Тақырыбы: дк-нің негізгі құрылғыларының конфигурациясы pc configuration of devices The purpose of the lesson



бет2/8
Дата31.01.2018
өлшемі1,59 Mb.
#37120
1   2   3   4   5   6   7   8

Микропроцессор. Микропроцессор бір кристалда дайындалған интегралдық схемалар-БИС, олар әртүрлі типтегі ЭЕМ-ды жасауға керекті элемент болып табылады. Оны әртүрлі логикалық функцияны орындайтын етіп программалауға болады, сондықтан программаны өзгерту арқылы микропроцессорды арифметикалық құрылғы немесе енгізу-шығару жұмыстарын басқарушы рөлінде қолдануға болады. Микропроцессорға жедел, тұрақты жад және енгізу-шығару құрылғыларын қосуға болады.

Процессор- көптеген жартылай өткізгішті элементтерден тұратын және компьютерде барлық есептеулер мен акпарат өңдеу жұмыстарын орындайтын электрондық микросхема. Қазіргі компьютерлерде бір немесе бірнеше процессорлар жұмыс істейді.

Процессор тікелей компьютердің класын аныктайды. Егер екі процессордың командалар жүйесі бірдей болатын болса, онда олар программалық деңгейде толығымен үйлесімді болады. Бұл бір процессор үшін жазылған программа екіншісі үшін де орындалатынын білдіреді.

Шектелген үйлесімділікке ие болған процессорлар тобын процессорлар топтамасы деп атайды. Мысалы, барлық Іntel Реntium процессорлары х86 топтамасына жатады. Бұлардын негізін қалаушы 16-разрядты Іntеl-8086 процессоры болып табылады. ІВМ РС компьютерінің ең алғашқы моделі осы процессордың негізінде құрастырылған. Кейінірек Іntеl 80286, Іntеl 80386, Іntеl 80486, Іntеl Pentium 60,66,75,90,100,133; Іntеl Pentium ММХ, Іntеl Pentium Рго, Іntеl Pentium II, Іntеl Сеіегоп, Іntеl Pentium III процессорлары шығарыла бастады. Бұрын дербес компьютерлер үшін процессорлар шығаратын тек Іntеl фирмасы болса, кейінірек ADM, Суrіх фирмалары да процессор шығарумен айналыса бастады.

Процессордың бір-бірінен өзгешелігі олардың типтері (модельдеріне) мен ырғақтық жиіліктерінде. Ырғақтық жиілік — олардың жұмыс жылдамдығының көрсеткіші. Ол мегагерц-пен өлшенеді. Мысалы, Іntеl Pentium типтегі процессорлар 75, 90, 100, 120, 133, 150, 166, 200 және 233 МГц жиілікпен жұмыс істейді.



Компьютерге әлемдегі ең үлкен тұрғылықты дискіні, ең күшті бейнелік бейімдеуіш пен керемет дыбыстық жүйені орнатуға болады, бірақ процессор баяу, жады мардымсыз болса, осы байлықтың барлығы түкке де жарамай қалады.
Процессор немесе микропроцессор компьютердегі орталық мәліметтер өңдеу құрылғысы болып табылады. Процессор микросхема ретінде ұсынылған және оперативті жадымен қатар аналық тақшада орналасады. Процессорлар бағдарламалар жұмысына қажетті есептеулерді орындайды. Процессор неғұрлым шапшаң болса, компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы соғұрлым жоғары болады.
Процессордың жылдамдығы мегагерцпен (МГц) немесе гигагерцпен (ГГц) өлшенетін оның ырғақтық жиілігімен анықталады.
Процессордың үстіне радиатор, радиаторға процессорды салқындатуға арналған желдеткіш (кулер) орнатылады. Компьютердің оперативті жадысы (ОЗУ) немесе Random Access Memory мәліметтерді қысқа мерзімге сақтау үшін қызмет етеді.

Кез келген бағдарламаның, амалдық жүйенің де, жұмыс істеуі үшін іске қосу кезінде бағдарламаның бір бөлігін қотаруға оперативті жадының біршама көлемі талап етіледі.



Компьютердің жады — оның құрамына міндетті түрде енетін элементтердің бірі. Ол бірнеше түрге бөлінеді және бір-бірінен өлшеміне, ақпаратты сақтау мерзіміне және т.б. параметрлеріне қарай ажыратылады.

Жадтың көлемі байтпен өлшенеді. Бір байт сегіз биттен тұрады. Бит деп 0 мен 1 мәндерінің біреуін ғана қабылдай алатын ақпарат өлшемінің ең кіші бірлігін айтады. Сонымен 1 байт көлемдегі жадқа бір символ сақтауға болады. Қазіргі кездегі компьютерлердін жадының көлемі миллиондаған байтқа жетеді, сондықтан оны килобайт, мегабайт, гигабайт арқылы қысқаша өрнектеген ыңғайлы:

  • 1 Гбайт = 1024 Мбайт

  • 1 Мбайт = 1024 Кбайт

  • 1 Кбайт = 1024 байт.

Жедел жад - немесе жедел есте сақтау кұрылғысы ақпараттың кез-келген бөлігіне лезде қатынауды қамтамасыз етеді. Бірақ компьютерді өшірген кезде жедел жадтағы барлық ақпарат бірден жойылады. Дербес компьютерлердің жедел жадының өлшемі жылдан жылға өсіп келеді. Pentium типтес компьютерлердің жедел жадының көлемі 3 Мбайттан 256 Мбайтқа жетеді. ОЗУ-дың құрылысы оны үнемі ұлғайтып отыратындай етіп жасалынған. Компьютердің жедел жадының көлемі өскен сайын оның есептеу жылдамдығы артады.
Жедел жад


Тұрақты жад - стандартты програмаларды, өзгермейтін мәліметтерді және жүйелік ақпаратты (ВІОS, таңба генераторларының кестесін және т.б.) энергиядан тәуелсіз сақтауға арналған жад. Компьютер жұмысы кезінде бүл жадтан мәліметтерді тек оқуға болады, ал оған ақпарат жазу арнаулы құралдар (программалауыштар) арқылы жүргізіледі. Жадтың өзгермейтін түрін қүрады. Мұнда компьютер құрылғыларын басқаруға арналған жүйелік программалар орнатылған. Компьютерді іске қосқаннан кейін жабдықтарды біртіндей тестілеу процесі басталады. Процессор мен бейнеадаптерді тестілеу процесі аяқталған соң мониторға диагностикалық хабарлама шығарылады. Содан соң компьютердің бастапқы жүктелу процесін басқаратын программа орындалады.

Қатқыл диск- үлкен көлемдегі мәліметтер мен программаларды ұзақ уақытқа сақтауға арналған негізгі құрылғы. Шындығына келгенде ол бір диск емес бірнеше дискілердің жинағынан тұрады. Қатқыл дискінің негізгі параметрлеріне оның сыйымдылығы мен жұмыс өнімділігі жатады. Қазіргі кезде қатқыл дискінің көлемі 40 Гбайтқа жетті және ол одан әрі ұлғайтылуда.
Қатқыл диск



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет