Тақырыбы: Әр түрлі жастағы сынып оқушыларымен сабақты ұйымдастыру


«Білім теңізіне қайықты жіберіңіз» әдісі



бет2/2
Дата29.03.2017
өлшемі238,39 Kb.
#12725
түріСабақ
1   2

«Білім теңізіне қайықты жіберіңіз» әдісі.

Тақырыпты меңгердім деп есептеген мұғалімдер өз қайығын білім теңізіне жібереді. Өздеріне сенімсіздері жағалауда қалады.








Келгендеріңізге көп рахмет!

Сау болыңыздар!

Китарова Лайла Толыбаевна

Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Батыс Қазақстан облысы

Шыңғырлау ауданы

Тасмола ауылы

Тасмола орта жалпы білім беретін мектебі

1 қосымша



Шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында біртақырыптық оқыту принциптері

Шағын жинақты мектептерде оқытуды тиімді ұйымдастыруда сабақтың мынадай түрлері бар: атап айтсақ, бірпәндік және біртақырыптық оқытуға негізделген сабақтар. Шағын жинақты мектепте оқу үдерісінің тиімділігін арттыруда біртақырыптық сабақтар ұйымдастырудың маңызы зор. Біріктірілген сыныптарда біртақырыптық оқытудың мақсат-міндеттері төмендегідей:


  • бірнеше сыныптағы мазмұны ұқсас тақырыптарды кіріктіру арқылы жүйелі білім беру;


  • сабақты тиімді әдіс-тәсілдер негізінде ұйымдастыру арқылы мұғалім қызметін оңтайландыру және уақытын үнемдеу;


  • әртүрлі жастағы оқушылардың мазмұны ұқсас материалды біріге отырып меңгеруіне жағдай туғызу.


Біртақырыптық сабақтардың тиімділігі мынада:


  • оқушылар әртүрлі сыныпта оқығанымен, олардың назарын бір тақырыптың мазмұнына аударуға мүмкіндік жасалады;


  • жоғары сынып оқушыларының өткен сыныптағы білімдерін жаңғыртуға және жетілдіруге, ал төменгі сынып оқушыларын осы тақырып төңірегінде оза оқытуға мүмкіндік туады;


  • мұғалім бір мезгілде әртүрлі жастағы балалармен бір бағыттағы сабақты ұйымдастыру арқылы оқушылардың бір-біріне көмектесіп, ұжымдық қарым-қатынасқа түсуіне жағдай жасайды, оларды ынтымақтастыққа, ұйымшылдыққа баулиды;


  • оқушылардың бірін-бірі тексеруі және бағалауы жүзеге асады, үлкен сынып оқушысы төменгі сыныптың жұмысын тексеріп бағалау арқылы өз білімінің сапасын анықтай алады.


Осыған орай, бұл үлгідегі мектептер, мүмкіндігінше, бірнеше сыныптың оқу материалын біртақырыптық жүйеге ыңғайластыруы және соған сәйкес оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін таңдау керек.



^ 1 Біріктірілген сыныптардағы біртақырыптық сабақтардың ерекшеліктері
Шағын жинақты мектептің оқу үдерісін ұйымдастыруда бірқатар қиындықтар кездесетіні жасырын емес. Өйткені бұл үлгідегі мектепте мұғалім бір мезгілде екі сыныппен қатар жұмыс істейтіндіктен, сабақтың өзіндік ерекшелігі болады. Осы ерекшелікке байланысты оқу үдерісі бір мезгілде екі сыныпта бірдей ұйымдастырылады. Сондықтан екі, үш сыныптың бір мезгілде қатар оқытылуы оқушыларға да, мұғалімге де психологиялық және әдістемелік тұрғыдан қолайсыздық туғызады.

Шағын жинақты мектептердегі оқу үдерісін ұйымдастырудың тиімділігі төмендегі жағдайларға байланысты:


    • сыныптарды бiрiктiрудiң педагогикалық ұтымдылығы мен дұрыстығы;


    • сабақ кестелерiнiң оңтайлы жасалуы;


    • тәрбие мен оқытудың тиiмдi әдiстерi мен түрлерiн таңдау, оларды оқыту үдерiсінде дұрыс үйлестiру және ұтымды пайдалану;


    • сабақтың белгiленген мақсатқа сай неғұрлым тиiмдi құрылуынын анықтау;


    • оқу-тәрбие жұмысының сабақ үстіндегі және сабақтан тыс түрлерiн дұрыс үйлестiру;


    • оқушылардың өзiндiк жұмысы мен мұғалім басшылығымен атқаратын жұмысының ұтымды алмастырылуы;


    • оқушылардың бойында бiлiм алу және өздiгiнен оқып бiлу дағдыларын қалыптастыруға баса назар аудару;


    • оқушылардың бiлiмі мен тәрбиелілік деңгейлерi дамуының ғылыми диагностикасы;


    • оқушылардың бiлiм, бiлiктерiн iзгiлiктi педагогикалық ұстанымдарға негiзделген жүйелi бақылау.


Екі, үш сыныппен жүргізілетін сабақ сапалы болуы үшін сабақ кестесінде пәндерді қалай болса солай қоса салуға болмайды. Екі сыныпта екі түрлі пәнді жүргізгеннен гөрі сабақты бір пән бойынша өткізген жеңіл болатынын тәжірибе көрсетіп отыр. Өйткені пәндерді біріктіріп жүргізгенде, мұғалім білімнің бір саласынан екінші бір саласына көшпей, оның назары бір пәнге бағытталады. Бірпәндік оқыту жүйесі іс жүзінде біртақырыптық сабақтар жүргізуге мүмкіндік беретінін атап өткен жөн. Қазіргі шағын жинақты мектеп тәжірибесінде мұндай сабақтарды ұйымдастырудың тиімділігі арта түсуде.


Осыған орай, шағын жинақты мектеп мұғалімдері оқыту үдерісін мүмкіндігінше біртақырыптық жүйеде құрастырғаны дұрыс. Өйткені белгілі бір ортақ тақырып бойынша барлық сыныпқа бірдей бір мезгілде түсіндірген мұғалімге де, оқушыларға да тиімді. Біртақырыптық сабақтар дегеніміз – бір пән ішіндегі мазмұны ұқсас тақырыптарды екі сыныпта қатарынан оқыту. Біртақырыптық сабақтарды ұйымдастырудың бірқатар артықшылығы қарастырылды.
Біріншіден, шағын жинақты мектеп төменгі сынып оқушыларының оқуға деген ықыласын табысты дамытуға жағдай жасайды.
Екіншіден, біртақырыптық сабақтарды өткізгенде, оқушылардың оқу әрекетін табысты жоспарлау білігі, бір-бірін тексеру немесе өзін-өзі бақылау кезінде жұмыстың барысын бақылау, яғни оқушыны өзіндік жұмыстарға даярлығын анықтайтын біліктер қалыптасады.
Үшіншіден, біртақырыптық сабақтар оқушының сөйлеу мәдениетін қалыптастырады, жолдастарының жауаптарын тыңдау, диалог жүргізу мәдениетіне үйретеді, сөйлеу қабілеттерін дамытады. Осыған байланысты сөйлеу қарым-қатынасының аясы кеңейеді, бұл, әсіресе, шағын жинақты мектептер жағдайында өте маңызды.
Төртіншіден, біртақырыптық сабақтар практикалық және оқу әрекеттерінде ұжымда жұмыс істей білуге, басқа оқушылардың пікіріне құрметпен қарауға, өз пікірін дәлелдеуге мүмкіндік береді. Әрбір сыныппен тақырып бойынша жүргізілетін сабақтар оқу материалы мазмұнының күрделілігімен анықталады.
Әрине, біртақырыптық сабақтарды әзірлеу және өткізу мұғалімнен педагогикалық шеберлікті талап етеді. Бұл жерде, бір жағынан, оқу материалын жоспарлау жұмысы тұрса, екінші жағынан, сабақ құрылымын жетілдіру және оны ұйымдастыру жұмысы тұрады. Оқушылардың белсенділігі, ең бірінші кезекте, сабақ кезеңдерінің реттілігін қатаң сақтауынан емес, сабақты тақырып бойынша жоспарлап, оны әрбір сабаққа сәйкес мақсаты нақты анықталған жағдайда көрінеді.
Біртақырыптық сабақтарды жоспарлау оқу бағдарламасының белгілі бір тақырыбы немесе тарауы бойынша өтілетін сабақтар мен сабақтан тыс оқу жүйесіндегі оқу-тәрбие үрдісі білім беру, дамыту және тәрбие беру қызметтерін іске асыруының қолайлы жолдарын анықтау үшін қажет. Бұл жүйеге негізгі дидактикалық мақсатына байланысты сабақтың әр алуан тұрпаты және түрлерімен қоса, оқушылардың сыныптан тыс және оқудан тыс жұмыстарының басқа түрлері де кіреді. Шағын жинақты мектепте біртақырыптық жоспарлаудың ойдағыдай іске асырылуы, көбінесе, мұғалімнің оқушылар нені білуі керек, қалай оқыту керек, т.б. мәселелерді қаншалықты терең ойластырғанына байланысты. Сондықтан мұғалім біртақырыптық жоспарлауды пәннің оқу бағдарламасымен, білім беру стандартымен мұқият танысудан, пәнді оқыту кезіндегі және берілген тақырып бойынша дидактикалық міндеттерді шешудегі негізгі тәрбиелік мақсаттарды және оқушыларды дамыту мақсаттарын анықтаудан бастауы қажет.

2 қосымша


2 Біріктірілген сыныптардағы біртақырыптық сабақтардың құрылымы

Біріктірілген сыныптарда сабақ ұйымдастыруда деңгейлеп-саралап оқыту, оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру, дамыта оқыту, ынтымақтастықта оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде, оқыту технологиялары қолданылады. Біртақырыптық сабақтар, негізінен, дамыта оқыту технологиясы арқылы жүзеге асырылады.


Дамыта оқытудың тиімділігі – мұғалім мен оқушы арасында тең қарым-қатынас орнайды. Өйткені, дамыта оқытуда мұғалім дайын білімді түсіндіріп беруші, бақылаушы, бағалаушы ғана емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастырушы ретінде көрінеді. Бұлай оқыту бала интеллектісінің көзін ашып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытады.
Дамыта оқытудың басты ұстанымдары төмендегідей [1]:
  • сабақтың құрылымын проблемалық сабақ ретінде құру ұстанымы;


  • оқушылардың ойлау қызметін белсендіруде көрнекі-нақты, практикалық, көрнекі-бейнелі, дерексіз, абстрактілік, теориялық сияқты түрлі ой операциялары мен амалдарын қолдана отырып, сапалы түрде теориялық ойлау қабілеттерін дамыту ұстанымы;


  • пәнді оқытуда жеке және саралай оқыту талаптарын ескеру ұстанымы;


  • оқушылардың тілдік құбылысты оқып-меңгеруіндегі ой қызметінің қадамдық, сатылық, алгоритмдік, эвристикалық, проблемалық, шығармашылық қызмет түрлерін қалыптастыру ұстанымы;


  • оқытудың тарихилылығы ұстанымы;


  • оқытудың ғылымилылығы мен жүйелілігі ұстанымы.


Осы ұстанымдар негізінде пәнді дамыта оқыту әдіс-тәсілдері және оқытудың негізгі формалары, сабақ пен сабақтан тыс жұмыстардың құрылымы, оқушылардың ізденімдік қабілетін дамытуға арналған басқа да жұмыс түрлері анықталады.


Шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарындағы дамыта оқыту технологиясы негізінде ұйымдастырылатын біртақырыптық сабақтың құрылымы, негізінен, 3 бөлімнен, 3 кезеңнен тұрады.

(1-кесте).





І Кіріктірілген бөлім

Бағдарлау – мотивациялық кезең

Бұл кезеңде мұғалім екі сыныпқа қатар үй тапсырмасын тексеру және жаңа сабақты түсіндіру мақсатында оқушылардың қызығушылығын, арттыратындай, екі сыныптың оқушыларына ортақ тапсырма орындатады және жаңа тақырыптың міндеттері айтылып, түсіндіріледі.

Мұғалім тарапынан оқушылардың білімін теңдестіру мақсатында өткен тақырып пен жаңа тақырыпты байланыстыратындай проблемалық жағдаяттар тудырып, сұрақтар мен тапсырмалар беріледі. Оқушылар берілген тапсырмаларды орындау арқылы ойтүйін жасап, жаңа сабаққа байланысты өзіндік пікірін айтуға және оны дәлелдеуге үйренеді.



ІІ Сараланған бөлім

Операциялық-орындаушылық кезең

Бұл кезеңде оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға аса көңіл бөлінеді. Өйткені шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру, сабақтың негізгі бөлігі болып табылады. Сондықтан бұл кезеңде тапсырмалар әр сыныптағы оқушыға жеке беріліп, олардың өзіндік жұмыс жасауына бағытталады.


Оқушының өздігінен орындайтын жұмыстары


Мұғалім басшылығымен орындалатын тапсырмалар




ІІІ Кіріктірілген бөлім

Рефлексиялық-бағалау кезеңі

Бұл кезеңде екі сыныпқа да тақырыпты бекітуге бағытталған ортақ тапсырмалар беріледі. Бұл рефлексиялық ойын, түрлі жаттығулар және тест тапсырмаларынан тұрады. Әр тапсырманың жауабы тексеріліп, жинаған ұпай санына байланысты оқушының өзін-өзі бағалауына мүмкіндік жасалады



Каталог: uploads -> doc -> 0af1
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0af1 -> Сәкен Сейфуллин Наурыздың он жетісі
0af1 -> Білім беру аймағы : «Қатынас» «Әлеуметтік орта»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет