жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;
суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу;
ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;
жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау
табиғат ресурстарын пайдалануға жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеу
Теңізді құтқарудағы болжамдар
Сібір өзендерін Қазақстанға бұру
Әмудария мен Сырдария өзендерінің суын реттеу арқылы суды молайту
Арал теңізінің өздігінен табиғи ретттеулерін немесе толысуын күту
Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу
Жер асты суларын пайдалану
Әрине, бұл жобалар болашақтың ісі болғанымен, уақыт талабы оны күттірмейді. Бәріде қаражатқа тірелуі мүмкін. Ал оның іске асуы адамзат қауымының білімі мен біліктілігіне байланысты екені анық.
Қазіргі кезде Аралды құтқару бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізде жұмыстар жасалуда. «Арал тағдыры — адам тағдыры» болғандықтан оны сақтап қалу аға ұрпақтың болашақ алдындағы борышы.