Тақырыбы: Бірлескен топтық жұмыс. Топтарда жұмыс жүргізу әдістемесі



бет3/3
Дата21.09.2022
өлшемі149,08 Kb.
#150262
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Венера 22

Топты ұйымдастыру ережелері

  • Топтар түрлі тәсілдермен құрылуы мүмкін. Кей кездері мұғалімдер (және оқушылар) әріптестерінен (немесе достарынан) бірге жұмыс істеуін өтінеді, басқа жағдайларда кездейсоқ іріктеп алынған топтар құрастырылады. Ал кейде топтар жекелеген мүшелердің нақты бір мықты қасиеттеріне қарай құрылады. Топтың қандай тәсілмен құрылғанына қарамастан, жаңадан құрылған кез келген топқа бір-бірімен жұмыс істеу сипатына, дағдылары мен стиліне икемделіп, бейімделуге уақыт талап етіледі. Табысты топтар осы айырмашылықтардың артықшылығын пайдалануды, оларды бастапқы кезеңде анықтауға және тиісінше топтың қызметін ұйымдастыруды бірден үйренеді. Қалыптасу кезеңі топ жұмысының басталуымен шектелмейді. Топ мүшелерінің бір- бірі туралы хабардар болуына қарай, топтың қарқыны біртіндеп өзгереді, және де топ мүшелеріне мұндай өзгерістерге қатысты әрекет ету үшін қажеттілігіне қарай жұмысты түзетуге дайын болу керек.

Топта жұмыс істеу ережелері
Топты
құру
Топтық
жоспарлау
Жоспарды
жүзеге асыру
Қызметті
жүзеге асыру
Топ жұмысын
бағалау
•Топтың құрамына
кім кіреді?
•Сіздің жеке
артықшылығыңыз
неде?
•Оларды
қаншалықты
ұтымды
пайдалануға
болады?
•Топ қалай бірлесіп
жұмыс атқарады?
•Не істеу қажет?
•Сізге жұмысты
орындауға қанша
уақыт қажет?
•Жұмыс топ ішінде
қалай бөлінеді?
•Жұмыс істеу
барысында топ
ішіндегі қарым-
қатынас қалай
жүзеге
асырылатын
болады?
•Топ мүшелері бір-
біріне қалай
көмектеседі?
•Бір-бірінің
жұмысын қалай
талқылар едіңіз?
•Жұмыстың
барысы қалай
бақыланады
• Соңғы өнім қандай нысанда жасалады?
• Жобаны орындау барысын түрлі дағдылар түрлі тапсырмаларға сәйкес келе ме?
• Сізге жұмыстың
қай түрі үшін баға беріледі?
• Топтық ынтымақтастықтың болғандығының
жеткілікті дәлелі
бар ма?
•Сіздер команда ретінде қаншалықты ұтымды жұмыс істедіңіздер?
•Сіздер бір-бірлеріңізге
Қаншалықты көмек
көрсеттіңіздер?
•Топта жұмыстың
қандай негізгі аспектілері
Ұтымды орындалды?
•Не орындалмады?
•Одан қандай
сабақ алуға болады?
Топ мүшелерінің саны қанша болуы қажет?
Жұптар
Үлкен топтар
Шағын топтар
Шағын топтар : •4-6 оқушыдан тұратын топ топтық жұмыстың көптеген түрлерінде және топта бір оқушының үстемділігін әлсірету үшін тиімді. •Топ мүшелерінің кейбіреулері үшін аз жұмыс істеуге көп мүмкіндік береді. •Тыныш, салмақты оқушылар жұмысқа аз қатысқысы келуі мүмкін.
Жұптарда : •Жұп болып жұмыс істеу жоғары деңгейлі тапсырмаларды берлесе орындауда (мысалы, шешім қабылдауда, мәселелерді шешуде) және құрбы-құрдастарын оқыту үшін тиімді.
Үлкен топтар : •7-10 оқушыдан құралған үлкен топтар мәселені талқылау барысында көптеген көз- қарастарды қарастыру мақсатында тиімді болуы мүмкін. •Топ мүшелері көп болған сайын ондағы жұмысты ұйымдастыру, жоспарлау, рөлдер мен арадағы қарым-қатынас және сөз сөйлеу қиындайды.
Топтағы бірлескен жұмыстың нәтижелері
Жақсы ұйымдастырылған топтық жұмыс оқушылар арасында әлеуметтік өзара қарым-қатынасты , тиімді араласу және проблемаларды шешу дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Бұл, өз кезегінде оқушыларды өздерінің оқуларына белсенді қатысуға итермелейді.
Оқушыларды алынған ақпаратты ойластыруға және талқылауға, өзгелердің пікірлерін түсінуге немесе теріске шығаруға ынталандырған жағдайда топтық жұмыс тиімді болады.
Фактілер бұл үдеріс кезең-кезеңмен өтетінін растап отыр. Айталық, бастапқы кезеңдегі топтық жұмыс әлеуметтік өзара әрекеттестік дағдыларын дамытуы қажет, содан кейін оқушылардың арасында қарым-қатынас біршама орнаған соң, мұғалімдер олардың тиімді қарым-қатынас жасау және мәселелерді шешу дағдыларын дамыта алады .
Әлеуметтік өзара әрекеттестік
Қарым-қатынас
Мәселелерді шешу
Тиімді топтық қарым-қатынас дегеніміз не?
Қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігі топтағы жұмыстың барынша қолайлы аспектісі болып табылады, алайда ол тек айта білуді ғана емес, сонымен қатар тыңдай білуді де қажет етеді, сондықтан оқушылар білуге тиісті бірнеше негізгі ережелер бар, олар:
• кезекпен сөйлеу ;
• белсенді тыңдау;
• сұрақ қою және сұрақ бар ма екенін сұрау;
• ұсыныс енгізу және басқаларда ұсыныс бар ма екенін сұрау;
• өз ойларын және пікірлерін ортаға салу және басқалардың идеялары мен пікірлерін білу;
ұсыныстарды, идеяларды және пікірлерді ұжыммен талқылау;
• көмектесу және көмек сұрау;
• түсініктеме беру және түсініктеме беруді өтіну;
• идеяларға түсініктеме беру және оны бағалау;
• топтық шешім қабылдау және бір тоқтамға келу;
• талқылаудың қорытындысын шығару;
• дәйекті айғақтар келтіру.
уақытты ұтымды жоспарлауға;
• инновациялық көзқарастар мен идеяларды ұжыммен талқылауға;
тапсырмаларды орындау барысында келісімге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
• топ ішінде рөлдерді анықтауға (басшы, хатшы, тілші, бақылаушы және т.б.)
топ мүшелеріне тапсырмаларды бөліп тапсыруға;
топтағы жұмысқа дейін қандай да бір жеке-дара қызмет немесе ойластыру қажет пе екендігін анықтау.
Проблемаларды шешу стратегиялары
Орын алған проблеманы шешу мақсатындағы топтық жұмыс – оқытудың өте
ықпалды тәсілдерінің бірі. Оқушылар ересек адамдарға тәуелді болмау үшін
тапсырмаларды жоспарлайды және оларды орындауды ұйымдастырады. Бұл тәсіл
оқушыларға:
Рефлексия Бүгінгі сабаққа рефлекция жазуды ұсынамын .
1.Өзімнің жеке ойым бойынша …
А.топтық жұмыс туралы түсінік алдым.
В.топтық жұмысты бұрыннан білемін.
С.мен үшін жаңалық емес
Д.Ештеңеде түсінген жоқпын
2.Сізге коучинг сессияда не кедергі болды?
А.Білімім.
Б. Уақыт.
С.Тілек.
Д.әріптестерім.
3.Коучинг сессияда қыйыншылықтарды жеңуге кім көмек берді?
А.әріптестерім
Б.Коуч.
С.бейне роликтер.
Д.Ешкімде.
рефлекция жазады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі : Johnson, D. W., Johnson, R. T., and Smith, K. A. (1991). Cooperative Learning: Increasing College Faculty Instructional Productivity [Бірлескен оқу: колледж оқытушыларының педагогикалық тиімділігін арттыру]. ASHE-FRIC Higher Education Report No.4. Washington, D.C.: School of Education and Human Development, George Washington University.
Slavin, R. F. (1980). Cooperative Learning [Бірлескен оқу]. Review of Educational Research, 50(2), 315-342.
Slavin, R. E. (1983). When Does Cooperative Learning Increase Student Achievement? [Қандай жағдайда бірлескен оқу оқушылардың үлгерімін жақсартады?]. Psychological Bulletin, 94(3), 429-445.
Smith, B. L., & MacGregor, J. T. (1992). What Is Collaborative Learning? [Ынтымақтастық оқу дегеніміз не?]. National Centre on Postsecondary Teaching, Learning, and Assessment at Pennsylvania State University.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет