1. Діндар тұлғаның психологиялық ерекшеліктері
Діни тұлғаның индивидуалды типологиясы шынайы діншілдікке жақындады-дағы екі ұғымдармен ориентир алады: бүкіл адамзаттық жəне қайталанбас-тұлғалық. Кез келген діни
тұлға немесе топ ерекше рухани тəжірибенің жəне діни мазмұнның ие болып табылады. Діни тұлғалардың индивидуалды типологиясы шеңберінде руханилыққа бағытталған типологизацияны бөлуді ұсынамыз. Айталық, мысалы, сананың иерархиялық құрылымына негізделген діншілдіктің табиғи жəне рухани тұлға деп бөліп қарастырған. Табиғи тұлға ерекшеліктеріне сананың төменгі деңгейлер қызметі сəйкес келеді де, осыдан адамның интуитивті сезімдік сферасына деген бағыттылық туады. Табиғи діни тұлғада қоғамдық-этикалық индифферентті қарым-қатынасты сипаттайды. Яғни, тек өзінің топ мүшелеріне ғана емес барлық қоғам үшін де жауапкершілікті өзіне алмайды. Осы деңгейде, діннің ритуалды жағымен байланысты болған діншілдіктің эстетикалық аспектісі қалыптасуы мүмкін. Тұлғаның мұндай тип өкілдері кез келген конфессияда көрінуі мүмкін.
Діни тұлғалардың осы типтегі өкілдері «құтқару діндеріне»: ислам, буддизм, христиан діндеріне тиесілі болады. Бұл діндерде адам өмірі екіге бөлінеді: табиғаттағы жəне рухтағы өмір. «Сыртқы адам» түсінігінде адамның дене тұрпатымен байланысты психофизиологиялық, табиғи ерекшеліктерімен
байланысты. модельдің мазмұнындағы маңызды тұсы адамды өзінің онтологиялық сакральді бастауларынан бөліп көрсету. Сыртқы адам түсінігінің антитезасы ішке бағытталған адам. Ол Құдай жəнe жеке қалып, рефлексия жүргізе алатын, мета-
физикалық жайсыздықтарға мəн бермейтін діни сенімі қалыптасқан адам. Ішке бағытталған адам Құдаймен жеке байланысын саналы тұрғыда түсіне алады. Мұндай адамдардың өмірлік позициялары өзіндік ішкі діни-практикалық бағыттылықты қалыптастырумен, адам зат болмысының жоғарғы шындығын танумен ерекшеленеді. Адамның жан дүниесін сыртқы жəне ішкі деп бөліп қарастыру өзге де философиялық концепцияларда кездеседі. Сонымен қатар, ондағы маңызды болған мəселеге субъективтілікке, тұлғаның рухани-құндылықты сферасына деген
қызығушылықтың артуымен байланысты. Діни тұлға типологиясына қатысты бірқатар зеттеулердегі шетелдік авторлардың нəтижесі бойынша, діншілдік пен тұлға моделінің өзара мəнді корреляциялық байланыстың болyын көрсетеді [20].
Шетелдік дін психологиясы əуелден-ақ діни тұлғалардың əлеуметтік психологиялық типологиясын жасауға өз ұмтылыстарын бастаған еді. Осы мəселемен ерекше мəн беріп айналысқан америкалық психолог Оллпорт болды. Өз еңб ектерінде, 60-шы жылдары, Оллпорт діни тұлғалардың негізгі екі діни типі бар деген концепциясын алға тартты. Бірінші типке қатысты болғандар дінді өмірдегі мақсатына жетудің тəсілі ретінде ғана қабылдайтындар, яғни, олардың дінге деген қатынастары тек сыртқы формасы жағына ғана мəн беретіндер. Шіркеулерге бару, діни қауымдардың іс-шараларына қатысу арқылы олар дінге деген сыртқы əрекеттерімен қоғамда өздерін əлеуметтік ұнамды етіп, көпшіліктің өмір салтына икемді болып көрінетін діни тұлға. Осы типтегі кейбір адамдар үшін, дін жұбату сезімін, жанның тыныштығын береді жəне теріс эмоциялық күйлерді болдырмауға септігін тигізеді. Оллпорт мұндай типті діни тұлғаларды extrinsic деп атады, яғни, «сыртқы», «органикалық тиісті емес» деген ұғымдармен аударып айтсақ болады.
Екінші типтегі діни тұлғалар үшін діннің алар орны ерекше жəне соңғы құндылықты құрайды. Олар, əртүрлі əлеуметтік сферадағы өз Əрекеттерін дінмен мотивтендіріп отырады. Діннен болмаған немесе дінге байланысы жоқ қажеттіліктері олар үшін екінші орындағы мəселеге жатады, өздерінің барлық əрекеттерін діни нормалар мен діни жазбаларға бағындыруға тырысады. Мұндай діни тұлғалардың типін Оллпорт intrinsic («ішкі», «имманентті қатысты»)
Белгілі кеңестік философ және дінтанушы Д. М. Угринович марксистік ұстанымдардан діни тұлғаның қалыптасуы мен оның сипаттамалық ерекшеліктерін зерттейді. Оның көзқарастарына сәйкес, адам діни болып туылмайды, ол өзінің жеке басын қалыптастыру және қоршаған шындықпен өзара әрекеттесу процесінде діни қасиеттерге, мотивтерге, сенімге және т.б. д. М. Угринович өзінің еңбектерінде жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін микро орта мен макро орта ерекшеліктері туралы дәстүрлі әлеуметтік-психологиялық және әлеуметтанулық идеяны бөліседі. Макро орта-бұл қазіргі уақытта қалыптасқан әлеуметтік қатынастар жүйесі, онда адам қатысады, өмір сүреді және әрекет етеді. Микро орта-бұл жеке тұлғаны қамтитын әртүрлі әлеуметтік топтардың отбасы, достары, туыстары мен мүшелерін қамтитын тікелей әлеуметтік орта[4]. Адамның діндарлығының даму себептерін түсіндіру үшін, ең алдымен, оның микроортасын, яғни діни отбасының, сондай-ақ діни қоғамдастықтың әсерін зерттеу қажет.
Діни тұлға типтерін дифференцияциялау белгілі бір жағдайда шартты жəне ол бірнеше факторлармен байланысты: Діни объектіні таңдау; отбасындағы дəстүрлер; мемлекет.
Діни тұлға типтерін классификациялауда аңғаратын мəселе – діни тұлға əрқашан тек бір ғана тип өкілі болып қала бермейді, ол бірнеше типтің əрекет-қылықтарын өзіне біріктірген болуы да мүмкін. Тəжірибелер көрсеткендей, жоғарыда аталған типтер статикалық сипатта емес, бір типтен екіншісіне өтуі мүмкін. Осындай жағдайлар діни тұлға типтерінің кез келген орталардa, жамағатта түсініспеушілікке себеп болуы да мүмкін. Тұлғалардың діншілдік деңгейі kөбіне тұлғаның діни типін анықтайды.
Анық болған діншілдік формалары:
- сыртқы жəне ішкі;
- шынайы жəне жалған;
- иллюзорлы жəне айқын
- дəстүрлі жəне дəстүрлі емес деген формалар діни тұлға типтерінің концепцияларымен сəйкестік табады.
Діни тұлға типтерін классификациялаудағы критерийлер ретінде біздер мына жағдайларға мəн береміз: діншілдік деңгейі мен сипаты адамның психикалық
Жəне физикалық ерекшеліктері; адамның діни сенімінің тереңдігі мен интенсивтілігі; діни культтік тəжірибеге деген қызығушылық; өмірге деген көзқарас типі (дəстүрлі жəне дəстүрлі емес); нақты бір діни
қауымға қатысты болуы. Алдыңғы философиялық модельдер контексіндегі діни тұлға дамуының жалпы жүйесін адам мен Абсолют арасындағы тылсым күш, адам жаратылысының мəні, жоғарғы эмоциялығымен ерекшеленетін психика толықтыра түсетіндей. Діни тұлғаның əлеуметтік-психологиялық
негізін адам мен Құдай арасындағы байланыс механизмі құрайды жəне типологиялық концептуалды модельдерін анықтайды. Осылайша, қазіргі қоғамдағы діни тұлғаның дамуы мен қалыптасуының өзіндік ерекшеліктері, яғни: өзіндік діни тəжірибеге нег ізделген діни сенімнің болуы, осы діни сенімдегі тұлғаның белсенділігі, əлем мен Абсолют арасындағы мұқалмас байланыстың бар екендігін өз əрекетімен көрсету.
Достарыңызбен бөлісу: |