Тақырыбы: Цилиндр формалы бөлшектерді сызба түрінде көрсету



бет1/7
Дата02.02.2017
өлшемі1,59 Mb.
#8509
  1   2   3   4   5   6   7
8-с ынып №1сабақ

Сабақтың тақырыбы: Станоктың кинематикалық схемасы ж/е оны оқу. Цилиндр үлгісіндегі, конус үлгісіндегі, фасонды үлгідегі бөлшектер сызбаларын оқу. Қ/Е. (теория)

Тақырыбы: Цилиндр формалы бөлшектерді сызба түрінде көрсету

Машинатану элементтері негізіңде конструкциялык материалдарды өңдеу технологиясы

Мақсаты:Техникалық-технологиялық мәліметтер.

Міндеттері:

1. Призма формалы бөлшектердің сызбасы және долбары туралы түсінік. Оның жан-жақты (алдынан, сыртынан, оңынан, солынан) көріністері.

2. Бөлшектердің сызбасын оқу ережелері. Ағаш бөліктерін құрастыру тәсілдері (кесу, қима, ұштама, тесік арқылы).

3. Арамен кесудің тәсілдері (көлденең, ұзынынан, қиғаштап кесу).

Көрнекілік. Ағаштан және темірден жасалған дайын материалдар. Техникалық еңбек бойынша оқу кестелері. Техника қауіпсіздігін сақтау бойынша плакаттар.

Құрал-жабдықтар. Слесарлық құралдар.

Топсеруен. Ағаш және темір өндейтін шеберханалар.

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Өткенді еске түсіру

ІІІ.Практикалық жұмыс. Бөлшектерді сызбаға қарап құрастыру. Құрастыру сызбасын оқып түсіну. Жұмысты жоспарлау. Құрастыруға керекті материалдарды дайындау. Құрастырылған бөлшектерді қолмен құм қағаз арқылы өңдеу, тегістеу, бұрандалар арқылы бекіту. Бақылау және өлшеу құралдарымен жұмыс істеу.

Призма формалы бөлшектердің сызбасы және долбары туралы түсінік. Оның жан-жақты (алдынан, сыртынан, оңынан, солынан) көріністері.

Бөлшектердің сызбасын оқу ережелері. Ағаш бөліктерін құрастыру тәсілдері (кесу, қима, ұштама, тесік арқылы).

3Арамен кесудің тәсілдері (көлденең, ұзынынан, қиғаштап кесу).

Қозғалыс берілісінің механизмі туралы түсінік. Тісті және белдікті беріліс. Бұрандалы механизм. Қол бұрғы: құрылысы, қолданылуы.

Оймалы біріктіру және олардың қолданымы. Оймалар кесу құралдары. Металдарды қиыстырып өңдеу. Металдардың механикалық қасиеттері. Өлшейтін және бақылау жасайтын құралдар. Электр шарыққа құралдарды қайрау.

Сабақты бекіту

Сұрақ-жауап әдісі

Үй тапсырмасы

Цилиндр формалы бөлшектерді сызба түрінде көрсету

8-с ынып №2сабақ

Сабақтың тақырыбы: Станоктың кинематикалық схемасы ж/е оны оқу.

Машинатану элементтері негізіңде конструкциялык материалдарды өңдеу технологиясы

Мақсаты:Техникалық-технологиялық мәліметтер.

Міндеттері:

1. Призма формалы бөлшектердің сызбасы және долбары туралы түсінік. Оның жан-жақты (алдынан, сыртынан, оңынан, солынан) көріністері.

2. Бөлшектердің сызбасын оқу ережелері. Ағаш бөліктерін құрастыру тәсілдері (кесу, қима, ұштама, тесік арқылы).

3. Арамен кесудің тәсілдері (көлденең, ұзынынан, қиғаштап кесу).

Көрнекілік. Ағаштан және темірден жасалған дайын материалдар. Техникалық еңбек бойынша оқу кестелері. Техника қауіпсіздігін сақтау бойынша плакаттар.

Құрал-жабдықтар. Слесарлық құралдар

Кинематикада кез келген нысанның қозғалысы белгілі бір денемен (санақ денесі) салыстырыла отырып зерттеледі. Қарастырылып отырған нысанның орны, санақ жүйесінің көмегімен, санақ денесі деп аталатын белгілі бір денемен салыстырмалы түрде анықталады. Санақ жүйесі зерттеу мақсатына байланысты алынады. Кинематикада нүктелер мен денелер қозғалысының берілу тәсілі және қозғалыс теңдеулері бойынша қозғалыстың Кинематикалық сипаттамалары (траектория, жылдамдық, үдеу, бұрыштық үдеу, т.б.) анықталады. Нүктенің қозғалысын сипаттау үшін табиғи, координаттық және векторлық деп аталатын үш тәсілдің бірі пайдаланылады. Табиғи (немесе траекториялық) тәсіл нүктенің таңдап алынған санақ жүйесімен салыстырғандағы траекториясы белгілі болғанда ғана қолданылады. Координаттық тәсілде нүктенің (M) санақ жүйесімен салыстырғандағы орны үш координатпен (x, y, z) анықталады, ал оның қозғалыс заңы x=f1(t), y=f2(t) және z=f3(t) түріндегі үш теңдеумен беріледі. Соңғы үш теңдеуден t-ны шығара отырып, нүктенің траекториясын табуға болады. Векторлық тәсілде нүктенің санақ жүйесімен салыстырғандағы орны санақ нүктесінен қозғалған нүктеге дейін жүргізілген r радиус-вектормен анықталады, ал қозғалыс заңы r=r(t) түріндегі векторлық теңдеумен беріледі. Қозғалған нүктенің жылдамдығы мен үдеуі оның негізгі Кинематикалық сипаттамасы болып есептеледі. Қатты дене қозғалысының берілу тәсілі қозғалыстың түріне, ал қозғалыс теңдеуінің саны оның еркіндік дәрежесінің санына байланысты болады. Қатты дене қозғалысының қарапайым түріне, оның ілгерілемелі қозғалысы мен айналмалы қозғалысы жатады. Қлгерілей қозғалған дененің барлық нүктесі бірдей жылдамдықпен қозғалатындықтан, оның қозғалысы бір нүктенің қозғалысы тәрізді қарастырылады. Кинематикада нүктелердің не денелердің күрделі қозғалысы, яғни өзара орын ауыстыратын екі (не одан да көп) санақ жүйесімен салыстырғандағы қозғалысы (бір уақыттағы) зерттеледі. Мұндай жағдайда санақ жүйесінің бірі негізгі жүйе (кейде оны шартты түрде қозғалмайтын деп), ал онымен салыстырғанда орын ауыстыратын санақ жүйесі қозғалмалы жүйе деп аталады. Жалпы жағдайда, қозғалмалы санақ жүйесі бірнешеу болуы мүмкін. Үздіксіз орта Кинематикасында сол ортаның берілу тәсілдері табылып, деформалануының жалпы теориясы қарастырылады, сондай-ақ, ортаның үздіксіздік шартын бейнелейтін үздіксіздік теңдеуі анықталады.[2]

Сабақты қортындылау :

Бағалау:

Үйге тапсырма:

8-сабақ №3сабақ

Сабақтың тақырыбы: Токарь станогында цилиндр үлгісіндегі, конус үлгісіндегі бөлшектерді жону.

Сабақтың мақсаты: а) Ағаш өңдейтін токарь станогының құрылысы мен жұмысы. Paint графикалық редакторы іске қосуды, аспаптарымен, оның ішінде выделение /белгілеу аспабы/ жұмысымен таныстыру.

Білімділігі: Станоктың құрылысымен жұмыс үрдісін түсіндіру, «машина» ұғымын қалыптастыру. Paint графикалық редакторы іске қосуды, аспаптарымен, оның ішінде выделение /белгілеу аспабы/ жұмыс істеу.

Дамытушылығы: Станоктың бөлшектері мен сызбаларын оқып үйрену, оқушылардың іскерлігін, жұмыс ұйымдастыру дағдысын қалыптастыру. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, компьютерлік сауаттылығын арттыру.

Тәрбиелігі: Компьютерлік сауаттылыққа бағыттау, техникаға қызығушылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: компьютер, проектор. Сабақ типі: Кіріктірілген сабақ

Сабақтың әдіс тәсілі: түсіндіру, практикалық жұмыс, тест, сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыс: технология, информатика, орыс тілі, ағылшын тілі, қазақ тілі.

ДМ1.Ұйымдастыру.

1.Оқушылармен амандасу, сабаққа қатысуын тексеру.

ДМ2. Сабақтың тақырыбын хабарлау, мақсатымен таныстыру, оқушы назарын сабаққа аудару.

Сабақтың мақсаты: Ағаш өңдеу токарь станогында жұмыс ұйымдастыру. Paint графикалық редакторы арқылыкомпьютерде практикалық жұмыс орындау.

ДМ3. Жаңа сабақ.

Машина техникалық құрылым, ол бөлшектерден тұрады және механикалық жұмыс арқылы электр энергиясына , металдар мен ақпараттар туғызады. Олар: технологиялық, транспорттық тасымал және ақпараттық- есептеуіш машиналар болып бөлінеді. Әр машина 3 негізгі бөліктен тұрады: қозғалтқыш, беріліс механизмі, жұмыс органы.

ә) Ағаш өңдейтін токарь технологиялық машина. Ол ағашты жонып,егеу арқылы әр түрлі формаға келтіреді., айналатын денелер түріндегі бөлшектер жасалады.

б) Ағаш өңдейтін СТД-120 м үлгісіндегі токарь станогының құрылысымен танысайық, маркасы С- станок, Т-токарьлық, Д- ағаш өңдеуші 120-арақашықтық,м-жетілдірілген станок мүлгісі, платформадан, электр қозғалтқыштан, қорғағыш қаптама, тректі табан, станок негізгі бөлігі, алдыңғы қыспақ тетік, артқы қыспақ тетік, шам, патрон, ұстайтынтұтқа, мөлдір экран, түймеше тетіктен тұрады.

Ағашты бекітіп ұстау үшін шпиндельдің саптама тетігі пайдаланылады, олар шанышқы, патрон, тығырық.

Ағаш өңдейтін өткір тістер- қашаулар әртүрлі формада болады.

Практикалық жұмыс

Кинематикалық схемасын сызу./СТД-120 м станогын компьютерде құрастыру.

Ол үшін Paint графикалық редакторымен танысайық.

1.PAINT графикалық редакторы туралы түсінік

PAINT сурет салу бағдарламасы әр түрлі графикалық кескіндерді салуға,оны өңдеуге мүмкіндік береді.

Бұл бағдарламаның көмегімен қарапайым суреттен бастап, күрделі графикалық шығармаларға дейін жасауға болады.

PAINT бағдарламасында өзіміз сурет салуымызға Windows –тің басқа қолданбаларынан алмастыру буферіне көшірілген дайын суреттерді мәтінге қоюға,сондай-ақ сканердің көмегімен алынған күрделі кескіндерді енгізуге болады.

2. PAINT графикалық редакторында жұмыс істеу

PAINT графикалық редакторын іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындау керек.

Пуск Барлық бағдарламалар Стандартты PAINT

Осы әрекеттер орындалғаннан кейін экранға PAINT терезесі шығады.

Сурет салу кезеңдері

Құралды таңдап алу

PAINT редакторында 16 құралды пайдалануға болады. Олардың міндеттерін білу үшін,тышқанның нұсқағышын қажетті құралдың үстіне апару керек, сонда ішіне олардың міндеттеріне жазылған кішкене төртбұрыш пайда болады.

Сызықтың қалыңдығын,қылқаламның түрін немесе төртбұрыштың типін тағайындау

Құралдар тақтасының тура астыңғы жағындағы арнайы аймақта жасауға болады. Сызықтардың қалыңдығын бір нүктеден бастап,бес нүктеге дейінгі өлшемде салуға және қылқаламның,төртбұрыштың бірнеше түрлерін пайдалануға болады.

Кескіннің түсін таңдау

Сурет салатын түсті таңдау үшін,палитрадағы қажетті түстің төртбұрышына тышқан нұсқағышын орналастырып,сол жақ батырмасын шерту керек

Фонның түсін таңдау

Фонның түсін таңдау үшін,палитрадағы қажетті түске тышқан нұсқағышын орналастырып,оң жақ батырмасын шертіңдер.Бұл фонды пайдаланып объектілер жасайтын құралдармен жұмыс істегенде қажет(тік төртбұрыш,көпбұрыш,эллипс,дөңгеленген көпбұрыш)

3.PAINT графикалық редакторының құралдары

4.Редактордың командалары

Редакторда салынған суретін ойдағыдай болмаса, соңғы үш әрекет арқылы түзетуге болады.

Ол үшін Правка Отменить(орындатпау)

командасын орындау қажет.

Түзеткен қателеріңізді қайтадан қалпына келтіргіңіз келсе,

Правка- Повторить командасы арқылы тек соңғы үш әрекетті бастапқы қалпына келтіруге болады.

Суретті қалай сақтайды?

Салған суреттерді,графиктерді қажет кезінде пайдалану үшін, оны арнайы дискідегі файлда сақтаған жөн.

PAINT программасының құжатын бірінші

рет сақтап қою үшін

«Файл-сохранить как» командасын орындау керек.

Экранға «Сохранить как» диалогтық терезесі пайда болады

Енді жұмыс үстеліндегі «Станок» файлын ашып тапсырманы орындаймыз.

