Тақырыбы: Егінші мен қасқыр. Сабақтың мақсаты: Білімділігі



Дата19.02.2017
өлшемі47,4 Kb.
#10622
түріСабақ
Тақырыбы: Егінші мен қасқыр.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділігі: Ас атасы нан екенідігін, нанның адаа өміріндегі ең маңызды ас екендігін, оның оңайшылықпен келмейтіндігін ертегі мазмұны арқылы айтып ұғындыру.

  2. Дамытушылығы: Өмірден алған білімдерін, түсініктерін шығармашылық тапсырмалар арқылы жетілдіру. Сөздік қорларын дамыту.

  3. Тәрбиелігі: Нанды ысырап етпеуге, шашпауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру сабағы.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, мақал-мәтел, көрініс, ойын, сыни тұрғыдан ойлау технологиясы.

Сабақтың көрнекілігі : Оқулық, суреттер, сызба.

Сабақ жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі – 3мин

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау -10 мин

Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, мақал-мәтел, көрініс, ойын, сыни тұрғыдан ойлау технологиясы.



ІІІ. Жаңа сабақ- 20 мин

Әңгіме, баяндау, көрнекі , техникалық құраодар, өткенмен байланыс т.б.



IV. Сабақты қорыту – 7 мин

V. Үйгетапсырма беру – 3 мин

VI. Оқушыларды бағалау -2 мин

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі :

Ана тілің-арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте! – деп ақын Қ. Мырзалиев жырлағандай ана тілі сабағын бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Балалар, үйге қандай тапсырма берілді?

Иван Крыловтың «Шегіртке мен құмырсқа» мысалы қазақ тіліне аударған Абай.


  1. Рөлге бөліп оқыту .

  2. Көрініс ұйымдастыру.

-Шегіртке жазды қалай өткізді?

-Ол құмырсқаға неге келді?

-Құмырсқа шегірткеге не деді?

-Сен құмырсқаның орнында болсаң не істер едің?



Үй тапсырмасын бекіту.

Мысалға сүйене отырып шегіртке мен құмырсқаны салыстырып сипаттау.



Венн диаграммасы


Жалқау

Әнші


Еріншек

Сауықшыл


Жәндік

Еңбекқор

Шаруашыл


Адал

Шегірке Құмырсқа

-Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың еңбек туралы мақалын айтқыза отырып үй тапсырмасын қорытындылаймын.

Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

Сергіту сәті.

Ұзын мұртты құмырсқа

Келе жатты жұмысқа.

Допты қойдым алдына

Оң жағына қарады

Сол жағына қарады,

Тау екен деп ойлады.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Суретпен жұмыс жүргізу арқылы сабағымыздың негізгі тақырыбын ашып алайық.

-Суреттен нелерді көріп тұрсың?

-Суретке ат қой.

-Суреттегі тағамдар туралы білетініңді айт.

-Осы тағамдар дастарханға қалай келетінін, бүгінгі жаңа сабағымыз «Егінші мен қасқыр» ертегісінен білеміз.

Ендеше бәріміз назарымызды тақтаға аударамыз.

Сызба арқылы жаңа сабақтың мазмұнын түсіндіру.

Күзде жер жыртады...................................... тырмалайды.....................................тұқым әзірлейді

..........................себеді.........................күзге егеді.............................................көктемде шығады

.........................күтіп-баптайды...................................піседі...............................................орады

.................................баулайды.......................................кептіреді.........................маялайды.....................

бастырады.............................ұн тартады................................қамыр илейді.............................................

пісіреді.......................................

Дастархандығы нанның қандай қиын жолмен келетінін білдіңдер, ендеше көп термен келетін нан дәмі сондықтан дәмді екен.

Нанды сонда біз қандай маман иесі арқылы дастарханға қойып отырмыз деп ойлайсыңдар?

Егінші еңбегі сондай қиын, өте маңызды мамандық екен.

Оқулықпен жұмыс.

Рөлге бөліп оқыту.

Нанды құрметтеуге байланыста қандай әдептілік ережесін білесің?

Өз бетіңше ереже құрастыр және оны сақтауға әдеттен.



Нанды құрметтеу ержесі:

1.

2.



3.

Дәптермен жұмыс.

Эссе жазу. Тақырыбы: «Ас атасы-нан».

Ойын: мақалдың жалғасын тап.


  1. Еңбек етсең.......

  2. Нан-дастархан......

  3. Дастарханда наны жоқтың,

...............

  1. Нанға құрмет -.......

  2. Еңбектің наны тәтті

...........

IV. Сабақты қорыту.

-Қасқыр қандай балаға ұқсайды?

-Жалқау, еріншек, дайынды жегісі келеді.

-Егінші, қандай?

-Мейірімді, пысық, еңбекқор, адал, ақ көңіл.

-Дүниедегі ең дәмді ас қандай тағам деп ойлайсындар?

Пікіріңді дәлелде.

Балалар, бүгінгі сабақты мына өлең жолдармен аяқтайық.

Нан қоқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар.



V. Үйге тапсырма.

«Егіншімен қасқыр» ертегісін түсініп оқып, мазмұндап келу.

Ертегі мазмұнына сәйкес сурет салу.

VІ. Бағалау.

Сабаққа жақсы, белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау.



Керімбай атындағы № 12 мектеп-гимназия

Тақырыбы: «Егінші мен қасқыр»

Пән аты: ана тілі

Пән мұғалімі: Күзембаева Анар

Сыныбы: 3 «в»

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет