Тақырыбы: Денсаулықты нығайту. Салауатты өмір салтын насихаттау. ІІ жаңа тақырыпты түсіндіру: Денсаулықты нығайту



бет1/85
Дата07.02.2022
өлшемі1,17 Mb.
#88565
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85
Байланысты:
Пән Денсаулықты нығайту




Тақырыбы: Денсаулықты нығайту. Салауатты өмір салтын насихаттау.


ІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Денсаулықты нығайту –өз денсаулығын жақсартуда бақылауды күшейтуге мүмкіндік беретін процесс.
Денсаулық адамның негізгі құқықтарының бірі боп табылады. Адамның денсаулығына келесі негізгі фактор әсер етеді:
әлеуметтік-экономикалық жағдай, денсаулық сақтау жүйесін
қоса алғанда;
• тіршілік ортасы;
• адамның өмір сүру салты және стереотиптері
Халықтың салауаттылығы тікелей өркениет деңгейіне ,елдің әлеуметтік – экономи калық, құқықтық мәдениетіне және азаматтардың өз денсаулығына қарауына байланысты. Қоғамдық денсаулық әлеуметтік – экономикалық даму қорытындысы ретінде, елдің алдағы даму көрсеткіші болып табылады.
Халық денсаулығы 50% ке өмір жағдайына ,18-22% - қоршаған ортаға, 20% генетикалық факторларға, тек 8 -10 % денсаулық сақтау жүйесіне байланысты.
Яғни халық денсаулығын қалыптастыруда басты рол өмір сүру деңгейіне байланысты.
Көп жағдайда салауатты өмірді өмір жағдайымен шатастырады.Сонымен қатар өмір жағдайы-салауатты өмірді қалыптастыруда басты фактор болып табылады.Оған материалдық, әлеуметтік, саяси, діни, мәдени жағдайларды кіргізуге болады. Өмір жағдайы – бұл салауатты өмірге әсер ететін материалды және материалды емес факторлар. Салауаттылық – адамдардың активті өмір сүруі. Яғни салауаттылық адамдардың жан-жақты толыққан сапалы өмір сүруі деп айта аламыз.
Салауатты өмірмен өмір деңгейі,өмір сапасы,өмір стиль атты мағыналарды байланыстырамыз.Салауатты өмір өзіне 4 категорияны кіргізеді: экономикалық – өмір деңгейі, әлеуметтік-өмір сапасы, әлеуметтік-психологиялық – өмір стилі және әлеуметтік –экономикалық – өмір қалпы.
Өмір деңгейін орташа көрсеткіштерге қарап бағалауға болмайды. Нақты көріністі әр түрлі топтарға жататын дифференциралды мәліметтерден көре аламыз.
Өмір күйін көбінесе қоғамдық өмірдегі дін, мәдениет, адамдардың өмір сүру деп түсіндіріледі.Өмір стилі термині, көбінесе адамдардың жеке индивидуалды ерекшелігі ретінде бағалайды. Осыған ойлау ерешелігі, ойлау стилі кіреді.
« Өмір сапасы » термині шығыс философиясы мен әлеуметтануында кеңінен қолданылады. Және де біздің әдебиеттерімізде де жиі кездеседі. Осы терминді қолданған кезде өмірдің сапалы тұсы тұрғын үйдің сапалы жағдайы, тамақтану, ыңғайлылығының деңгейі, еңбектің қанағаттылығы, қарым қатынасты және т.б. жағдайларды қарастыру жөн. Бұл анықтамалар өмір салты түсінігін алмастыра алмайтыны белгілі.
Адамдар дағдысы, олардың белсенділігі әр түрлі және көптеген сфералардан көрінетін өмір салты критерийлерін және көрсеткіштерін бөліп алу өте қиын. Бірақ, осымен қоса бұл өте маңызды, себебі өмір салты көрсеткіштер жүйесін ғылыми дәлелдеусіз әртүрлі топтағы тұрғындардың өмір салтына, денсаулығына әсерін зерттей алмаймыз. Дағдыны екі негізгі сфераға бөлеміз: өндірістік және өндірістік емес.
Өмір салтының құрылымына кіреді:
Еңбек дағдысы, еңбек жағдайы, жұмысшылардың маманданған және әлеуметтік белсенділігі.
Шаруашылық дағды, тұрғын үй түрі.
Қоршаған ортамен байланысқа және физикалық күшті қалпына келтіруге бағытталған рекреационды дағды.
Жанұядағы әлеуметтік дағды ( балаларды, қарт туыстарды күту ).
Жоспарланған жанұя және жанұя мүшелері арасындағы қарым – қатынас.
Медико – әлеуметтік белсенділік денсаулыққа, медицинаға, көзқарас, салауатты өмір салтын құрастыру.
Бір жағынан денсаулық, екінші жағынан өмір салтының аспектігі болып табылатын салауатты өмір салты нені жасайды? Өмір салтының әлеуметтік анықтамасына қарағанда медико – гигиеналық талқылауында салауатты өмір салтының толық мазмұны берілген: дағды микроәлеуметтік деңгейде, адамның күнделікті өмірі күштірек көрсетілген. Салауатты өмір салты – тұрғындар денсаулығын қолайлы материальдық және қоғамдық жағдайларда ең жоғарғы деңгейде күшейтетін адамдардың биоәлеуметтік активті дағдысы. Халықаралық терминологиялық сөздікте «санитарлық жарқырау – салауатты өмір салты » - денсаулықты сақтау мен нығайтуға, еңбекке қабілеттілікті жоғарылатуға, ұзақ өмір сүруге белсенді жетуге бағытталған санитарлық – гигиеналық нормативте ғылыми дәлелденген гигиеналық қадағалау деген түсінік береді. РАМН академигі Ю. П. Лисицынның ойынша салауатты өмір салтына адамның өмір салтының 3 деңгейі: әлеуметтік, психологиялық және биологиялық жатады.бұл ұғымдарды медико – әлеуметтік белсенділікпен байланыстыруға болмайды, бірақ уақыт өте келе салауатты өмір салты ұғымына сай келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет