Тақырыбы: Әлем таныған егеменді ел. Мақсаты


ІІ. А) Қызығушылығын ояту



бет3/6
Дата21.07.2020
өлшемі18,7 Kb.
#63566
1   2   3   4   5   6
ІІ. А) Қызығушылығын ояту.
- Біз қазақ мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Басымыздан құт - береке қашпасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Достықты сақтай білген елміз, дәм - тұзды ақтай білген елміз.Осылай деп кім айтқан еді?
- Қаз дауысты Қазбек би.


Ә) Мағынаны тану. Слайд көрсету.
Ия осылай деп тебіренген Қазақ елінің қамын ойлаған қаз дауысты Қазыбек би болатын.
1991жылғы 16 желтоқсанда әлемнің саяси картасында жаңа мемлекет – Қазақстан Республикасы пайда болды. Егемен ел атанды. Әлем таныды.
Иә, бұл мереке – ұлық мереке, шын мәніндегі ұлы мереке. Ежелден қазақтың асыл мұраты, еңселі ел болу еді. Тәуелсіздік күні – Қазақ елі тарихында ең атаулы күн, сан ғасырлық арманының орындалған күні.
Алғаш рет қазақ халқы өз тағдырын өзі айқындап шешуге мүмкіндік алды.Рәміздер мемлекеті: Ту, елтаңба, әнұран.
Әрбір егеменді елдің өзіне тән мемлекеттік рәміздері болады. Оған Ту, Елтаңба және Әнұран жатады. Қазақстан Республикасының азаматтары сондай - ақ елімізде тұрып жатқан кез келген адам Мемлекеттік Туды, Елтаңбаны және Әнұранды құрмет тұтуға міндетті. Олардың сипаттамасы және ресми пайдалану тәртібі Конституциялық Заңмен белгіленеді.
1992 жылдың 4 маусымы – тарихи күн. Сол күні Республика жоғарғы кеңесі Тәуелсіз Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы мен елтаңбасын бекітті.
Қазақстан Республикасы: Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты. Егеменді еліміздің елтаңбасынан кең байтақ отанымыздың өткен тарихы, бай дәстүрі, салт - санасымен жасампаз рухы толық танылады. Елтаңба авторлары: Жандарбек Мәлібекұлы, Шот - Аман Ыдырысұлы Уалихан.
Мемлекеттік Ту. Бәйгеден озып шыққан бұл тудың авторы – Алматылық Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков.
Ту неліктен көк түсті? Бүкіл дүниеге көк жүзі, аспан әлемі, ортақ. Жер шары ұлттарға мемлекеттерге және басқаларға бөлінгенімен де жоғарыдан айқара ашылған аспан ешқашан бөлінбеген, бөлінбейді де.
Республикамыздың мемлекеттік Әнұраны, 2006 жылы 7 қаңтарда өзгертіліп, жаңа Әнұран қабылданды.
Әнұранның сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
Әнұранның әнін жазған: Ш. Қалдаяқов.
Біздің алға қойған мақсатымыз: өткенімізді білетін, бүгінді түсінетін, ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат болу.
Енді ең басты бақытымыз тәуелсіздік жылдарының шежіресіне ой жіберелік.
1991жыл Қазақстан жоғарғы кеңесі 1991жылы 16 - желтоқсан да Қазақстанды Тәуелсіз Республика деп жариялады.
Дала да думан, қала да думан жыр бүгін,
Ғасыр бойы аңсай да күткен бұл күнім.
Жасай бер, жаса, асқардан аса әрқашан,
Кеудеме әкеп қалдырған бақыт бұл бұлым.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет