V. Қорытындылау Оқытушы осы теориялық сабақ бойынша оқушылардың білімдерін бағалайды. Бағалау кезінде сұрақтарға берген ауызша жауаптарының белсенділігіне қарап баға қояды.
VІ. Үйге тапсырма Тақырыпты қайталау.
Пайдаланылатын әдебиеттер:
1.«Саламатты Қазақстан».ҚР Мемлекеттік бағдарламасы 2011-2015ж.
2. Интернетресурстар.
«Ақтөбе медициналық колледжі» МКҚК
Бекітемін
Директодың оқу ісі
жөніндегі орынбасары
_____Тлембаева А.Б
«___» _______ 2015ж.
Әдістемелік нұсқаманы жұмыс бағдарламасына сәйкес құрастырған:Туребаева А.А
Тәжірибелік сабақтың әдістемелік нұсқамасы
Тақырыбы: Қауіп-қатер топтары. Қауіп-қатер топтарының мониторингі. Қауіп-қатер факторлары.
Сабақтың мақсаты: Азаматтардың өз денсаулығын сақтау жауапкершілігі негізінде, денсаулыққа әсер ететін зиянды факторлардың болмауын ұйымдастыру.
білімділік- Науқас/келуші және оның жанұясының денсаулығын сақтау және нығайтуда кеңес дағдыларын игереді.
тәрбиелік- салауатты өмір салты қағидаларын ұстанады.
дамытушылық- Студенттердің ой-өрісін, сана- сезімін дамытып, клиникалық ойлау қабілетінің өсуіне ықпал тигізеді.
Сабақтың түрі: Теориялық білім деңгейін жетілдіріп, шеберлікті арттыру.
Сабақтың әдісі:Жартылай ізденіс, проблемалық ізденіс.