ҮШ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП
Кез келген бизнесте активтер, міндеттемелер, капитал, кірістер, шығыстар бар және осы көрсеткіштерді қадағалауға болатын үш есеп бар.
Есеп
|
Не көрсетеді
|
Баланс
|
Активтер (оның ішінде ақша қалдығы), пассивтер (міндеттемелер және капитал)
|
Пайда мен шығындар туралы есеп
|
Кірістер, шығыстар, пайда
|
Ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы есеп
|
Ақша түсімдері және ақша төлемдері, ақша қалдықтары
|
3.ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТЫҢ ТАПСЫРМАСЫ
1-тапсырма
Тізімді жасап, өз стартапыңыздың тұрақты және ауыспалы шығындарын есептеңіз.
2-тапсырма Өз стартаптың шығынсыздық нүктесін табыңыз (сіздің стартапыңыз минуста емес, плюсте болуы үшін сізге ай сайын өнім немесе қызмет көлемін сату қажет).
3-тапсырма
Ақпан айының басында интернет-дүкеннің шоттарында 750 мың теңге болды. 2 ақпанда №1 клиенттен 550 мың теңгеге тапсырыс түсті. Шарт талаптары бойынша клиент тапсырыс құнының 30% мөлшерінде алдын ала төлем жасайды, ал қалған бөлігі тауарды жөнелтілгеннен кейін төлейді
Интернет-дүкен ақпан айында келесі төлемдерді жүзеге асыруы керек:
5 ақпан – үй-жайларды жалға алу үшін 175 мың теңге көлеміндегі төлем.
15 ақпан - өнім берушіден 400 мың теңге мөлшеріндегі тауарды сатып алу.
17 ақпан - қызметкерлерге жалақы төлеу - 400 мың теңге.
№1 клиентке 21 ақпанда тауар жөнелтілді, сол күні одан тапсырыс бойынша соманың қалған бөлігі түсті.
25 ақпанда №2 клиенттен 450 мың теңгеге тапсырыс түсті. Сатып алушы 100 % алдын ала төлем енгізді.
Операциялары бар кестені құрастырыңыз және әрбір операциялық күнге ақшалай қаражаттың қалдығын есептеңіз. Кассалық алшақтық кезеңін табыңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1. Atameken. co.онлайн платформасының материалдары
2. Дональд Ф.Куратко «Кәсіпкерлік теория,процесс,практика» 10- басылым А,2018ж.
3. Дүйсенханов Е.С.,Щеглов С.А.,Ханин Д.,Сейтенова А:А. «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» А,2019ж.
4.Сәбден О.,Тұрғынбаева А. «Шағын бизнес негіздері» А,2008ж.
Достарыңызбен бөлісу: |