Оқушылар тапсырманы компьютерде орындайды.

Сабақты бекіту.

«Білім бәйгесі» ойынын ойнау.

1. Тест жұмысы

2. Жұмбақтар шешу

3. Сұрақтарға жауап.

Сабақты қорытындылау. Бағалау

Үйге тапсырма: Ағаш өңдеу токарь станогында жұмыс ұйымдастыру. Paint графикалық редакторы.

8- сынып №4сабақ

Сабақтың тақырыбы: Токарь станогында фасонды бөлшектерді жону.

Сабақтың мақсаты: а) Ағаш өңдейтін токарь станогының құрылысы мен жұмысы. Paint графикалық редакторы іске қосуды, аспаптарымен, оның ішінде выделение /белгілеу аспабы/ жұмысымен таныстыру.

Білімділігі: Станоктың құрылысымен жұмыс үрдісін түсіндіру, «машина» ұғымын қалыптастыру. Paint графикалық редакторы іске қосуды, аспаптарымен, оның ішінде выделение /белгілеу аспабы/ жұмыс істеу.

Дамытушылығы: Станоктың бөлшектері мен сызбаларын оқып үйрену, оқушылардың іскерлігін, жұмыс ұйымдастыру дағдысын қалыптастыру. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, компьютерлік сауаттылығын арттыру.

Тәрбиелігі: Компьютерлік сауаттылыққа бағыттау, техникаға қызығушылыққа тәрбиелеу

Машина жасауға 70% астам өнімдер айналу денелер болып табылады. Бөлшектердің ұқсас түрлері токарь станогында өндіріледі. Өз кезегінде, станоктардың жалпы санынан алғанда әлемдік станоктың паркінде токарлық станоктардың әр түрлі типі 70% құрайды. Осыған сәйкес станоктардың басым саны токарлармен ұсынылған.

Токарь мамандығы - ертеден келе жатқан мамандық. Токарлық жұмыстар өте жауапты, ал кейде таптырмайтын болып табылады. Бұған оқытудың арнайы курсын өткен және осы мамандықты меңгерген жұмысшыларға рұқсат беріледі.

Токарлық мамандықтың бірнеше түрі ажыратылады:

токарь-бесаспап, токарлық мамандықтардың барлық түрлерін орындайды, әдетте аспапты және ремонттық қызметте жұмыс істейді

ірі корпустық детальдардың тесігін жонуға байланысты токарлыө жұмыстарды атқаратын токарь-жонғыш

көбінесе инструменталды өндірістегі токарлы-затылоктық станоктарда жұмыс істейтін токарь-затыловщигі

патоктық өндірісте жұмыс істейтін және бір нақты берілген операцияны орындайтын токарь-операционщигі

санды бағдарламаны басқару (СББ) станоктарында жұмыс істейтін токарь-оператор

Токарға жан-жақты физикалық даму, жақсы көру, есту, дамыған көз мөлшері, кеңістік қиял қажетті болады. Оған оперативтік ойлау, жақсы ақыл, шапшаң реакция, қозғалыстың дұрыс координациясы қажетті. Оның жұмысы мынадай сапаларды қажет етеді: мұқияттылық, ықыластық, салмақтық.

Сабақты қорытындылау. Бағалау

Үйге тапсырма:

8- сынып №5сабақ

Сабақтың тақырыбы: Аспаптарға арналған материалдар. Сипаттамасы. (теория)

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ағаш жону станогында бұйым жасаудағы еңбектің атқарлатын рөлін дамытуға жағдай жасау.

Дамытушылық: Токарьлық станокпен жұмыс істеу шеберлігін шыңдау арқылы өте күрделі емес бөлшектерді өңдетіп, бұйым жасауға қызығушылығын артыру.

Тәрбиелік: Жұмысты нақты орындап ,шығармашылықпен жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Пән аралық байланыс: Бейнелеу, Сызу, Тарих.

Сабақтың көрнектілігі: Суреттер,ағаштан жасалған бұйымдар,станок, технологиялық карта.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі.

2. Техникалық қауіпсіздік ережесі.

3. Жаңа тақырып.

4. Сарамандық жұмыс.

5.Орынды жинастыру.

6. Қортынды.

I -бөлім. 7. Үйге тапсырма.

1. Ағаш токарьлық станогының негізгі бөліктерін еске түсіріп қайталап шығалық.

А. Станок маркасын ата?

Б. Ненің көмегімен станок қозғалысқа түседі?

В. Дайындама ненің көмегімен бекиді?

Г. Ағаш жонатын аспап атауы?

