Тақырыбы: Двигательдің жалпы құрылысы және жұмысы



бет5/5
Дата17.06.2020
өлшемі130,57 Kb.
#73785
1   2   3   4   5
Байланысты:
Азыркан Адильхан Лаб1

4 тактілі

2 тактілі


  1. Іштей жанатын двигательдің автотракторлық типі қандай механизмдер мен жүйелерден тұрады ? Олардың қолданылуы жайында айтып беріңіз.

  • Кривошипті-шатунды механиз

  • Иінді-шатунды механизм

  • Газ тарату механизмі

  • Қоректендіретін жүйе

  • Майлайтын жүйе

  • Суытатын жүйе

  • Оталдыратын қондырғы

  • Тұтандыру жүйесі

  • Жану процесі

Кривошипті-шатунды механизм ілгері-кейінді бағыттағы түзу сызықты қозғалысты айналмалы қозғалысқа түрлендіру қызметін атқарады.

Иінді-шатунды механизм поршеннің ілгері-кейінді түзу сызықты қозғалысын иінді біліктің айналмалы қозғалысына өзгерту қызметін атқарады.

Газ тарату механизмі цилиндр ішіндегі жүретін процестерді иінді-шатунды механизммен бірлесе отырып іске асырады.

Қоректендіру жүйесі цилиндр ішіне жану қоспасын даярлау қызметін атқарады.

Майлау жүйесі двигатель бөлшектерінің аралығындағы үйкеліс күшін азайту қызметін атқарады.

Суыту жүйесі двигательде пайда болған артық жылуды одан тыс шығарып , қоршаған ортаға таратып жіберу қызметін атқарады.

Оталдыру жүйесі двигательді алғаш іске қосып жіберу қызметін атқарады.

Тұтандыру жүйесінің қызметі, цилиндр ішінде қысылып, қызып тұрған жану қоспасына электр ұшқынын береді де оны тұтандырады

Әрі қарай жану процесі жүреді. Бұл жүйенің құрылысы өте күрделі қондырғылар мен құралдардан тұрады.


  1. Жоғарғы өлі нүкте және төменгі өлі нүкте, поршеннің жүріс жолы, жану камерасының көлемі, цилиндрдің жұмыс және толық көлемі, двигательдердің литражы (бір цилиндрлі және көп цилиндрлі) қысу дәрежесі және көп цилиндрлі двигательдердің жұмыс істеу тәртібі ұғымдарына анықтама беріңіз.


Өлі нүкте– піспекті(поршеньді) машина піспегінің жылдамдығы нольге тең болатын шеткі нүктелер. Қозғалтқыштағы піспектің біліктен ең қашық орналасуы – жоғарғы өлі нүкте, ең жақын орналасуы – төменгі өлі нүкте деп аталады

Поршеннің жүріс жолы (S) оның жоғарғы мен төменгі өлі нүктелер аралығындағы жүрген жолының кашықтығын көрсетеді

Жану камерасы – поршеннің жоғарғы өлі нүкте жағдайындағы поршен мен цилиндр қалпақшасының арасындағы кеңістік. Жану камерасының көлемі  – поршень жоғары өлі нүктеге келгендегі, оның үстіндегі көлем.

Цилиндрдің жұмыстық көлемі ,– поршень жоғарғы өлі нүктеден төменгі өлі нүктеге  қозғалғандағы босаған кеңістік:

Цилиндрдің толық көлемі – жану камерасы көлемі мен цилиндрдің жұмыстық көлемінің қосындысы, яғни поршень төменгі өлі нүкте жағдайындағы, оның үстіндегі көлем

Литраж – мотордың барлық цилиндрлерінің жұмыстық көлемінің қосындысы

Цилиндрдің толық көлемінің жану камерасының көлемінен қанша есе артық екендігін көрсететін санды сығылу дәрежесі деп атайды



Мотордың жұмыс ретi деп бiр түрлi процесстiң цилиндрлер бойынша ауысу ретiн атайды. Мысалы мотордың жұмыс ретi 1-3-4-2 болса, онда кез келген бiр процесстiң, айталық сору процессiнiң өзi алдымен 1-цилиндрде, содан кейiн 3-, одан кейiн 4- және ең соңында 2-цилиндрде болатындығын көрсетедi. Немесе сол сияқты қысу процессi, әйтпесе ұлғаю процессi т.с.с.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет