Әлеуметтік алдын алу- қоғам денсаулығы, денсаулық сақтау жүйесі және медицина саласының әлеуметтік проблемалары туралы ғылым.Бұл ғылым басқа ғылымдардан өзіне тән зерттеу әдістерімен,алдында тұрған мақсат міндеттерімен ерекшеленеді.Әлеуметтік медицина ғылымының медицина ғылымынан айырмашылығы –ол тек жеке адамдардың ғана денсаулығын емес, жалпы тұрғындардың қоғамдық,кәсіби топтарының денсаулық жағдайының деңгейі мен қалыпты күйінің және оның өзгеруіне биологиялық, әлеуметтік және экономикалық факторлардың тигізетін әсерін зерттейді. Осы аталған бағыттармен атқарылған жұмыстар қортындысы бойынша, қоғамды сауықтырудың ғылыми тұрғыда негізделген тиімді жолдарын анықтайды. Қоғамдық саяси,әлеуметтік-экономикалық реформалар жүргізу,қайта құру кезеңінде әлеуметтік медицина ғылымының бағыты өзгерді. Себебі, осы кезеңде шаруашылықты жаңа заман талабына сай басқару экономикалық және қаржылық проблемалар, медициналық қамсыздандыру,медицина қызметкер лерінің құқығын реттеу және емделушілердің құқығын қорғау т.б. толып жатқан өзгерістер әлеуметтік медицинаның ғылыми зерттеу жұмыстарының аясын кеңейтті.
Нарықтық экономикалық қатынас кезеңінде ауысыға байланысты әлеуметтік медицина және денсаулық сақтауды басқару пәніне өзгертулер мен толықтырулар енгізіліуімен қатар , медицина саласына байланысты бірнеше заңдар қабылданды.мемлекеттік және мемлекеттік емес (Жекеменшік, акционерлік т.б.) медициналық мекемелер халыққа қызмет көрсете бастады.Осыған орай оларды басқару прициптері мен тәсілдері әртүрлі болғанымен, негізгі мақсат медициналық көмектің тиімділігін сақтау болды. Бұл мақсатты орындау аса маңызды бірнеше 4- бағыттар бойынша жүргізілуде.
1.Денсаулық сақтау саласының дамуын ұзақ уақытқа жоспарлау. Ол үшін 1998 жылы «Халық денсаулығы», «мемлекеттік «100 мектеп,100 аурухана» , 2010 жылғы 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазасқстан» бағдарла малары, 2003 жылы 4 маусымда ҚР « денсаулық жүйесі туралы» заңы мен 18 қыркүйек 2009 жылы «Денсаулық сақтау жүйесі» туралы кодексі қабылданды.