2. Ағаш токарь станогы техника қауіпсіздік ережесімен танысамыз.

Ағаш өңдейтін токарь станогымен жұмыс кезіндегі

қауіпіздік ережелері.

1. Жаңқаның ұшқаныннан көз жарақатыннан сақтану.

2. Айналу бөліктеріне жанасудан қол жарақатынан сақтану.

3. Дайындаманы стнокқа дұрыс бекітпеуден ж/е дайындаманың сапасыздығынан дене жарақаты блуынан сақтану.

Жұмысқа дейін:

1.Жұмыс киім, көзәинекті кию.

2. Станокты тексер ( берілістің қорғаныс бөліктерін, жермен жалғануын ).

3. Дайындаманы дұрыс бекітіп,көзі, жарығы болмауын қадағалап станокқа бекіту.

4. Станокты бос айналдырып көр.

5. Кескіш тіреуіштің биіктігін дайындама центрлік сызығына дәл келіп, ара қашықтығы 2-3мм болсын.

Жұмыс істегенде:

1. Станокты қосып,толық күшімен айналғасын, жұысты баста.

2. Пышақты дайындамаға күш салмай, аздап тос.

3. Жұмыс кезінде алаңдама.

3. Адамзат мәдениетінің байлығы ішіндегі ғажайып дүниесі музыкасы болса, адамның жаны мен тәнінің жемісі- еңбек. Бүгін біз сабағымызда осы екі өнер туындысы –музыика мен еңбекті байланыстыра отырып, мағлмат аламыз.

Елімізде кең танымалы музыкалы аспаптың бірі –домбыра. Оны жасау өте қызықты әрі тартымды. Домбыраны өте құнды , мықты қайың, жаңғақ, қарағай ағаштарынан жасайды.

Ал енді «Домбыраның шығу тарихы»- атты рефератты мән беріп тыңдалық.

Біз енді домбыраның ағаш жонатын станокта жасалуын қарастырамыз.

Сарамандық жұмыс

4. Домбыра елімізге кеңнен танымалы музыка аспабы. Домбыраны бастамас бұрын оның жалпы пішімін дәптерге түсіріп көрген жөн. Бейнеде екеуі беттесіп тұруы керек,бұл жалпы формасын жасауға мүмкіндік береді.

Технологиялық картамен танысамыз. Сарамандық жұмысты орындауға кірісеміз.

Технологиялық карта.

Жұмыс мазмұны

Графикалық кескін

Құрал-саймандар

1. Домбыра жасайтын дайындаманы станокқа дайындау

Қарындаш,сызғыш,ара,сүргі.

2. Дайындаманы сызба бойынша белгілеу, жонуға дайындау.

СТД-120 станогы, кескіштер, штангенциркуль,зімпара қағазы.

3. Домбыраға қажетті дайындаманы станокқа бекіту, жону.

Ағаш жону токарь станогы, кескіш аспап түрлері.

4. Дайындаманы станокқа орналастырып, сызба бойынша домбыраны жоныу, сыртын өңдеу.

Ағаш жону станогы, кескіш сайман түрлерімен жұмыс, зімпара қағаз.

5. Домбыраны жонып, дайын болған бөлігін араның көмегімен ортасынан екіге бөліп, бөлшектерін желімдеу, бетіне өрнек сызу, Түссіз лак жағыу.

Сызғыш,ара, ағаш, шеге, бояулар, желім, қысқыш, түссіз лак.

Домбыра жасау

II-бөлім


Сарамандық жұмыс қауіпсіздік ережесі.

Жұмысқа дейін:

1. Жұмыс киімді киін ( фартук, халат).

2. Жұмысқа қажетті құрал-сайманды түгендеп, мұхият тексер.

3. Жұмыс орында құрал-саймандарыңды ережесіне сай оналастыр, артық зат тұрмасын.

Жұмыс кезінде:

1. Дайындаманы верстакқа мықтап бекіт.

2. Әр амалды өз құралымен орында.

3. Нұсқау картасымен әр амалды орында.

4. Жұмыс кезінде алаңдама.

5. Жұмыс соңында:

1. Құрал-сайманды орындарына қой.

2. Орынды жинастыр, станокты тазала.

3. Жасаған бұйымды мұғалімге тапсыр.

6. Қортынды:

1. Біз музыка аспабы домбырамен жақын таныстық.

Станокпен жұмыс жасап үйрендік. Жұмыстың күрделі екенін түсіндік.

2. Оқшылардың жасаған жұмыстарын бағалау.



Үйге тапсырма: Өз ойымен сәнді бұйым жасау.

8- сынып№6сабақ



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет