4 - бөлім -“Тіл - өнер” ( Жұмбақтың шешуін тауып, онын орысша, ағылшынша аудармасын айту керек. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.)
1-топ 1. Оң қолымда бес саусақ, Сол қолымда бес саусақ.
Барлығын қосқанда болады неше саусақ? (Он - Десять – Ten)
2. Сылдыр сұйық су емес, Ішсең сусын қанады.
Ақ болса да қар емес, Шешуін кім табады? (Сүт - Молоко - Milk)
3. Алтын ордам өзіңді қия алмаймын, Бір өзіңнен көп нәрсе қиялдаймын.
Мәңгілік оқушың боп, Қалуға ұялмаймын. (Мектеп - Школа – school)
4. Анашымдай сыр шерткен, Оқу – білім үйреткен.
Бір өзіңе бас ием, Ерекше зор құрметпен.( Ұстаз - Учитель - Teacher)
5. Сырт – сырт соғады, Уақыттан озады. (Сағат - Часы - O` clock)
2-топ 1. Сөзі дана, үні жоқ. Сөйлемейді. Тілі жоқ.
Қолына алсаң – шешен, Ақылы асқан көсем. (Кітап - Книга - Book.)
2. Аяғы біреу, қолы жоқ, Шиыр – шиыр жолы көп.
Өзі сөйлей білмейді, Салған ізі сөйлейді.(Қалам – Ручка - Pen)
3. Балалар жүр көшеде,Естіледі шу - айқай.
Сен де шықтың, көршіңдіҚағып кеттің байқамай.
Мұндайда не деу керек? (Кешіріңіз - Извините - I` m sorry )
4. Жылт – жылт еткен, Жылғадан өткен. ( Су - Вода - Water)
5. Күндіз ұйықтайды,Түнде дамыл таппайды.
Аңға барады,Сол аңды үйден табады.( Мысық - Кошка – Cat).
Достарыңызбен бөлісу: |