Тақырыбы: Достық қымбат өмірде
Мақсаты: Оқушыларға «достық», «еңбек» ұғымдарының адамгершілік құндылықтары ретіндегі мәнін ашу. «Қуану»,»шаттану» ұғымдарының тәрбиелік мәнін түсіндіру. Әртүрлі көңіл күйді сезіне білуге, айналасындағы адамдарды сыйлай білуге, қуанта білуге үйрету. Достарымен жағымды қарым қатынас жасай білуге, өзара көмек, өзара сыйластық қарым қатынастарын дамыту. Оқушылардың ой-өрісін дамыту, сөздік қорын молайту. Өз ойларын толық жеткізе алуға баулу. Мәдениетті қарым қатынас жасауға үйрету. Оқушыларды шапшаңдыққа, еңбексүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Жарайсындар, достарым! Бәріміздің бірге екенімізді сезіну қандай тамаша! Ал, олай болса бәріміз жайғасып отырайық.
Шаттық шеңбері Оқушылармен шаттық шеңберіне қол ұстасып тұрып,сәлемдесу.
- Балалар біз күнде аспанға қарағанда нені көреміз?
- Күнді көреміз.
- Күн жылуы не істейді ?
- Күн жылуы жүзімізді жылытады.
- Күн жылуы көзімізді жылытады.
- Күн жылуы тағы нені жылытуы мүмкін ?
- Жүрегімізді.
- Олай болса, жүректерімізді ұстап жылуын сезінейікші. (Балалар қолдарымен жүректерін ұстайды.) Тыңдаңдаршы, біздің барлығымыздың жүректеріміз бірдей. Олар барлық адамдарда бірдей соғады. Кәнекей жүрек дүрсілін тыңдап көрейікші. - Енді осы жүректердің жылуын бір-бірімізге алақандарымыз арқылы сыйлайықшы. Біз бәріміз доспыз, тілегіміз бір.
- Балалар, достық дегеніміз не ? Оны қалай түсінесіңдер?
- Балалар бір-бірімен ойнайды.
- Балалар бір-біріне ойыншық береді.
- Балалар бір-біріне көмектеседі.
- Ал қай кезде сендер достарыңның көмегін сезіндіңдер?
- Мен құрылыс блогімен ойнағанда Сабина маған оны жинауға көмектесті.
- Мен сурет салғанда Аян маған түрлі-түсті қарындашын берді.
- Мен кезекші болғанда Арман маған үстел жинауға көмектесті.
- Балалар өмірде адамдар бір-бірімен, кел дос болайық деп дос бола салмайды. Достық бір-бірімізге адал көңілімізбен жақсы әдепті қылықтарымызбен өзара сыйластық пен татулықтан, көмекпен бірте-бірте қалыптасады. Бұл достықтың белгілері екен. Бүгінгі сабағымызда достық,өзара сыйластық тақырыбында әңгімелесеміз.
Ойын. «Мен қандай баламын?» Тақтаға күн тәріздес дөңгелек сары қағаз ілінеді. Қағаздың ортасына «Мен» деген сөз жазылады. Алдын-ала оқушылар санына сәйкес қағаздан жасалған күннің шуағы тәріздес сары жолақтар балаларға таратылады. Әр бала досының бойындағы жақсы қасиеттерінің бірін айтып, «шуақты» тақтаға кезекпен іліп отырады. Тақтада жақсы құндылықтарға толы үлкен күн құрастырылады.
- Балалар, бәріміз бірігіп жақсы сөздерге толып жарқыраған, шуағы мейіріммен төгілген күн құрастырдық. Күн шуақтары бізге жылылық сыйлап тұр. Біз де сол күн сияқты достарымызға және өзімізге тек қана жақсылық сыйлайық.
Дәйексөз«Жүз теңгең болғанша – жүз досың болсын» Тапсырма Достық жайлы,балабақшадағы немесе сыныптағы достары жайлы ойларын сұрау. «Менің достарым» тақырыбына әңгіме құрастыру. Балаларды шеңберге жинап,достарына айтатын тілектерін айтқызу және бір біріне жақсы тілектер айтқызып, достықтың өмірде қымбат екенін және өте қажет екенін айтып сабақты аяқтау.
Жүректен жүрекке -Балалар, қол ұстасып, шеңбер құрайық, шеңберімізді дөңгелек күнге ұқсатайық. Қане, бір-бірімізге қарайық. Досыңның күлімдей қарағаны саған қуаныш сыйлап тұрғаны емес пе?! Ендеше шат көңілмен мына өлеңді бірге айтайық.
Дос болайық, бәріміз! Сөзін жазған Х.Талғаров Әнін жазған И.Нүсіпбаев Әрқашан дос, біргеміз,
Ажырамас іргеміз.
Ілгері жүріңдер.
Достық жырын біліңдер,
Туғып ұстап бірлікті,
Еңбекті сүйіңдер!
Қайырмасы Дос болайық, бәріміз,
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз.
Қайраттанып қарышқа,
Озып шыққан жарыста,
Батыл бас, жас ұлан!
Самға биік, алысқа,
Жұлдыздарға, ғарышқа,
Бойда күш тасыған.
Қайырмасы Қорытынды-Балалар, біз бүгінгі сабақта достық жайлы әңгімелестік. Өзіміздің достарымызды есімізге алдық. Достар арасындағы өзара көмек, өзара сыйластық туралы білдік. Достарымызды сыйлауды, бір-бірімізден кешірім, рұқсат сұрауды, қолда бар заттармен бөлісуді, сыныптастарды ренжітпеуді, өзара көмектесуді барлығымыз білсек және соны көрсете алсақ, онда біз сыйлы, ұйымшыл, тату боламыз. Достарымызбен болған әрбір күн бізге қуаныш, жақсылық сыйлайды. Достар қашанда бір-біріне жақсы тілек білдіріп, жылы сөздерін арнайды. Біз де достарымызбен бірге қуанып, айналамыздағыларға тек жақсылық тілеп жүрейік. Сонда өзіңнің де, достарыңның да көңіл күйі көтеріңкі болады.