Мерзімі: 27.11.2014 жыл Сыныбы: 9 "Б"
Тақырыбы: Елбасы - мақтанышым, Бәйтерегім!
Мақсаты: а) Оқушыларға Президентіміз Н.Ә. Назарбаев туралы мәлімет беру, сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныт ә) Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын ақсақтатқан Елбасының кісілік келбетін меңгерту.
б) Отанын сүюге, елжандылыққа, елі сүйген Елбасынан үлг і алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Елбасы суреттері, интерактивті тақта
Түрі: топтық жұмыс
Сынып сағатының барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық әзірлік. Сынып оқушыларын 3 топқа бөлу
Кіріспе. Мұғалім:
«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР 2001 ж. 13 желтоқсандағы Заңына 2011. 14. 12 өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, 1 - ші желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күн і деп бекітіліп биыл бұл мерекені 2 - ші рет атап өтпекпіз.
Ел болдық, ерік алдық астаналы
Енді кімнен қазағым жасқанады?
Тәуелсіз мемлекеттін шежіресі,
Нұрсұлтаннын атымен басталады. – дегендей
Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық және қоғамдық – саяси дамуының келешегіне айқын жол ашқан 1990 жылы 25 қазанда қабылданған Егемендік туралы Декларация екені баршамызға белгілі. Бұл мемлекет ретінде өз алдына отау тіккен республикамыздың мәртебесін асқақтатқан бүкіл әлем алдында « Қазақстан» деген ел бар екенін паш еткен тарихымыздағы тұңғыш құжат.
Егеменді ел болып, Тәуелсіздіктің көк байрағын көтерген сәті – Қазақстанның әр азаматы үшін қуаныш, көл – көсір зор оқиға, тарихтың үлкен бетбұрысы болғаны анық. Ғасырлар бойы бостандықты аңсаған қазақ халқы үшін бұл шынында да айтып жеткізілмейтін мол бақыт, асыл арманның жүзеге асуы еді. Осының бәрі еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтіңкөрегендігі мен салихалы саясатының арқасында!
Қазақстан – егеменді, тәуелсіз мемлекет, сондықтан оның өз әнұраны, туы, елтаңбасы бар.
Әнұраным – жан ұраным.
Айтар әнім, сөйлер сөзім.
Туған жерім – сағынарым,
Жүрсем егер дүние кезіп.
Бақыт, бірлік күн талабы,
Тоқтамайды дабыр әні,
Мәңгі бақи шырқалады,
Республикамның әнұраны
Әнұран орындалады
- Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматты
білмейтін адам баласы жоқ. Алты жастағы баладан алпыс жастағы қартта
амандығын тілеп, тілеулес болып отырады.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев 1 желтоқсанды «Қазақстанның Тұңғыш Президентінің Күні»ретінде атап өтетін заңға қол қойды. Оған сай 1 желтоқсан енді мемлекеттік ресми мерекелер қатарына енеді. Бұл біздің үлкен қуанышымыз, үлкен жетістіктеріміздің бірі
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алды. 1991 жыл 1 желтоқсан ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ САЙЛАНДЫ.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өміріне тоқталу.
Балалық шағы
1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.
Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».
Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді.
Нұрсұлтанның анасы Әлжан Мырзабаланың балалары мен келіндеріне ақыл-кеңес беріп, халықтың байырғы дәстүрлері мен жоралғылары туралы әңгімелейтінін, немересі Нұрсұлтанның тәрбиесіне аса белсеніп кіріскенін еске алады.
Мырзабаланың ұлы, Нұрсұлтан Назарбаевтың әкесі – Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді.
Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін. Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды.
Назарбаевтың анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келді.
Мемлекет басшысы бұл тұрғыдағы тұжырымдарын биік мінбелерден сөйлеген сөздерінде қалың елі қазағына тебірене тұрып – «Мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат жоқ» десе «Қазақтың өзінің ұлттық қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау Президенттік те, перзенттік парызым» деген болатын.
Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.
Біздің Отанымыз –ҚАЗАҚСТАН. Тәуелсіздік елімізде салтанат құрған береке-бірліктің, достық пен ынтымақтың айғағы.
1991 жылы 16-желтоқсанда Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев қол қойған Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң қабылданды.Тәуелсіз мемлекет болды.
Тәуелсіз мемлекеттің тұңғыш Президенті сайланды. Ол Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. 1992ж Мемлекеттік Рәміздер қабылданған күн. 1993ж ұлттық төл теңгеміз айналымға түсті. «Болашақ»бағдарламасы қабылданды.
1995ж Конституциямыз қабылданды.
2004 жылы Астанада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Музейі ашылды. Онда 100 мыңнан астам экспонаттар бар. Президент Н.Назарбаевтың жеке мұрағаты мен кітапханасы мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар басшыларының тартулары, Елбасының бірегей марапаттар коллекциясы, жеке заттары, құжаттары қойылған
2010 жылы Елбасы Қазақстан өлкесінің барлық жерін түгел аралап шығуымен қатар шет мемлекеттерге де барған.
Осының бәрі ел қамы, ел болашағымен байланысты. Достық қарым –қатынас
жақсы жолға қойылған. Тынымсыз еңбегі арқасында Қазақстанды әлем таныды. Түркі әлемінің ақылгөй данасы атануы, ескерткіш орнатуы-зор құрмет. Иордания қаласында бір үлкен даңғылға есімінің берілуі –әлем алдындағы зор беделі.
2011- 2015 жылдарға арналған “Саламатты Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасы жасалды.
Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында
«Балалық шағымның аспаны»атты фильм түсірілді. Бұл кинода Елбасының балалық шағынан азаматтық жасына дейінгі өмір жолын қамтиды.
Негізгі бөлім . 1.Топтың аты, ұраны, ұстанымымен таныстыру. 2 "Білгенім- бір тоғыз, білмегенім - тоқсан тоғыз" сұрақ- жауап 3.Тұңғыш президент жайлы презентация қорғау 4.Буклеттер жасап, таныстыру 5. Кітап көрмесі 6. Болашаққа саяхат . "Егер мен президент болсам ..." Топтық жұмыс.Жоба қорғау
2- кезең "Білгенім- бір тоғыз, білмегенім - тоқсан тоғыз" сұрақ - жауап кезеңі Бір топқа 3 сұрақтан берілген
1- топ - 1. Қазақстан Республикасының рәміздері мен авторларын атаңыздар? Әнұранның авторлары :Ш. Қалдаяқов, Ж. Нәжімеденов, Н. Ә. Назарбаев.
Тудың авторы: Ш. Ниязбеков.
Елтаңбаның авторы: Ж. Мәлібеков, Ш. Уәлиханов.
2. Н. Ә. Назарбаев қашан республикамыздың президенті болып сайланды?
1991 жыл. 1желтоқсан.
3. «Ұлттық валюта» дүниеге қашан келді?
1993 жылы 15 қараша
4. Қазақстан
Республикасының алғашқы Ата заңы қашан қабылданды?
1995 жылы 28 қаңтар ҚР – ның «Ата заңы» қабылданды.
5. Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды?
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіз республика деп жарияланды
6. 1992 жылы 4 маусымда қандай оқиға болды?
Мемлекеттік рәміздер қабылданды.
2- топ - 1. « Тәуелсіздік» монументі қай қалада орналасқан?
Алматы
2. Қазақстан қандай мемлекет?
Тәуелсіз зайырлы мемлекет.
3. Қазақстан қандай ұйымға мүше болды, қай жылы?
БҰҰ - на, 1992 жылы
4. Астана. 14 желтоқсан. 2012 жылы қазақстан халқына жолдауы қалай аталады?
«Қазақстан - 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты
5 - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі туралы не білесіздер?
• Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6 - шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау - бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Өзі еске алғандай, өсірген аз - маз өнімдерін сатып, үй - ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата - анасын қатты құрмет тұтты.
6. Жұмысшы Нұрсұлтан жайлы не білесіздер?
• Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург – жұмысшы мамандығын меңгерді. Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.
3- топ 1. Президенттің саяси өмірбаянының бастауы
• Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды. Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.
Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.
2 • Басқа лауазымдары мен мансаптары
*Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы.
*Қазақстанның Қарулы Күштерінің Жоғары Бас Қолбасшысы.
*Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы.
* «Нұр Отан» партиясының төрағасы.
*ОБСЕ - нің бас төрағасы
3• Отбасылық жағдайы туралы не білесіз?
Жұбайы — Сара Алпысқызы — Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорын басқарады. Қазақстанның бірінші ханымы.
Дариға — саясат ғылымдарының докторы, "Хабар" Ақпараттық агенттігінің директорлар Кеңесінің Төрайымы; халық қалаулысы
Динара — Н. Ә. Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады;
Әлия — бизнеспен айналысады, «Элитстрой» құрылыс компаниясын басқарады.
4. Елбасының бірінш і халыққа жолдауы қай жылы жолданды, қалай аталады?
1997 жыл «Қазақстан – 2030»даму стратегиясы.
5. Елбасы туралы қандай көркем фильм бар? Кино қайда түсірілді?
«Балалық шағымның аспаны», Үшқоңырда түсірілген.
6. Елбасының қандай еңбектері / кітаптары/ жарық көрді?
«қазақстан жолы», ғасырлар тоғысында», «Ой бөлістім халқыммен», «Тарих тағлымдары және қазіргі заман», «Тәуелсіздік белестері», «Жүз жылға татитын 10 жыл», «Бейбітшілік кіндігі»
Мұғалім:
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың « Біз көшпенділердің ұрпағымыз. Ержүрек халықтың жалғасымыз.Мен жастарға сенемін. Әрқашан тұрақтылықты қорғап, бірлікті сақтаңдар» деген сөзімен сабағымызды аяқтаймыз.
Әрқашан елін сүйер, жерін қорғар азамат болып өсулеріңе тілектеспін.
Сыныптан тыс жұмысымызды Елбасының «Жан шуағы» атты жыр жинағындағы халқына арнаған өлеңімен аяқтаймыз.
Тәуелсізбін! Бар ма мұң?
Тәләйлі болсын талғамың!
Өркені өссін қазақтың,
Осы – менің арманым!
Күн тұрғанда тұратын,
Жұрты сайран құратын
Қала болсын Астана,
Осы – менің мұратым!
О, Ақорда, Ақ шатыр,
Ұлысыма бақ шатыр.
Баянды болсын Азаттық,
Осы – менің мақсатым!
Халқым – менің тірегім,
Құрбан жаным, жүрегім!
Атымыз озсын бәйгеде,
Осы – менің тілегім
Достарыңызбен бөлісу: |