Тақырыбы:
«Әлемдік философияның дамуы және ежелгі,
орта ғасырлардағы және Қайта өрлеу
дәуіріндегі философияның әдістері»
Д.Серікбаев атындағы Шығыс
Қазақстан Техникалық Университеті.
Орындаған: 20-ГТК-1 тобының студенттері
Ахметова Гүлнұр
Тусупжанова Аружан
Тексерген: Садвакасова Жанар Амангалиевна
Философия - дүниеге көзқарастың ғылыми-теориялық түрі. Философиялық көзқарас мифологиялық және діни көзқарастан айырмашылығы - нақты ұғымдарға, категорияларға сүйене отырып логикалық ой қорыту ерекшелігінің бар болуы.
Философиялық ғылымының тарихы — философияның тарихи типтерін зерттейтін философияның бөлімшесі. Философия тарихын зерттеудің басты мәселесі – тарихта өткен философтардың ой-пікірлерін, тұжырымдары мен айқындамаларын белгілі бір білімдік жүйеге лайықтап, осы заманға бұрмаламай жеткізу.
Философия даму барысында үш кезеңнен өтті: Космоцентризм, теоцентризм, антропоцентризм.
Космоцентризм - әлемді түсіндіруде ғарыштың шексіз сыртқы күші қолдана отырып, ой тұжырымдау (философияның бұл кезеңі Ежелгі Үнді, Қытай және Ежелгі Грек жерлерінде көп таралды ) .
Теоцентризм - барлық тіршілік атаулыны жоғары жаратушы күш - Құдай арқылы түсіндіру (Ортағасырлық Еуропа философиясына тән ерекшелік).
Антропоцентризм - негізгі орталық мәселесі адам болып табылатын философиялық көзқарас (Қайта өрлеу дәуірімен жаңа заман, қазіргі заман философиялық мектептерінде қарастырылады).
Философияның кезеңдері:
Біздің заманымыздағы ІІ ғасырынан бастап, алғашқы христиандық ойшылдардың ілімдерін жиынтықтап, кейін апологетика (қорғау) деп аталып кеткен діни-философиялық бағыт пайда болады. Негізгі өкілдері: Юстин Мученик, Тициан, Тертуллаин Квинт Септимий Флоренс, т.б. Олар өз ілімдерінде христиан діні ежелгі грек философиясы сияқты жалпыадамзат алдында тұрған маңызды да күрделі мәселелерді көтеріп, оларға ежелгі грек философтарынан гөрі тереңірек, ауқымды және ұтымдырақ жауап береді, сондықтан да оларды христиан дініне сенбейтін билеушілер мен ғалымдардың сынауы негізсіз деген пікірді басшылыққа ала отырып, жаңа грек философиясының орнын басатын христиандық діни-философия жасауға бар күштерін салды.
Орта ғасырлық философия
Аталған дәуірлерде Эллада полистерінде (қала-мемлекет) қолөнер, сауда, ақшалай-заттық қатынастар жоғары қарқында дамып, осы себептердің негізінде өзіндік талап-мүдделері ерекшеленген әлеуметтік топтар пайда болды. Бұл ой еңбегі мен дене еңбегінің бөлінуіне, осы негізде таза зиялылар қауымының пайда болуына, әртүрлі әлеуметтік топтардың талап-мүдделеріне сай саяси-әлеуметтік, философиялық көзқарастардың қоғамдық сана ретінде қалыптасуына әкеліп соқтырды.
Антика заманының философиясы
(б.д.д. VІІ-VІ ғғ.)
- қалалардың күшейіп, шіркеуге тәуелсіз, сауда - кәсіпкерлік, әскери,мәдени саяси орталықтарға айналуы;
- зайырлы биліктің кушеюі,
- Европа мемлекеттерінің іріленуі, орталықтануы:
- алғашқы парламенттердің пайда болуы;
- ұлы географиялық жаңалықтар;
- бүкіл Европада білім деңгейінің жоғарылауы;
- шіркеу мен схоластиканың (шіркеу философиясын) дағдарысы,
өмірден артта қалуы;
- ғылыми-техникалық жаңалықтар (отты қарудың, порохтың жасалуы, станоктардың, домна пештердің, микроскоптың, т.б.).
ҚАЙТА ӨРЛЕУ ДӘУІРІ МЕН МӘДЕНИЕТІНІҢ
АЛҒЫШАРТТАРЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ:
Қайта Өрлеу дәуірінің философиялық
бағытының көрнекті өкілдері:
- Леонардо да Винчи
- Николай Коперник
- Джордано Бруно
- Галилео Галилей
Патристика деп шіркеу әкейлерінің діни философиялық ілімдерін айтады (ІІІ-VІ ғғ.). Негізгі өкілдері: Климент Александрийский, Амвросий, Августин Блаженный, т.б. Мысалы, Августиннің көтерген басты мәселесі – христиан діннің артықшылығын дәлелдеу арқылы, шіркеудің жанды билеуге құқықтығы. Ол – аспан мен жер арасын байланыстырушы деген сияқты идеяларды дәлелдеу үшін манихеялық, скептицизмдік және неоплатонизм қағидаларын басшылыққа алды. Августиннің ілімі бойынша, адам дүниеге келмей тұрып тағы басқа оның іс-әрекеттері, қылықтары құдайдың ерік-жігерімен белгіленіп қойған.
Патристика
Ортағасырлық философияның схоластика деп аталған кезеңі Еуропа тарихында Рим империясының күйреуінен бастап Қайта өрлеу дәуіріне дейінгі 600-700 жылдай уақытты қамтиды. Бұл кезеңде егемендік алған көптеген Еуропа елдерінде (Италия, Франция, Англия, Германия, т.б.) феодалдық қарым-қатынастар қалыптасып, христиан дінін қоғамдық өмірдің барлық салаларында өктемдік кқрсетіп, шіркеудің сауаттылықтың қолжазбалар сақтау ісінің ошағына айналған мезгілі болатын. Осы жағдайда философия өзінің барлық ақыл-ой, күшін христиан догматтарын негіздеуге жұмсап, дін ілімінің күңіне айналған-ды.
Схоластика
- Сәрсенова, Ж. Н. Әлеуметтану: ЖОО студ. арналған оқу құралы. - Алматы: Нұр-Принт, 2013. - 201 б.
- Абдирайымова Г.С. Жастар социологиясы. 2-басылым.- Алматы: Қазақ университеті, 2012.-224 б.
- Садырова М.С. Әлеуметтану: өзекті мәселелер.-Алматы: Эверо, 2011.-284 б. Абсаттаров Р., Дәкенов М. Әлеуметтану: Оқу құралы.- Алматы: Қарасай баспасы, 2010.-384 б.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
Достарыңызбен бөлісу: |