Тақырыбы: «Елім деп соққан жүрегі». Ғылыми жоба зерттеуші



Дата22.11.2016
өлшемі88,21 Kb.
#2325
Қызылорда облысы

Арал ауданы

Қосжар елді мекені



Тақырыбы: «Елім деп соққан жүрегі».
Ғылыми жоба зерттеуші: № 67 негізгі мектебінің

4- сынып оқушысы

Жөкенова Мая Әбілқасымқызы

Ғылыми жетекшісі: № 67 негізгі мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Тәжімбетова Сәнімкүл Қарасайқызы

Арал қаласы, 2010 жыл




Кіріспе'>Мазмұны
І. Кіріспе ---------------------------------------------------------3- бет

Тақырыптың мақсаты, міндеті


ІІ. Негізгі бөлім:

2.1. Шынболат ағаның өмірбаяны -------------------------- 4- бет

2.2. Тәрбиелі отбасы – Шынболат ағаның жанұясы----- 5- бет

2.3. Елге жанашыр азамат -------------------------------------6- бет

2.4. Ағаның жетістіктері ---------------------------------------7- бет

2.5. Жігітке жетпіс өнерде аз-----------------------------------8-бет


ІІІ. Қорытынды

Күтілетін нәтиже------------------------------------------------9- бет

Аннотация ------------------------------------------------------ 10-12 бет

Пайдаланған әдебиеттер ------------------------------------- 13 бет

Тіркемелер

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі.

Елбасымыз әрбір жылды әлеуметтік бір игі бастамаға арнап, барша қазақстандықтарды осыған жұмылдырып келе жатыр.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы айтқандай, ХХІ ғасыр білім, ғылым, бәсеке ғасыры болмақ. Оған төтеп беру үшін рухтың мықтылығы, ұжданның күштілігі, елге, жерге деген адалдық керек.

Біздің басты міндетіміз- алтын тамыр еліміздің еңсесін көтеріп, шаңырағына уық болып қадалу.



Зерттеудің мақсаты.

Менің «Елім деп соққан жүрегі» атты ғылыми жобамның мақсаты – кең көлемде зерттелген жұмыстарымның нәтижесінде анықталған ауылымыздың өнегелі азаматы Күлмашов Шынболат ағаның үлгі істерін елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Алға қарайтын кез келді, іске кірісер кез келді, ерік жігерімізді танытатын кез келді!» - деген сөзін өз алдына мақсат етіп, елімізді көркейтуге қосқан үлесін паш ету.

Елге еңбегі сіңген Шынболат ағаның есімін, өзге жерлерге таныстырып, өсіп келе жатқан жас ұрпаққа Шынболат ағаның игі істерін үлгі ретінде тарату – менің алға қойған міндеттерімнің бірі.

«Есің барда етек жап, қайратың барда мал тап» деген қағиданы берік ұстаған Шынболат аға сынды ел азаматының Қосжар елді мекенінде балық өсіру питомнигіндегі жасаған қызметтері мен үлгі істерін таныстыра келіп, өзіміз өмір сүретін қоғамның жан – жақты дамуына зор еңбек сіңіру біздің басты міндетіміз.

Шынболат ағаның еңбектерімен таныстыру барысында бойында елжандылық рухы бар, туған жерді сүйе білетін, қоғам өміріне белсене араласатын тапқыр да табанды, сауатты жеке тұлға қалыптастыру.

-3-
2.1. Шынболат ағаның өмірбаяны

Күлмашов Шынболат 1965 жылы 7-тамызда Қамыстыбас станциясында дүниеге келген.

1972 жылы Қосжар бастауыш мектебіне 1-сыныпқа қабылданған.

1975-1980 жылдары 4-8 сыныптарды Райым 8 жылдық мектебінде оқыған.

1980-1982 жылдары Қамбаш орта мектебінде 9,10 сыныпты бітірген.

1982-1983 жылдары Қосжар тоған балық шаруашылығында жұмысшы болған.

1983-1985 жылдары әскер қатарында Архангельск қаласында болған.

1985-1988 жылдары Қосжар балық питомнигінде жұмысшы болып істейді.

1988-1991 жылдары Мәскеу қаласындағы Дмитров балық техникумын бітіріп, 1991 жылдан бастап Қосжар балық питомнигінде лаборант болып жұмыс атқарады.

2000 жылы тоған шебері болып тағайындалады.

2004 жылы Израйл мемлекетіне 15 күн оқуға барып балық туралы тәжірибе алмасып қайтты.

2005,2006,2007 жылдары Атырау қаласынан бекіре уылдырығын Қосжар балық өсіру питомнигіне әкеліп өсіріп, Қосжар көліне жіберді.

2008 жылы цех меңгерушісі болды.

2009 жылдан бастап Қосжар учаске бастығы қызметін атқарып келеді.

-4-


2.2. Тәрбиелі отбасы Шынболат ағаның жанұясы.

Қазақ түндік арқылы көп жайды аңғартады. «Түндігің түтінді болсын!» деген ақ батада ырыс, береке деген мағына бар. Сол сияқты Шынболат аға жанұялы, төрт баланың әкесі.

[Қазақстан халқының тұрмысы мен жағдайы 29-30 бет]


  1. Әкесі Күлмашов Өмірзақ – Қосжар балық питомнигінің директоры болған. Қазір марқұм болған.

  2. Анасы – Алмағанбетова Күлпаш 6 баланың анасы, 13 немерелі ардақты ана.

  3. Өмірлік жолдасы – Жакупова Бақыткүл мектепте аяжан болып қызмет атқарады.

  4. Үлкен қызы – Күлмашова Әлия 1991 жылы дүниеге келген. Қазір Қызылордадағы М. Мәметова атындағы педагогикалық колледжде оқиды.

  5. Кіші қызы - Өмірзақова Әсия олда Қызылордада М. Мәметов атындағы педагогикалық колледжде оқиды.

  6. Ұлы - Өмірзақ Оңғарсын №67 негізгі мектебінің 8 – сынып оқушысы.

  7. Ұлы - Өмірзақов Оңталап №67 негізгі мектебінің 1 – сынып оқушысы.

-5-


2.3. Елге жанашыр азамат.
ХХ ғасырдың ұлы суреткерлерінің бірі, атақты француз жазушысы – Р.Роллан: «Еңбек инабаттылықтың бірден – бір көрінісі» -деп тайға таңба басқандай атап көрсеткен.

Ал орыстың данышпан жазушысы Л.Н. Толстой: «Адамды ештеңе де еңбектей ізгілендіре алмайды, Адам өзінің қадір қасиетін еңбексіз сақтай алмайды»,- деп, өзге кемеңгерлердің ойларын қостай әрі нақтылай түседі.

Ал, Абай да: «Еңбек- қуаныш, жалқаулық- айырылмас азап» - деп шегелей түседі.

Демек, адамның адам болуына еңбек шешуші рөл атқарады.

[Әдеп 55- бет]

Адамға, әсіресе, қоғамдық еңбектің игі әсері зор, себебі оның әдептік, инабат-парасаттылық, тәрбиелілік ықпалы орасан, қоғамда еңбек, жалпы алғанда, әлеуметтік сипатта бола отырып, топтық және жекелік іс-қимылдар түрінде көрініс береді, сол арқылы өмірден өз орнын табудың жолы болып табылады.

Осы сияқты Шынболат ағаның балық шаруашылығында жасап жүрген ісі көңіл көншітерлік игі іс.

Зерттеу кезінде Шынболат ағаның өзімен әңгімелескенде, «Мына жатқан еңбегімнің барлығы елім үшін. Елімді қамтамасыз ету. Біздің ауыл балық шаруашылығы жақсы дамыса, онда туған жердің өсіп-өркендеуіне мол үлесімді қосқаным деп білемін. Ол үшін аянбай еңбек етуге тиіспін» деп, аға өзінің жұмысының не мақсатпен істеліп жатқандығын түсіндіріп өтті.

-6-
2.4. Ағаның жетістіктері.

Ұлы жазушы Ш. Айтматов «Еңбек сүйгіштік – адамның адамдық қасиетінің негізгі көрсеткіштерінің бірі» - деген екен. Демек, адал еңбекпен жеткен жетістік шын қуанышты да, тапқан табысы да өте қадірілі». Адам тек қана еңбек арқылы қалыптасып, кемелденеді, өз жөнін өзі білетін, өзінің ар ұяты үшін, айналасына сыйлы, қайырымды, шын мәніндегі инабатты кісіге айналады. [Әдеп 65- бет]

Міне, Шынболат аға да өз еңбегінің арқасында халқына сыйлы азамат.

Ол Мәскеу қаласындағы Дмитров балық техникумын аяқтағаннан кейін, Израйль мемлекетіне барып, балықты өсірудің қыр-сырын меңгеріп қайтса, Атырау қаласына барып бекіре уылдырығын Қосжар питомнигіне әкеліп өсіріп, асқан шеберлікпен Қосжар көліне жіберді.

Осы еңбегінің нәтижесінде кішкене қызмет лаборанттықтан Қосжар учаске бастығы қызметіне дейін көтерілді.

Сондықтан еңбекті әрі сүю, әрі жүйесін тауып істей білу, одан ләззат ала білу екен.

Бұл жағынан еңбекті білуге тікелей байланысты.

Ұлы суретші Леонардо да Винчи: «Көп еңбектенгенге бақыт басын иеді» деген екен. Осы ұлы суретшінің ұлағатты сөзі Шынболат ағаға бағытталып айтылғандай.

Адам өзінің өндірістік іс-қимылында бойында туа дарыған қабілет-бейімдіктерін жұмсап, кәдеге жаратумен қатар, оны іске асыра білгені абзал.
-7-

2.5. Жігітке жетпіс өнер де аз.

«Өнерді үйрен де, жирен» - дейді халық мақалында.

Жас жігіттің еңбекқор да білімді, қол өнерге бейім болғаны қандай ғанибет.

Сол сияқты Шынболат аға үлгілі әке, елге жанашыр азамат, атбасының ұйытқысы, шебер суретші деуге әбден болады. Оның салған суреттерінен нәр алып өскен ұлдары- Оңғарсын мен Оңталап мектептегі сурет сайыстарында бас жүлде мен бірінші орын иегерлері атанады.

Демек, Шынболат аға отбасына қадірілі, елге сыйлы сегіз қырлы, бір сырлы азамат деуге саяды.

-8-
Қорытынды

Біздің халқымыздың атамекенді ардақтау, атамекенге қызмет ету, олар үшін туған жерді қасиет тұту-қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр. Бұл таным біздің жанымызға ана сүтімен тараған.

Менің осы мақсатпен зерттеп жазған «Елім деп соққан жүрегі» атты ғылыми жобам кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттерден тұрады.

Жобаның негізгі бөлімінде:

Зерттеу жұмысымның басты кейіпкері Шынболат ағаның өмірбаяны, тәрбиелі отбасы-Шынболат ағаның жанұсы, «елге жанашыр азамат», жігітке жетпіс өнер де аз» деген тараулар қарастырылған. Осы әрбір тарау ашылып жазылған.

Шынболат ағаның қай жылы дүниеге келгені, балалары қайда оқитыны туралы анықталды.

Жобада балық шаруашылығында жасаған еңбектері, ауылдың үлгілі азаматы екендігі, сурет салу өнері жөнінде жазылған.

-9-
-12-



Пайдаланған әдебиеттер:


  1. Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан».

  2. Сейіт Кенжеахметұлы Қазақстан халқының тұрмысы мен мәдениеті.

Алматы кітап 2006 ж.

  1. Ұлықман Асылов, Жарылқасын Нұсқабайұлы «Әдеп»

Алматы «Рауан» 1998 ж.

  1. «Бастауыш мектеп» журналы №5 2006 ж.

  2. «Қазақстан елімен сиқырлы саяхат». Әр түрлі жастағы балаларға арналған.

  3. Қабдеш Жұмаділов «Қалың елім, қазағым», «Қазақстан».

  4. Клара Серікбаева. «Қазақстан» энциклопедиясы.

  5. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. 1- том А-Ә. Алматы, 1998 ж.


-13-

Аннотация

По исследовательской работе Шарапова Арай показала свою способность и активность.

Это ученица всегда показала свои способности и является отличницей.

По исследовательской работе она была в Камышлобашской рыбопитомнике, собрала нужные материалы и подготовила научную работу.

При работе использовала казахские и русские литературы.

Это ученица при исследовательской работе вовремя выполняет порученную работу.



Будущем можно доверять Шараповой Арай. И она оправдает надежду.


Руководитель: А. Ж. Нагашыбаева
Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет