Арал теңізінің 2010 жылы құриды деген ғылыми болжам бар: шындық па, дақпырт па? Қазіргі Арал теңізінің экологиялық проблемалары осы жүйедегі бүгінгі таңда әлі шешімі табылмаған күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Бұрынғы теңіздің астауын сақтап келген қысым бірте-бірте азайып, енді теңіз түбінің көтерілу процессі бастау алды. Демек бұл процесс негізінен екі бағытта яғни, онтүстіктен солтүстікке, шығыстан батысқа қарап бет ала бастады. Осыған орай кейбір ғалымдарының есептеулері бойынша Арал теңізі түбінің бүгінгі көтерілу жылдамдығы жылына 5-7 мм, ал жарты ғасырдан кейін 50-70 сантиметрге жетеді екен. Сөйтіп, жергілікті тұрғындардың тіршілік етулері жыл өткен сайын, оларды айтарлықтай қусырып, қиындатып барады. Сонымен бірге бұл аймақта жылына 15 рет катты дауыл соғып, тұзды шаңды жүздеген шақырымға таратады. Яғни, майда тұз аралас шаң атмосфераның ағынымен сонау Қиыр Шығыстағы Амур өзенінің бассейніне жөне АҚШ-тың Онтүстік Штаттарына дейін жетіп тұрғанын дәлелдейтін деректер өз алдына. Міне, соған қарағанда бұл құбылыс келешекте жақсы үміт күттірмейтін сияқты. Өйткені қазіргі Арал апатын, оның айналасында жан-жаққа етек ала жайылып бара жатқан сор шаңдақты, бұрқыраған шөл даланы көргенде Африкандағы өлемге өйгілі Сахара шөлі көзге еріксіз елестейді. Ол аймақ та кезінде егінді, малды, гүлденген өлке болған. Бірақ, кезінде сол жерді мекендеген халық табиғаттың заңымен санаспай, шаруашылықты қалай болса солай жүргізудің нөтижесінде ұланғайыр кең жер елсіз, сусыз шөлге айналған көрінеді.
Ал, біз болсақ, сол кайғылы төжірибені кайталауға бірте-бірте жакындап келеміз. Міне, осыған орай теңізді сумен толтырмағанмен оның кепкен ұлтанындағы құм, тұз, шаңды ұшырмаудың тезірек бір амалын жасаған жөн.
Өкінішке орай, осы уақытқа дейін теңіз астының қүпия ағыстары мен иірімдерін ғана зерттеген ғылым үшін жер асты суларының өзара карым-қатынас ағыс иірімдері әлі жұмбақ.
Пайдаланған әдебиеттер
Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. Алматы 1998 ж.
Г.С. Оспанова., Г.Т. Бозшатаева «Экология» Алматы 2002.
Қ.Н. Жалмишова «Экологиялық білім және тәрбие» Шымкент 2006.
Сағымбаев Ғ. «Экология негіздері», Алматылық баспа кабинеті 1995 ж.