Салауатты өмір сүрудің негізгі әдістері мен формасы
Салауатты өмір сүру мақсаты – тұрғылықты жерлерде санитарлық – гигиеналық нормаларды сақтау, денсаулықты сақтау және нығайту, еңбекке деген жоғары қабілеттілікті қамтамасыз ету, ұзақ өмір сүрудің белсенділігіне жету болып табылады.
Осы мақсатты жүзеге асыру үшін келесі тапсырмаларды шешу керек:
- Аймақтық салауатты өмір салтына жағдай жасау үшін мемлекеттік мекемелер тұрақты жұмыс атқару керек
Медицина қызметкерлерін тазалыққа бағытталған жұмысқа жұмылдыру
Салауатты өмір салты үшін барлық ұлттардың қозғалысын ұйымдастыру
Санитарлық – арнау – бұл денсаулық сақтаудың бір тарауы, ол аймақты гигиеналық тәртіпке шақырады. Аймақтың санитарлық дәрежесінің артуы, денсаулықты нығайту және сақтау келесі принциптер арқылы негізделу керек:
Шындық және обьектілік , мақсаттылық, жүйелік және бағыттылық, кешенділік, қоғаммен байланыста болу
Санитарлық – гигиеналық тәрбие – медициналық санитарлық – гигиеналық білім, салауатты өмір салтын ұйымдастырудың басты бағыттары болып келесілер саналады:
Денсаулықты сақтауға бағытталған факторлар: еңбек гигиенасы, рациональдық тамақтану, демалу гигиенасы, белсенді қимылдар режимі, дене шынықтыру және спорт, жеке бас гигиенасы, медико – әлеуметтік активтілік, психогигиена, қоршаған орта гигиенасы.
Денсаулыққа кері әсер етуші факторлар: спирттік ішімдікпен әуестену, норкотик қолдану, темекі шегу.
Медицина білімінің үш типі бар: массалық ,топтық, индивидуальдық
Барлық дәрігерлер, фельдшерлер, акушерлер, медбикелер күнделікті медицина мекемесіне келіп – кеткен науқастармен жұмыс жасап қана қоймай, аймақ арасына өздерінің массалық және топтық медициналық гигиеналық білімдерін қолдану керек.
Аймақтағы салауатты өмір салтын және гигиеналық тәртіпті ұйымдастыру және басқарумен Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау Министрлігі айналысады.
Қалалар мен облыстарда медициналық профилактикалық орталықтар болу керек. Орталықтардың құрамында мына бөлімдер болу керек: редакциялық баспалар, консултациялық сауықтыру.
Оларда мына кабинеттер болу керек: рациональдық тамақтану, дене мәдениеті, психогигиена және ой еңбек гигиенасы, отбасылық қатынас, фитологиялық кабинеті, денсаулыққа кері әсер ететін әдеттерден сақтандыруға бағытталған кабинет.
Поликлиника, аудандық және қалалық ауруханаларда жеке медициналық профилактикалық кабинеттер болу керек.
Бас дәрігер мен медициналық профилактикалық орталықтың бірігуі арқылы олар басқарылады. Бөлімнің (отделение) басқарушысы емдеу – профилактика мекемесінің бас дәрігеріне бағынады.
Достарыңызбен бөлісу: |