6. «ЛЯ» нотасы. Қандай толқындар когерентті толқындар деп аталады?
(Кеңістікте интерференциялық сурет алу үшін қабаттасатын толқындардың жиіліктері мен тербеліс фазаларыбірдей болуы қажет. Мұндай толқындар когерентті толқындар деп аталады.) Слайд № 22-23 7. «СИ» нотасы. Интерференция кезіндегі максимум мен минимум шарттары қандай? (Егер ортаның берілген нүктесіндегі тербелістерді қоздыратын екі толқынның жол айырымы бүтін санды толқын ұзындықтарына тең болса, онда тербеліс амплитудасы максималь болады.
Егер ортаның берілген нүктесіндегі тербелістерді қоздыратын екі толқынның жол айырымы тақ санды жарты толқындарға тең болса, онда сол нүктедегі тербеліс амплитудасы минималь болады.) Слайд № 24-25 Интерактивті тақтада сұрақтармен бірге жауаптары да көрсетіліп отырады.
Әндетіп ноталарды таптық,толқындарды қайталадық. Сонда жаңа сабағымыздың тақырыбы қандай? «Дыбыс табиғаты.Әр түрлі ортадағы дыбыстың таралу жылдамдылығы»
Сабағымыздың мақсаты ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолдана отырып, дыбыстың қасиеттері мен әртүрлі ортада таралуын ұғыну. Оқушылардың білім деңгейін тереңдетіп, шығармашылыққа баулу.