«Математика» тобына сұрақтар: 1. Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы? (принтер)
2. Атомның ядросының құрамы неден тұрады? (протон, электрон, нейтрон)
3. Х айнымалысын тәуелсіз айнымалы немесе басқаша қалай атауға болады? (аргумент)
4. Чарльз Бэббидж машинасына бағдарлама жазған алғашқы бағдарламалаушы (Ада Лавлейс)
5. Импульстің түрлері қандай? (күш импульсі, дене импульсі)
6. Барлық бұрыштары тік және барлық қабырғалары тең параллелограмм (квадрат)
7. Желінің қандай түрлері бар? (жергілікті, ауқымды)
8. Молекула кинетикалық теорияның негізгі қағидалары қандай? (зат бөлшектерден тұрады, олар өзара байланыста болады, бір түрден екінші түрге айналады)
9. Үш қабырғасы бар көпбұрыш (үшбұрыш)
10. Компьютер жанында өсетін өсімдік
ІІ –кезең «Ой ашар» «Ой ашар» кезеңінде топтарға ұяшықтар таңдауға ұсынылады. Ұяшықтардың астында сұрақтар жасырылған.
Физика пәні бойынша:
1. бұл кім және қандай заңдылық ашты? (Архимед)
2. бұл кім және қандай заңдылық ашты? (Резерфорд)
3. бұл кім және қандай заңдылықты ашты? (Г.Галилей)
Математика пәні бойынша сұрақтар:
4. Профессор кешкі сағат 8-де ұйықтап, сағатының қоңырауын азанғы 9-ға қояды. Сонда профессор қанша сағат ұйықтайды? (13 сағат)
5. Бір кісінің 10 қойы болады. Тоғызынан басқасының бәрі қырылып қалды. Сонда барлығы қанша қой қалды? (9 қой)
6. Көбіне ай 30 немесе 31 санмен аяқталады. Ал қай айда 28 деген сан бар? (Барлық айда)
Информатика пәні бойынша сұрақтар:
7. Ұзынтұра жалқаубек,
Тұрмай ылғи жатады.
Қозғала қалса артынан,
Ешбір белгі қалмайды. (Бос орын пернесі (пробел))
8. Жануарга ұксас атым бар,
Бағдар корсететін затым бар
Кілемше үстінде тұрамын,
Ен кажетті құралмын (тышқан)
9. Биологияда бұл паразит,
Көзге зорға көрінер.
Информатикада өлшем бірлік
Ақпаратты өлшер (бит)
ІІІ-кезең Капитандар сайысы «Құбылыстар құпиясы» Ортаға үш топтың капитандарын шақырамыз. Капитандар физика пәні бойынша қызықты тәжірибелер жасап көрсетеді.
1. Бұрышты тұздан бөліп ал
Қажетті құралдар: бұрыш, тұз, сызғыш, киіз қиындысы
2. Тиынды судан шығар
Қажетті құралдар: су, тарелка, тиын, стакан, қағаз, сіріңке
3. Жұмыртқаны ыдыс ішіне түсір
Қажетті құралдар: жұмыртқа, ыдыс, сіріңке, қағаз