Тақырыбы: «Әдебиет-сырлы әлем»


«Әке мен бала»,  «Жаман жолдас»



бет3/3
Дата05.11.2016
өлшемі479,72 Kb.
#952
1   2   3

«Әке мен бала»,  «Жаман жолдас»  әңгімелері бойынша талдау жұмыстары.

 1 топ

2 топ

Әке

Бала

Жақсы

Жаман

Үлкен кісі
Тағаны алады
Ақылды адам
Шие сатып алды
Еңбектенді

Жас бала
Алғысы келмейді
Ақылсыз бала
Сатып алмады
Еңбектенген жоқ

Ауру жігіт
Жерге  құлады
Аю иіскеді
Жерден тұрды
Жауап берді

Сау бала
Ағашқа шықты
Аю 
Ағаштан түсті
Сұрады

  • «Көнәз» стратегиясы

«Жақсымен жолдас болсаң жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң қаларсың ұятқа»  
-Қандай жолдаспен дос болу керек? Пікірталастыру
- Асты сызылған сөздерге фонетикалық талдау жасау

4. Фонетикалық талдау. /Қазақ тілімен байланыстыру/
І. топ
 Математикалық тәсілмен дауысты дыбысқа талдау
Берілгені: Жаманмен   /Сөзде неше дыбыс бар және олар іштей қалай жіктеледі?/
Шешуі: Жаманмен сөзінде 8 дыбыс бар, оның 3-еуі дауысты, 5-еуі дауыссыз
8    3   - (2 а, е) 
5   - (ж, 2м, 2н)
а) Тілдің қатысына қарай
2   (2а) жуан    
1   (е) жіңішке
б) Жақтың ашылуы
2   (2а) ашық                
1   (е) жартылай ашық  
в) Ерін мен езудің қатысына қарай
3     3  (2а, е) езулік

 

ІІ. топ


Сатылай комплексті талдау
Жақсымен
Буын түрлері
1.  Аралас буынды
2. Жақ  -  сы  -  мен

                                          Тасымал


3. Жақ-   
сы-          болып екі жағдайда тасымалданады
мен

                                    Екпін


4. Жақсымен   (е дыбысы)

Буын үндестігі
5. Жақсымен — түбір мен қосымшаның арасында буын үндестігі
жоқ. Себебі (-мен) буын үндестігіне
бағынбайтын қосымша.

Дыбыс үндестігі
6. Жақсы — мен
Сөз дауысты дыбысқа аяқталғанда, дауыссыздан басталатын
қосымша үнді д-сыз дыбысынан басталады

ІІІ. Ой толғаныс
      «РАФТ» стратегиясы

  • Ыбырайдың бір әңгімесін алып, ондағы кейіпкерге хат жазу /өздеріне қатты ұнаған, оқыған  әңгімесін алу/


