Келесі сұрақтарға жауап беріңіз: -Бронхы демікпесінің анықтамасы қандай?
-Бронхы демікпесі қалай жіктеледі?
-Бронхы демікпесінің этиологиясы қандай?
- Бронхы демікпесінің патогенезі қандай?
- Бронхы демікпесінің клиникалық белгілері қандай?
- Бронхы демікпесінің диагностикасы қандай?
- Бронхы демікпесінің асқынулары қандай?
- Бронхы демікпесінің алдын алу шаралары қандай?
Тапсырмалар №1 Жағдаяттық тапсырма Науқас В., 54 жаста фельдшерге түнде тұншығу ұстамасына әсіресе ауа шығаруы қиындағаны, жалпы әлсіздікке шағымданады.Ұстамадан соң кішкене созылмалы әйнек тәрізді қақырық бөлінеді. Науқас өзін 2 жыл бойы аурумын деп санайды, көбіне күзгі мезгілде. Анамнезінде науқастың пеницилинге аллергиясы бар. Қарау: жалпы жағдайы орташа. Науқас керуерттің шетіне тіреліп отыр. Терісі таза, цианоз белгілері бар. Кеудесі бөшкі тәріздес, қабырға аралары кеңіген, мойын көк тамырлары ісінген, көмекші бұлшық еттер дем алысқа қатысқан. Дем алысы шулы, 22 рет 1минутта. Қағу-коробкалы дыбыс, тыңдау-әлсіз визикулярлы дыбыс, құрғақ ысқырықты сырылдар. ДАҚ 22 рет 1минутта. Жүрек тондары ырғақты, ашық, 92 рет1 минутта. А/Қ 140/70 мм.сн.бағ.
1.Сіздің алғашқы диагнозыңыз қандай?. 2.Госпиталға дейінгі этаптаа жедел көмек көрсетіңіз.
№2 Тапсырма 1 Жағдаяттық тапсырма
Науқас 47 жаста, ауырғанына 7 жылдай уақыт болған. Ұстамалы тұншығу болып, қиын мөлшерде «әйнек» тәрізді қақырық бөлінетіндігіне шағымданады. Косметика қолданумен байланыстырады. Қарау:ортопноэ қалпы, цианоз, жабысқақ қиын бөлінетін қақырықты жөтел, экспираторлы ентікпе, тұншығу, кеудесі эмфизематозды түрде өзгерген, қағу кезінде қорап тәрізді дыбыс, тыңдағанда демалысы әлсіреген, өкпеде ысқырықты құрғақ сырылдар естіледі. Дем шығаруы қиындаған. Дем алу жиілігі 32 рет 1 минутта, пульс 120 рет 1 минутта АҚҚ 160/90 мм.сн.бағ.
1.Сіздің алғашқы диагнозыңыз қандай?. 2.Госпиталға дейінгі этаптаа жедел көмек көрсетіңіз.
№3 Коммуникативті дағдыларды қолдана отырып, науқасқа ингаляторды қолдану техникасын көрсетіңіз.
№4 Кестені толтыр