Еңбек жағдайының жіктелуі. Өндірістерде байқалатын жұмыс жағдайлары өндірістік орта факторларының зияндылық және қауіптілік көрсеткіштері бойынша және еңбек үрдісінің ауырлығы мен қауырттылығы бойынша
Еңбек жағдайының жіктелуі. Өндірістерде байқалатын жұмыс жағдайлары өндірістік орта факторларының зияндылық және қауіптілік көрсеткіштері бойынша және еңбек үрдісінің ауырлығы мен қауырттылығы бойынша 4 классқа бөлінеді.
Қолайлы еңбек жағдайлары (1 класс) – жұмыс істеушілердің денсаулығы сақталатын және еңбекке қабілеттілігі жоғары деңгейде сақталуына алғы шарттары бар, еңбек жағдайлары. Өндірістік факторлардың қолайлы нормативтері микроклимат параметрлері мен еңбек үрдісінің факторлары үшін орнатылған. Басқа факторлар үшін, өндірісте қолайсыз факторлары жоқ немесе факторлардың деңгейлері халық үшін қауіпсіз деп қабылданған деңгейлерден аспаса, еңбек жағдайлары шартты түрде қолайлы деп қабылданады.
Рұқсат етілген еңбек жағдайлары (2 класс), жұмыс орындары үшін бекітелген гигиеналық нормативтерден аспайтын, өндірістік орта мен еңбек үрдістері факторларының деңгейімен сипатталады, ал ағзаның функционалдық жағдайында болатын өзгерістер регламенттелген демалыс уақытында немесе келесі жұмыс ауысымның басында қалпына келеді және жұмыс істеушілер мен олардың ұрпақтарының денсаулық жағдайына жақын уақытта және ұзақ уақыт өткеннен кейінгі кезенде қолайсыз әсер етпеуі тиіс. Рұқсат етілген еңбек жағдайларын шартты түрде қауіпсіз еңбек жағдайларына жатқызады.
Зиянды еңбек жағдайлары (3 класс), деңгейі гигиеналық нормативтерден асатын, зиянды өндірістік факторлардың болуымен сипатталады, сол себепті бұл факторлар жұмысшының және/немесе оның ұрпағының ағзасына қолайсыз әсер етеді. Зиянды еңбек жағдайлары гигиеналық нормативтерден артық болуы және жұмысшылардың ағзасындағы өзгерістердің айқындық дәрежесіне байланысты төрт зияндылық дәрежесіне бөлінеді.