Ү. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Адам дыбыс дүниесінде өмір сүреді.Дыбысты құлағымыз арқылы естиміз.Біз адамдардың дауысын,құстардың сайрауын,саз аспаптарының дыбысын, нөсер кезіндегі күннің күркіреуін етиміз. Дыбыс құбылыстарын оқып-үйрететін физика тарауын акустика деп атайды.(грек. Akustikos- дыбыс деген сөзден шыққан). Дыбыс – газ, сұйықтық немесе қатты күйдегі серпімді орта бөлшектерінің толқын түрінде таралатын тербелмелі қозғалысы.
Дыбыс құбылыстарын оқып үйрену кезінде дыбыс көзі ретінде арнайы аспап – камертонды қолданады.Камертон - доға тәрізді қысқа сапталған металл таяқша, оның көмегімен музыкалық дыбыс алуға болады.Камертонның немесе басқа гармоникалық тербеліс жасайтын денелердің шығаратын дыбыстары музыкалық дыбыстар деп аталады.
Камертон Камертон тербелісі
Достарыңызбен бөлісу: |