Негізі әйел ағзасы 18 жастан бастап, бала көтеруге дайын. Бірақ, әйелдердің босану жасы 15 жастан басталады дегеннің өзінде.... Он бес жастағы қыз бала да құрсақ көтере алады, бірақ ағза әлі дайын емес. Ағза он сегіз жастан дайын. Сондай-ақ қырық тоғыз жасқа дейін босануға да ешкім шектеу қоймайды. Бірақ, жаңа айттым ғой, ағзаның кейбір жүйелері әсіресе аналық бездердің жұмыстары қырық жастан кейін өздігінен баяулай бастайды. Мен ойлаймын, мұның барлығы салауатты өмір салтының кемшіндігінен. Ал, егер салауатты өмір салтын жақсы ұстанған, өзінің экстрагенитальды аурулары жоқ, денсаулығын жақсы қадағалаған әйелдер болса, олардың 49 жасқа дейін бала көтеріп тууларына мүмкіндігі бар.

Жүкті әйелдер он екі аптаға дейін есепке тұрғандары дұрыс. Себебі, он екі аптада баланың жолдасы қалыптасатын уақыт. Бала жолдасы қалыптасқанға дейін, жүкті әйел осы жүктілікті сол ағзамен көтеріп, тоғыз айға дейін жеткізіп, жақсы аяқтай ала ма, жоқ па, соны белгілеп шешуі керек. Егер ол әйелдің жүрегінде ақау немесе миында өзгерістер кездессе, біз оны бақылауға аламыз. ҚР Денсаулық сақтау министрінің №626 бұйрығына сәйкес жүктілікті қалдыру немесе үзу сұрағы осы аталған он екі аптаға дейін шешілуі тиіс. Сондықтан жүкті әйелдерді 11-12 аптасында тіркеуге міндеттеп шақырамыз. Бұл бір жағы. Ал екінші жағы қазір бізде биохимиялық генетикалық скрининг бар, яғни 10 мен 13-інші апта төрт күнге дейін іштегі баладағы туа пайда болатын ақаулар бар ма, жоқ па, соны қан арқылы тексеретін аппарат. Бұл генетикалық деңгейде тексеретін анализ. Хромосомалардағы қандай да бір өзгерістердің бар-жоғын, айталық дауна, одан кейін эдвардс синдромы секілді генетикалық ауруларды анықтайды.