Бұл көрнекіліктерді қолдану танысқалы отырған заттың өзін тікелей көру мүмкін болмаған жағдайда, олардың бейнесін суреттеме түрінде пайдаланады.
Муляж – табиғи объектінің дәлме-дәл көшірмесі, яғни оның сыртқы белгілері (түсі, пішіні, көлемі) сақталынады. Оларды парафин, пластиллин, ұн немесе желімді пйдалана отырып даярлауға болады. Қыста оқытылатын кейбір объектілерден, мәселен, шырынды жемістер, саңырауқұлақтар муляждарын жасауға болады.