын да а-ға бөліп, теңдігін
жазамыз. Демек, бұл жағдайда теңдеудің бір ғана түбірі бар.
ІІ. болса, теңдеу 0х=b түрінде жазылады. 0х=b тендігі х-тің ешқандай мәнінде тура болмайды. Мұндай жағдайда теңдеудің түбірі болмайды.
IІІ. және болса, теңдеу 0х=0 түрінде жазылады. Кез келген санның нөлге көбейтіндісі нөлге тең болғандықтан, х-тің кез келген мәнінде теңдік тура болады. Демек, 0х=0 теңдеуінің түбірі кез келген сан болады. Теңдеудің шексіз көп түбірі бар.
|
Жоспар
|
Жоспарлан ған уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)
|
Ресурс
тар
|
Басталуы
0 – 5
|
Оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару, шаттық шеңберінде топқа бөлу. Оқушылар кеспе қағаздар арқылы бөлініп отырады.
Сабақ барысын таныстыру
Бүгінгі сабақта біз өзімізді әр түрлі маман иесіміз деп армандап көрейік, олар: дүкенші, құтқарушы. Қандай да болсын маман иесі болу үшін не керек? Әрине, білім керек. Сондықтан маман иесі ретінде жұмысқа кіріспес үшін алдымен біліміміз сол маманға сай ма, жоқ па, соны тексеріп алайық.
Топ басшысы сайланып, бағалау парақтары таратылады.
|
Кеспе қағаздар
|
Ортасы
6-26
|
Графикалық диктант:
ах=b түріндегі теңдеу (мұндағы х - айнымалы, а және b — қандай да бір сандар) бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп аталады /иә, жоқ/
Теңдеуді шешу барысында берілген теңдеу мәндес теңдеуге түрлендіріледі. /иә, жоқ/
Түбірлері бірдей теңдеулер мәндес теңдеулер деп аталады. /иә, жоқ/
Кейде теңдеудің түбірі болмайды/ иә, жоқ/
Үй тапсырмасын тексеру: №896 есеп
Оқулықпен жұмыс: постер қорғайды
«Дүкеншілер»
№861 есеп
Алғашқыда екі кітап сөресіндегі кітаптар саны бірдей болды. 18 кітапты бірінші сөреден алып, екінші сөреге қойғанда, ондағы кітап саны бірінші сөредегі кітап санынан 3 есе артық болды. Алғашқы кітап сөресінің әрқайсысында неше кітап болды?
Берілгені: І сөре – (х-18)3
ІІ сөре – х+18
Т/к: І,ІІ сөредегі кітаптар
саны
|
Шешуі: 3(x-18)=x+18
3x-54=x+18
2x=72
x=36
Жауабы: әрқайсысында 36 кітап
|
«Құтқарушылар»
№862 есеп
Екі санның қосындысы 348 – ге тең. Бірінші санның 80% - і екінші саннан 6 – ға кем. Бірінші санды табыңдар.
Берілгені: І сан – x
ІІ сан – 0,8х+6
Қосындысы - 348
Т/к: І сан
|
Шешуі: x+0,8x+6=348
1,8x=342
x=190
Жауабы: І сан – 190 саны
|
Әр топ болған соң постерді тақтаға іліп, қалған оқушылар алдында шығару жолын түсіндіреді. Қалған топтар дәптерлеріне жазып алады.
Сонымен теңдеулер жүйесін қайда, не үшін қолдана алады екенбіз?
Логикалық есептер
1. «Тілсіз жау» менің атым.Сан боламын «Т» дан егер бастасаң
Жауабы: төрт
2. Торда үш қоян бар еді. Үш бала бір қояннан алып кеткенде торда әлі бір қоян қалды. Бұл қалай?
Жауабы: торымен алып кеткен
3. Қожанасыр жаңа үй сатып алып, ойланып-ойланып ол үйіне 10 орындық сатып алыпты. Орындықтың екеуін сыртқа қойыпты. Ал қалған сегіз орындықты бір бөлменің әр қабырғасына үшеуден орналастырған. Бұл қалай?
4. Бір үйде 100 пәтер бар. Сол пәтерлерде 9 саны неше рет қайталанады?
5. Теректе сауысқан қонып отыр. Аңшы атқанда қарға түсті. Бұл қалай?
Мәтін есеп құрастыру. Оқушылар топпен бірігіп мәтін есеп құрастырады да бір-бірінің құрастырған есептерін шешеді
|
Үлестірмелер
|
Аяқталуы
|
Оқушылар кері байланыс парағын толтырады, өзін бағалайды
Бағалау, рефлексиямен бөлісу.
|
|
Қосымша ақпарат
|
Саралау – Сіз қосымша
көмек көрсетуді қалай
жоспарлайсыз? Сіз қабілеті
жоғары оқушыларға
тапсырманы
күрделендіруді қалай
жоспарлайсыз?
|
Талапкер есептері:
№705 (78 бет)
Әкесі екі баласына 700 м2жерді мұраға қалдырды. Кіші ұлының еншісі үлкен ұлының еншісінің ¾ бөлігіндей болса, онда үлкен ұлдың еншісіне қанша жер тиді?
Берілгені: Барлығы – 700 м2
Кіші ұлы – 3/4х
Үлкен ұлы -х
Т/к: үлкен ұлының еншісі
|
Шешуі: 3/4x+x=700
7/4x=700
x=700*4/7
x=400
Жауабы: үлкен ұлдың
еншісі 400 м2
|
№714 (79 бет)
Кітапханада ағылшын, француз және неміс тілінде кітаптар бар. Ағылшын тіліндегі кітаптар барлық шет тіліндегі кітаптардың 40% - ін, француз тіліндегілер ағылшын тіліндегінің 75% құрайды, ал қалған 210 кітап – неміс тіліндегілер. Кітапханада шет тілінде неше кітап бар?
Берілгені: ағылшын – 0,4х
Француз – 0,75*0,4х=0,3x
Неміс – 210 кітап
Барлығы - х
Т/к: шет тіліндегілер
|
Шешуі: 0,4x+0,3x+210=x
0,7x+210=x
x-0,7x=210
0,3x=210
x=700
Жауабы: шет тілінде 700 кітап
бар
|
№722 (81 бет)
Ағаш дайындау жұмысына үш бригада қатысты. Бірінші бригадада барлық жұмысшылар санының 36% - і, ал екінші бригадада біріншіге қарағанда 72 адам артық болды. Қалған 124 жұмысшы үшінші бригадада еді. Үш бригадада барлығы неше жұмысшы бар?
Берілгені: барлығы – x
І бригада – 0,36х
ІІ бригада – 0,36х+72
ІІІ бригада – 124жұмысшы
Т/к: барлығы
|
Шешуі: 0,36x+0,36x+72+124=x
0,72x+196=x
x-0,72x=196
0,28x=196
x=700
Жауабы: барлығы 700
жұмысшы бар
|
|
|
Рефлексия
Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен жоспарлаған саралау шаралары
тиімді болды ма? Мен берілген
уақыт ішінде үлгердім бе? Мен
өз жоспарыма қандай түзетулер
енгіздім және неліктен?
|
|
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
|
Үй тапсырмасы: №885, 886 есеп
|
Достарыңызбен бөлісу: |