Тақырыбы: Әрекеттесуші массалар заңын (ӘМЗ) гетерогендік тепе-теңдікке қолдану және оның аналитикалық химиядағы ролі. Иондар көбейтіндісі және ерігіштік көбейтіндісі. Мақсаты



бет2/5
Дата22.05.2022
өлшемі78,93 Kb.
#144474
1   2   3   4   5
Байланысты:
4 apta anal
Проф.русский язык Тема 2., Проф.русский язык Тема 2., 1-билет, 9, Акжан Амиртай есептер, патфиз
Ерігіштік көбейтіндісінен шығатын қорытындылар. Тұнбаның құрамына кіретін иондардың бірінің концентрациясы өзгерсе, екінші ионның да концентрациясы өзгереді. Өйткені, олардың көбейтіндісі тұрақты шама. Зерттелетін ионды толық тұнбаға түсіру үшін тұнбаның құрамына кіретін екінші ионның концентрациясын арттыру керек, яғни мөлшерін артық құю керек. Сонда заттың ерігіштігі төмендейді. Зерттелетін ионның ерітіндіде қалған мөлшері ≤10-6 моль/л болса, онда зерттелетін ион толық тұнбаға түсті деп есептелінеді. Мысалы, AgCl толық тұнбаға түсу үшін NaCl немесе KCl ерітіндісінің артық мөлшерін қосады. Тұнбаны еріту үшін оның құрамындағы ионның концентрациясын кеміту керек, ол үшін сол ионды нашар диссоцацияланатын, газ бөлетін немесе комплексті қосылысқа айналдыру керек, мысалы Mg(OH)2 ↔ Mg2+ + 2OH-, егер 2NH4Cl ↔ 2NH4+ + 2Cl- қосса, 2NH4+ + 2OH- → NH4OH (нашар диссоцияцияланатын әлсіз негізге айналады). Mg(OH)2 тұнбасының ерігіштігі артады.
Әлсіз қышқылдардың нашар еритін тұздарын күшті қышқылдарда ерітуге болады:
CaC2O4 ↔ Ca2+ + C2O42-
2HCl ↔ 2H+ + 2Cl-
2H+ + C2O42- → H2C2O4 (әлсіз қышқыл түзіледі, тұнба бетіндегі оксалат ионының концентрациясы кеміп, тепе-теңдік оңға ығысады).
Күшті қышқылдың нашар еритін тұздары, мысалы BaSO4, AgCl, SrSO4 т.б. қышқылдарда ерімейді, AgCl еріту үшін комплексті қосылысқа айналдыру керек:
AgCl ↔ Ag+ + Cl-
Ag+ + NH3 ↔ [Ag(NH3)2]+
Ag+ ионының концентрациясы кеміп, тепе-теңдік оңға ығысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет