Тақырыбы: Біз қазақша сөйлейміз Байқау сабағы 3 сынып Докучаев орта мектебі



Дата08.11.2019
өлшемі0,58 Mb.
#51401
Байланысты:
байқау сабағы

Тақырыбы: Біз қазақша сөйлейміз

Байқау сабағы

3 сынып

Докучаев орта мектебі

Мұғалім Есімтаева Ж.Ғ.

23.09.19

Мақсаты: Өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін бекіту, сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру, өз ойларын жеткізе білуге үйрету.
ІІ Дамытушылық: Ауызекі сөйлеу, еркін сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамыту.
ІІІ Тәрбиелік:  Қазақстанның мемлекеттік тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Қайталау,бекіту,әңгімелеу,сұрақ-жауап,таңғажайып кезең,көркем сөз,сөздік, сөз жұмбақ.

Қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер, компьютер (слайд), үнтаспа, .

Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту,көркем әдебиет,музыка, шығармашылық.

Іс- әрекет

кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Қызығушылықты ояту

Мақсатымен таныстыру

Сабақтың ортасы



Байқау 7 кезеңнен тұрады:

Сергіту сәті

«Қамажай»

Сабақтың соңы

Бағалау

Рефлексия

Кері байланыс



Үйге тапсырма

Ұйымдастыру кезеңі:

«Жүректен -жүрекке»әдісімен оқушылар бір-біріне тілек айтады.

«Пазл»әдісі арқылы топқа бөлінеді


Шаттық   шеңбері:

Амасың ба, алтын күнім

Амансың ба, көк аспан

Амансың ба ,менің досым

Мен саған сәттілік тілеймін

«Миға шабылу» стратегиясы

- Бір жылда неше мезгіл бар?

-Бұл қандай мезгілдер?

- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

- Күз айлары қандай?

- Бүгін ауа райы қандай?

-Өте жақсы

- Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:«Біз қазақша сөйлейміз »

Бүгін біз сабағымызда өткен тақырыптар бойынша алған білімдерімізді, не үйренгенімізді көрсетеміз

Ана тілім – анам,

Аппақ қардай арым

Мұра еткен бабам

Жарқыраған жаным.
Ана тілім –елдігім

Ана тілім - ерлігім.

Тілді биік құрметтеп

Тойлап жатыр ел бүгін


Ана тілім - тірегім

Ана тілім – жүрегім.

Қасиетті елімнің

Тек өзің деп білемін.





Сәлемдеседі. Шаттық шеңберін құрады.

Бір –біріне сәттілік тілейді


Күз


Қыркүйек, қазан, қараша

Ауа райы салқын

Күн жылы болады


Тіл туралы тақпақтар айтады



Бүгінгі «Біз қазақша сөйлейміз» байқауына қош келдіңіздер!

Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақстан – көп ұлт өкілдері мекендейтін мемлекет. Мұндай мемлекет үшін мемлекеттік тіл қажет.Ел Басы Нұрсұлтан Назарбаев өз жолдауында «Ұлттық тіл – қазақ ұлтының рухани, мәдени байлығын ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші қасиетті құрал» деп көрсеткен болатын.
Байқау

І. Таныстыру
ІІ. Полиглот (жұмбақты шешу. Орыс, ағылшын тілдеріне аудару)
1.Білімнің дәнін тереді,

Балаға білім береді.

(мұғалім-учитель)
2.Сабақ сайын соғылады,

Тек мектептен табылады.

(қоңырау-званок)
3.Отқа жанбас,суға батпас.
(мұз-лед)
4. Аспандағы алып доп,
Жарқырайды жарық боп.
(күн-солнце)

5. Мамықтай ұлпа,

Қанттай аппақ
Қыста жер бетін басады
Жазда сайға қашады.
(қар-снег)
6. Көреді бәрін өзгенің,
Көре алмайды өздерін.
(көз-глаза)
7.Қабат-қабат қаттама
Ақылың болса аттама.
(кітап-книга)
8.Қалың киім ұнатады,
Шешіндірсең жылатады.
(пияз-лук)
9.Жазу жазып жалықпаған,
Жаза-жаза арықтаған.
(бор-мель)
10. Жазда болмайды ,
Қыста болады.
Терезеге қонады,
Әсем ою салады. (аяз-мороз-frost)


ІІІ. «Сен білесің бе?» (сұрақ-жауап)

І топ

1.Фонетика нені зерттейді?


2.Еліміздің үлкен қалаларын ата.
3.Тіл мерекесін қай күні тойлаймыз?
4.Қазақ тілінде неше әріп бар?
5.Отан дегеніміз не?
6.Абай Құнанбайұлы қай жылы,қайда дүниеге келген?
7.Қазақ тіліне тән неше дыбыс бар?
8.Үш биді атаңдар


ІІ топ

1.Дауысты дыбыстар дегеніміз не?


2.Бір жылда неше мезгіл бар бар?
3.Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін атаңдар.
4.«Әке мен бала» әңгімесінің авторы кім?
5.Бес арыс кімдер?
6.16 желтоқсан қандай күн?
7.«Ақ киімді денелі,ақ сақалды...»деп басталатын кімнің,қай өлеңі?
8.Бунның түрлерін атаңдар.
ІҮ. Тіл өнері (мақал-мәтелдер сайысы)

1. Бас кеспек болса да, ..... (тіл кеспек жоқ)

2. Ана сүті бой өсіреді, (ана тілі ой өсіреді).

3. Тіл тас жарады,... ( тас жармаса бас жарады)

4. Жақсы сөз... (жарым ырыс)

5.Тіл - адам ойының ... (айнасы)

6. Тіл қылыштан... (өткір)

7.Ойнап сөйлесең де... (ойлап сөйле)

8. Айтылған сөз, ... оқпен тең (атылған)

9. Көп сөз - ... (бос сөз)

10. Көп сөз - күміс, аз сөз - ... (алтын)

11. Жеті жұрттың тілін біл,...(жеті түрлі ілім біл)



12.Таза сөйлеу – биік ... (мәдениеттілік)
Ү. Сөз өрім (берілген сөзден бірнеше сөздер құрау)

І топқа Қызғалдақ
ІІ топқа Алтыбақан

ҮІ. Шешендік өнер (суретке қарап шағын мәтін құрастыру)



ҮІІ. Өнерпаз болсаң (өз өнерлерін көрсету)

Әр кезеңнен кейін мұғалім және топтар бір –бірін бағалап отырады



Тілге байланысты мақал-мәтелдерді жаттау





Қазақстанда 130 астам ұлт өкілдері тұрады. Мемлекеттік тілі -қазақ тілі



І. Таныстыру кезеңі.

Әр топ өздерін таныстырып өтеді.


ІІ.Полиглот

(Жұмбақтың шешеді қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне аударылады)



ІІІ. «Сен білесің бе?» (сұрақтарға-жауап береді)

ІҮ.Тіл өнері

Мақал-мәтелдер сайысы
Мақал-мәтелдерді аяқтайды

Интербелсенді тақтаға қарап орындайды



Ү. Сөз өрім
І топқа
Қызғалдақ
ІІ топқа Алтыбақан

Әр топ бірнеше сөз құрайды

(Суретке қарап шағын мәтін құрастырады)
Әр топ өз өнерлерін көрсетеді .( қазақ тілінде өлең оқиды)

Әр кезеңнен кейін

топтар бір –бірін бағалап отырады
Сабақта не білгенін, не білгісі келеді тақырып бойынша әр топ,әр оқушы айтады

.












Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет