Тобы:
|
31 топ
|
Сабақтың тақырыбы :
|
Көрсеткіштік теңсіздіктерді шешу.
|
Сабақтың мақсаты
|
Білімділік:
|
Білім алушыларды көрсеткіштік теңсіздіктер ұғымымен таныстыру және есептер шығару бойынша білімдерін жетілдіру.
|
Дамытушылық:
|
Танымдық белсенділігін арттыру, ұжымда жұмыс жасауын қалыптастыру, ойлауын, сөйлеу дағдыларын дамыту, сонымен қатар көрсеткіштік теңсіздіктерді шешу дағдысын қалыптастыру.
|
Тәрбиелік:
|
Білім алушының бойында әділдік, өзін-өзі бағалау құндылықтарын қалыптастыру. Білім алушының топта белсенді жұмыс жасай білу, яғни өзгені тыңдай білу және өз идеяларымен бөлісу, жауапты болу дағдысын қалыптастыру.
|
Пән аралық байланыс
|
Геометрия, информатика, сызу
|
Сабақтың көрнекілігі:
|
интерактивті тақта, слайд,таратпа қағаздар, компьютерлер, дидактикалық материал, интернет
|
Сабақтың түрі:
|
Жаңа сабақ
|
Сабақтың әдісі:
|
Жеке өзіндік, топтық, білім алушы – компьютер, білім алушы – мұғалім.
|
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
|
Сабақтыңкезеңдері
|
Мұғалімніңіс-әрекеті
|
Білім алушының іс -әрекеті
|
Көрнекілік
|
І. Ұйымдас-тыру кезеңі,
2 минут
|
Білім алушыларды түгелдеу, сабаққа назарларын аудару, үлестірме кеспелер арқылы топқа бөлу:
1) ; 1,4142…;cos30° иррационал
2); 0,333...;sin30°рационал
|
Үлестірілген кеспелерде жазылған сандардың түріне қарай біріктіре отырып, «Иррационал» және «Рационал» атты екі топқа бөлінеді.
|
Үлестірме кеспелер
|
ІІ. Үй тапсырмасы,
5 минут
|
Есептің жауаптарын тақтаға шығару арқылы үй тапсырмасын тексеру.
166. 1) 3; 2) 6; 3) 6; 4) 2,4
Өткен сабақ материалдарын қайталауға арналған сұрақтар қою.
1.Көрсеткіштік функция дегеніміз не?
2.Көрсеткіштік теңдеу дегеніміз не?
3.Көрсеткіштік теңдеулерді шешудің қандай әдістерін білесіңдер?
|
Білім алушы шығарған есептің нәтижесін дұрыс жауаппен салыстырады, дұрыс емес есепті талдайды. Оқытушының қойған сұрақтарына топтар жауап береді.
|
Алгебра және анализ бастамалары,
№166 есеп
|
ІІІ. Жаңа сабақ,
15 минут
|
Жаңа сабақтың мақсаттарын
айқындау, білім алушылардың іс-әрекеттерін белгілеу.
Теңдеу мен теңсіздікті салыстыру:
Анықтама: Айнымалысы дәреже көрсеткішінде болып келетін теңсіздіктерді көрсеткіштік теңсіздіктер деп атайды.
Көрсеткіштік теңсіздіктің ең қарапайым түрі оның монотондылығы қасиетіне байланысты шешіледі:
Дәл осы сияқты:
1-мысал. Теңсіздіктің екі жақ бөлігін де бірдей негізге келтіру
|
Жаңа сабақты түсіндіру барысында қойылған сұрақтарға жауап береді.
Көрсеткіштік теңсіздіктерді шешу жолдарымен танысады
Есептің шешілу әдісін білім алушылар дәптерге жазып алады
|
Презентация
|
IV Дамыту кезеңі
4минут
|
Топтық жұмыс. Екі топқа кеспе беріледі.
1. 32x ≥ 3x+1 теңсіздікті ____ тобы шешеді, кеспедегі проблемалық сұраққа жауап береді
32x ≥ 3x+1
3>1
2x ≥ x+1 (сызықты теңсіздіктер)
2x-x ≥ 1
x ≥ 1
Жауабы: [1;+∞)
2.Көрсеткіштік теңсіздіктерді шешу үшін көрсеткіштік теңдеулерді шешу әдістері қолданыла ма?
1. (0,5)4x ≤ (0,5)x+6 теңсіздігін _____ тобына беріледі, кеспедегі проблемалық сұраққажауап береді
(0,5)4x ≤ (0,5)x+6
0< 0,5 <1
4x ≥ x+6
4x-x ≥ 6
3x ≥ 6
x ≥ 6:3
x ≥ 2
Жауабы: [2;+∞)
2.Негіздері бірдей көрсеткіштік теңсіздіктерді шешу мен сызықтық теңсіздіктерді шешуде ұқсастық бар ма?
Шешілген есепті қарсылас топ тексереді
|
«_____» тобынан тапсырманың шешімін табу және шығару жолын түсіндіру талап етіледі
«_____» тобынан тапсырманың шешімін табу және шығару жолын түсіндіру талап етіледі
Есептің дұрыстығын қарсылас топ анықтайды.
|
Үлестірме кеспесі
Слайд
|
V Сергіту сәті
5 минут
|
Тарсия ойынын ойнату
|
Білім алушылар тарсия ойынын ойнау арқылы геометриялық фигура – үшбұрыш құруы керек
|
Тарсия кеспелері, таймер
|
VIЖаңа сабақты пысықтау,
10 минут
|
Жеке жұмыс.
Қарапайым көрсеткіштік теңсіздіктерді шешу.
№183 Көрсеткіштік теңсіздіктерді шешіңіз:
2x≥ 32
(4/7)х <16/49
6х-4≤36
(5/3)х+3 >27/125
|
Әр білім алушы берілген есепті жеке шығарады, жауаптарын көрші білім алушы слайдпен салыстырады.
|
Алгебра және анализ бастамалары,
183 есеп
|
VII. Сабақты қорытын-дылау,
3 минут
|
Kahoot онлайн тестілеу жүйесі арқылы білім алушылардың жаңа сабақты меңгеруін тексеру.
|
Kahoot сайтына еніп, интербелсенді тақтадағы сұрақтарға жауап беру
|
Интернет
|
VIII. Үйге тапсырма.
Бағалау,
1 минут
|
Көрсеткіштік теңсіздіктер анықтамасы, көрсеткіштік теңсіздіктерді шешу тәсілдері бойынша дағдыларын кеңейту, №184, 185 есептерді шешу.
|
|
Алгебра және анализ бастамалары,№184, 185
|