Қазақстанның Оңтүстік аймағында жатқан Арал теңізі көлемі жағынан екінші орынды иеленеді. Арал теңізі Тұран ойпатының тектоникалық қазан шұңқырында жатыр. Ол дүниежүзілік мұхит деңгейінен 53м биіктікте орналасқан. 1950 жылы жалпы ауданы 64,5 мың шаршы километр, ұзындығы 428 километр, жағалаулары көбінесе ойпатты, жазық, құмды болып келеді. Арал теңізі туралы Аль-Бируни, Ибн-Хордадбек Ибн –Русте т.б. ойшылдар өз еңбектерінде жазған. Осы еңбектерінің нәтижесінде қазыргі кезге дейін Арал теңізі туралы мәліметтер бізде толық жетіп отыр.