Сабақтың тақырыбы: Ы.Алтынсарин әңгімелері
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Ы.Алтынсариннің шығармашылығымен тереңірек таныстыру, әңгіменің тақырыбы мен жазушының идеялық мұратын мәтінге сүйене отырып ашу, Ы.Алтынсариннің ел болу идеясының өміршеңдігіне көз жеткізу;
Дамытушылық: Шығарманың эстетикалық,идеялық мәнін түсіне білуге, өзіндік талдау, жинақтау жасап, ойлай білуге дағдыландыру, жеке, топтық жұмыста шапшаңдық, тапқырлық танытуға, ойын әдеби тілмен өрнектей біуге төсілдіру;
Тәрбиелік:Ұлы ағартушының өмірлік ұстанған принциптері мен биік мұраттары болашақтың қамы екеніне тоқтала келіп, ел, Отан болашақ алдындағы борышын сезінуге, елін,жұртын сүюге тәриелеу.
Сабақтың көрнекілігі:Ыбырай әңгімелерінің тақырыптарына байланысты суреттер жиынтығы, сызба кесте, слайд шоу.
Сабақтың түрі:Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың әдісі:сын тұрғысынан ойлау (ой қозғау,топтастыру, семантикалық карта, екі жақты күнделік)
Пәнаралық байланыс:қазақ тілі,тарих, география
Сабақтың жабдықталуы: Ыбырай Алтынсариннің шығармалар жинағы,слайдтар, портреті
Сабақтың барысы:
а)Ұйымдастыру кезең:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.Оқушыларды екі топқа бөлемін.
ә)Үй тапсырмасын пысықтау:
XIXғасырдың 2-жартысы мен XX ғасырдың басында өмір сүрген әдебиет өкілі Ы.Алтынсариннің өмірі мен өлеңдеріне шолу
Ыбырай лирикасы:
табиғат лирикасы: «Өзен», «Жаз» өлеңдері, 
азаматтық лирика: «Бұл кім?», «Әй,достарым!», «Әй,жігіттер!», «Ананың сүюі» . 
Саяси лирика:«Залым төреге», «Азған елдің хандары», «Азған елдің билері»..
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
-Балалар бүгінгі осы алған білімдерімізді толықтыру мақсатында «Ыбырай әңгімелерінің тақырыптарымен»танысамыз.
Алдымен әңгіме дегеніміз не?
-Әңгіме -адам өмірінің бір сәтін бейнелейтін сюжеті бар шығарма.
Ыбырай Алтынсарин -қазақ балалар әдебиетінің атасы, әңгіме жанрының негізін салушы. «Қазақ хрестоматиясына» кірген әңгімелерінде Ыбырай жастарды еңбекті сүюге,оқу өнерге ұмтылуға,Отанын,елін сүйетін патриоттық сезімге,талапты,жігерлі,кішіпейіл болуға үндейді.Ы.Алтынсарин -балалар әдебиетінің атасы.Бүкіл өмірін қазақ балаларын оқытуға арнаған.Бұл шығармалардың тақырыптық- идеялық мазмұнынан біз Ыбырайды ұстаз, тәрбиеші ретінде алдына мақсат етіп қойған адамгершілік мәселелерін көреміз.
Шағын әңгімелерінің ішінде бүгін танысатынымыз - «Атымтай жомарт» пен «Мейірімді бала» әңгімелері 
Топтық жұмыс. 
І топ. «Кубизм» стратегиясы. 
«Атымтай жомарт» әңгімесі бойынша.
1. Әңгіме мазмұнын баяндаушылар.
2. Зерттеушілер (қиын сөздерді тауып; мағынасын іздейді. Мыс: жомарт; көңілге жел кіргізу; әбірет)
3. Сұрақ құрастырушылар (мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады)
4. Афоризмдер табу (нақыл сөздер; мақалдар табу)
5. Сурет салу 
6.Дәнекерлеушілер (Қазіргі заманмен байланыстыру) ІІ топ. Эдвард де Бононың « Ақылдың алты қалпағы» әдісі бойынша талдау. Ақ (бұлт) - оқиғаның мазмұнын баяндайды. Қызыл (от) – ішкі сезім, эмоция, сезінулер және интуицияны білдіру.
•Қара (тұман) – негативті ойлау, мысалы: “бұл орындалмайды, себебі....” 
•Сары (күн) - оптимизмді, ашықтықты, позитивті және конструктивті ойлар, ұсыныстар, мысалы: «неге, бұл міндетті түрде орындалады!»
•Жасыл (дала) – жаңа идеялар ағымын тудыратын шығармашылық ойлар
Көк (аспан) – жоғары деңгейдегі жалпы көзқарастарды, білдіреді, қорытындылайды .
в) Білімді бекіту.
1.Әңгімеден бойларыңызға қандай қасиет жинадыңдар, нені ұғып,нені
үйрендіңдер?
2.Әңгіме бізді неге,қандай қасиеттерге тәрбиелейді деп ойлайсыңдар?
Сол туралы өз ойларыңызды қысқаша жазыңдар.
Семантикалық картамен жұмыс.
Әңгімедегі тақырыптары кейіпкерлер Әңгіме желісі Немен аяқталады? Не суреттеледі?
жағымды жағымсыз

Екі жақты күнделік
Әңгімеде саған не әсер етті? Несімен әсер етті?
г) Үйге тапсырма:
1.Әңгімелерін оқу,мазмұндау.
2.«Ы.Алтынсарин шығармалары - балалар әдебиетінің бастау
көзі»тақырыбына эссе жазу.
Бағалау:Оқушылар бағалау парақтары бойынша бағаланады.

Сабақтың тақырыбы: 
Ахмет Байтұрсынұлының “Балаларды оқуға шақыру” өлеңі
Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының ұлы ақыны А. Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылық жолы туралы оқушыларға қысқаша түсінік беру. Ақынның “Балаларды оқуға шақыру” өлеңінің мазмұнымен, идеясымен таныстыру. Мәнерлеп оқу дағдысын, оқушылардың тілін дамыту, сөз байлықтарын толықтыру. Ақынға, тілге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу, оқу, білім алуға деген оқушылар ынтасын қолдау.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдіс - тәсілдері: мәнерлеп оқу, талдау, баяндау, кестемен жұмыс, көрнекілікті қолдану
Көрнекілік: ақын портреті, шығармалары, қосымша материалдар
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Сабақтың мақсат - міндетін түсіндіру
ІІІ. Жаңа сабақ:
1. А. Байтұрсынұлы туралы оқулық материалымен танысу.
2. Сөздік жұмысын өткізу:

Тіл білімі - языкознание
Намысшыл - честолюбивый
Айып - обвинение
Атылды - был расстрелян
Беделді - авторитетный
Ағартушылық жол - просветительский путь
Тіл білімнің атасы - родоначальник языкознания
Мысалшы - баснописец

Сөздікте берілген сөздердің қолдану аясын анықтау. Мысалы: Тіл білімі – қазақ тіл білімі, орыс тіл білімі. Тіл білімі тіл заңдарын зерттейді. Қазақ тіл білімінің атасы – А. Байтұрсынұлы

А. Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына арналған кесте толтырып, оны жауаптарында пайдалану:

Маңызды оқиғалар | Жылдар | Шығармалары |

Ақын туралы берілген мәтіннен “Қандай?” деген сұраққа жауап беретін сөздерді теріп жазу. Олармен сөз тіркесін, сөйлем құрастыру. Кім сауатты оқушы екенін анықтау.

Қандай? | Сөз тіркесі | Сөйлем

“Балаларды оқуға шақыру” өлеңімен жұмыс:
а) Өлеңді мәнерлеп оқу.
ә) Өлеңге берілген сөздікпен жұмыс:
Жатпа қарап - не бездельничай
Шақырды тауық - петух прокричал
Қоңыз - жук
Күн ашық - ясный день
Ың - жың орман - лес шумит
Тоқылдақ - дятел
Ау - невод
“Аллалап”- с именем Аллаха
Шапшаңырақ - побыстрее
Мана әлдеқашан - уже давно
Аралар - пчелы
Тоғайлар шат - пер.: лес весел
Жан - мақлұқ - живое существо
Балықшы - рыбак
Орақ даусы - звон серпа
Құлдарын құдай сүймес жалқау болған - и бог не любит своих ленивых рабов

б) Өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру:
Ақын өлеңі кімдерге арналған?
Ахмет ағаларың балаларды қандай болуға шақырады?
“Жұмыссыз тек тұрған жоқ ешбір жан да...” деген өлең жолдарын қалай түсінесіңдер?
В) Өлең түйіні берілген жолдарды табу, мағынасын ашуға тырысу.

ІV. Сабақты бекіту
Ақын өлеңін хрестоматияда берілген Ыбырай атаның “Кел, балалар, оқулық!” өлеңімен салыстыру. Қандай ұқсастық тапқандарын көрсету.

“Балаларды оқуға шақыру” | “Кел, балалар, оқылық!” Ұқсастықтары



V. Сабақты қорытындылау, оқушылар білімін бағалау
Білімнің, оқудың пайдасы туралы парталасымен сұхбат құру.

VІ. Үй тапсырмасы
1. Өлеңді жаттау.
2. Өнер - білім, оқу туралы мақалдарды дәптерлеріне жазып келу, естеріне сақтау.


Таңдаулы курс: «Жеті қазына»

Қазақ әдебиеті 5-6 сынып
Түсінік хат

Оқушыларға өз халқының мәдениеті мен этнографиясын таныту, насихаттау басты міндетіміз. Себебі, «тәрбие – тал бесіктен басталады» дейтұғын дана халқымыз қашанда дәстүрге берік болып, салтын сақтай білген.

Бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасағандардың бірі – қазақ халқы. Міне, сондықтан оның тәрбие-тәсілдері өте көп.

Сонымен қатар оқушылар әдебиет пәніне негіздей отырып, көрген-білгенді көкейге тоқып, көп ізденудің арқасында салт-дәстүр, әдет-ғұрып, өнеге-тағылым, дін-діл, жөн-жоралғы, ілім-білім, тәлім-тәрбие, тылсым-табиғат, тариқат-тәбәрік және де деректер мен дәйектер хақында мол мағлұмат алып, білім көкжиегін кеңейтеді деп сенемін.

Бұл бағдарлама оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай алынған.

5-6 сынып оқушылары өз халқының салт-дәстүр, әдет-ғұрпымен тереңірек таныса отырып елін-жерін сүйетін ұлтжанды ұрпақ болып тәрбиеленері хақ. Құнттап қараған әр оқушы бағдарлама негізінде тілі көркем, ойы терең сөздердің жақсы үлгілерін таба алады.

Бұл курс 34 сағатқа негізделген.

Курстың мақсаты:

1.Оқушылардың бейінділік білім алуын жүзеге асыру;

2.Халық мұрасы болып табылатын рухани құндылықтар – ұлтымыздың айнымас куәсі, тарихымыздың терең тамыры болатындығын таныту;

3.Оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып, оларға азаматтық, адамгершілік елжандылық, көркемдік-эстетикалық тәрбие беру;

4.Оқушылардың халқымыздың ұлттық құндылықтарын сөз өнері тұрғысынан қабылдауға қажетті білім, білік дағдыларымен қаруландыру;

5.Оқушылардың өзіндік білім алуын жүзеге асыру;



Курстың міндеттері:

1.Дара тұлғаның еркін, үйлесімді дамуын және креативті ойлау қабілетін арттыру;

2.Оқушылардың үздіксіз білім алуға деген ынтасын іс-әрекеттік тұрғыда дамыту;

3.Оқушылардың әдеби оқырмандық мәдениетін қалыптастыру;

4.Ұлттық құндылықтарды таныта отырып, сөйлеу шеберлігін арттыру;

5.Ауызекі және жазба тілде байланыстырып сөйлеуін (ойын еркін жеткізу, сауатты да мәнді жаза білу) дамыту;

6.Өзіндік ой-пікір айта білуге баулу;

7.Оқушылардың бойына ізгілік пен имандылық, адалдық пен мейірімділік сияқты адамгершілік қасиеттерді дарыту.



І.Мазмұндық бөлім.

Курстың мазмұны

Республикамызға кеңінен танымал жерлес этнограф-ғалым, сатирик С.Кенжеахметовтің «Жеті қазына» /жиған-терген/ атты кітабы халқымыздың сан ғасырлық дәстүр-салтын насихаттаған туынды. Біз қолға алып отырған таңдаулы курс осы кітап негізінде жасалды.

Халқымыздың ырым-тыйымдары, жөн-жоралғысы, тағылым-өнегесі, әдет-ғұрып ишаралары, нақыл сөздері, ұлттық тағамдары мен киімдері жайлы мағлұмат курс бағдарламасында қарастырылған. Сондай-ақ, қазақта әр саладан тұңғыш шыққан қайраткерлер жайлы да түсінік берілмек.

ІІ.Нормативті бөлім.

«Жеті қазына» таңдаулы курс бағдарламасының мазмұны мен құрылымы:



Сабақ реті

Тараулар

Сағат саны

Оның ішінде

теориялық

практикалық

өзіндік жұмыс

І

Салт. Дәстүр. Әдет. Ғұрып.

8

7




1

ІІ

Халық айтса – анық айтады

7

6

1




ІІІ

Білімдіден шыққан сөз

6

5




1

ІV

Қарашаңырақ (халық мәдениеті мен этнографиясы)

5

4

1




V

Тарихтан тәбәрік

5

4




1



Қайталау

1




1




VІІ

Сынақ

2











ІІІ.Ақпараттық әдістемелік бөлім.

Курсты оқытуды ұйымдастырудың формалары: лекция, семинар, конференция, дебат, ойталқы, кіріктірілген сабақ, саяхат сабақ, қойылым сабақ.

Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі:

1.Күнбе-күн бақылау, тексеру, сұрақ-жауап, әрбір сабақтан соң тест немесе шығармашылық жұмыс.

2.Тақырыптық бақылау, тексеру: теориялық білімін, өз көзқарасын бақылау жұмыстары.

3.Қорытынды бақылау, тексеру, ой-толғау, өлеңді мәнерлеп оқу, сөз қолданысы.

4.Практикалық жұмыстар сынақ түрінде «тапсырылды» деп бағаланады.

5.Бағалау жүйесі ретингілік: 1-3 ұпай – «3», 4-6 ұпай – «4», 7-9 ұпай – «5».

Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар.

Оқушылар білуге тиіс:

-салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды;

-өнеге-тағылым, жөн-жоралғыны;

-тағылымдық сөздердегі әдеби-эстетикалық ғибратты;

-халық мәдениеті мен этнографиясының өзіндік ерекшеліктерін.



Оқушылар дәлелдеуі тиіс:

-өз ойларын әдеби тілмен өрнектей білуі;

-әдебиет теориясы бойынша талдау жұмысын жүргізуді;

- берілген шығармашылық тақырыптар бойынша жоба жасай білуі және салыстыра отырып баға беруі.


Әдебиеттер:

1.Кенжеахметов.С. «Жеті қазына» - Алматы: «Ана тілі» ЖШС 2001.

2.«Қазақ тілі мен әдебиеті орта мектепте» әдістемелік журналдары

3. Бұқаралық ақпарат құралдары материалдары.




  • Жеке тұлғаның дамуында маңызды роль атқаратын оқушының өз бетінше жұмысын тиімді ұйымдастыру; сол арқылы материалды саналы меңгертудің жүйесін жасау; оқушының түрлі дара қабілеттерін арттыру;

  • шығарма идеясын анықтай білуге жетелеу,көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру;

  • Шығармашылық жұмыстарға баулу,ой-өрісінің дамуына мүмкіндік тудыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет