Бір тұбаны екінші тұбаға ауыстыру, бөлшектеп тұндыру. Бір реагент ерітіндідегі бірнеше ионмен бір мезгілде бірнеше тұнба беруі мүмкін, мысалы топ реагенті – Н2SO4 ерітіндідегі Ca2+, Sr2+, Ba2+ иондарымен тұнба береді, НСІ - Ag+, Hg22+, Pb2+ иондарымен тұнба береді. Мысал ретінде Pb2+ катионымен ерітіндіден қоспадағы CrO42- және SO42- иондарын тұнбаға түсіру процентін қарастырайық ([CrO42-] = [SO42-] = 0,1 моль/л).
Pb2+ + CrO42-→ PbCrO4↓сары
Pb2+ + SO42- → PbSO4↓ақ
1) Қай ион бірінші тұнбаға түседі?
Ерігіштігі аз қосылыс бірінші тұнбаға түседі.
Ks(PbCrO4) = [Pb2+][CrO42-] = 1,8·10-14 Ks(PbSO4) = [Pb2+][SO42-] = 1,68·10-8 моль/л
моль/л
Ерігіштігінен көріп отырғандай РbCrO4 бірінші тұнбаға түседі.
2) Толық тұнбаға түсу үшін Pb2+ ионының қандай концентрациялары қажет?
Ks(PbCrO4) = [Pb2+][CrO42-] = 1,8·10-14
Ks(PbSO4) = [Pb2+][SO42-] = 1,68·10-8
Pb2+ ионының CrO42- және SO42- иондарымен тұнба беретін ең аз мөлшерлері PbSO4 тұнбасы түзілу үшін [Pb2+] =1,68·10-7 моль/л, ал PbCrO4 тұнбасы түзілу үшін [Pb2+] = 1,8·10-13 моль/л тең болуы керек.
3) Pb2+ катионымен SO42- және CrO42- иондарын бір-бірінен бөлуге бола ма?
Pb2+ ионын ерітіндіге қосқан сайын PbCrO4 тұнбасы түзіледі, ерітіндідегі CrO42-концентрациясы кемиді, ал Pb2+ ионының концентрациясы ерітіндіде арта береді >1,68·10-7 моль/л-ден үлкен болғанда PbSO4 тұнбасы түзіле бастайды. Ерітіндідегі иондарды реактивтің көмегімен ажыратып тұнбаға түсіруді, яғни ерігіштігін пайдаланып бірнеше иондарды бөлу фракциялап бөлу немесе бөлшектеп тұндыру деп аталады.
4) Екі ион CrO42- және SO42- бірдей тұнбаға түсу үшін олардың қатынастарын есептеу.
Ks(PbCrO4) = [Pb2+][CrO42-]
Ks(PbSO4) = [Pb2+][SO42-]
немесе
есе, яғни PbCrO4 және PbSO4 тұнбалары бірге түзілу үшін SO42-ионының концентрациясы CrO42- ионының концентрациясынан 106 есе артық болуы тиіс.