Тақырыбы: Әрекеттесуші массалар заңын (ӘМЗ) гетерогендік тепе-теңдікке қолдану және оның аналитикалық химиядағы ролі. Иондар көбейтіндісі және ерігіштік көбейтіндісі. Мақсаты


Тұнбаның ерігіштігіне әртүрлі факторлардың әсері



бет3/5
Дата22.05.2022
өлшемі78,93 Kb.
#144474
1   2   3   4   5
Байланысты:
4 apta anal

Тұнбаның ерігіштігіне әртүрлі факторлардың әсері:
1. Аттас ионның әсері (тұнбаның түзілу шарттары). Тұнбаның қаныққан ерітіндісіне тұнбамен аттас ионы бар электролитті қосқанда, тұнбаның ерігіштігі төмендейді (иондардың көбәйтіндісі -ИК артады).
Есеп: Күміс хлоридінің судағы және 0,01 моль/л KCl ерітіндісіндегі ерігіштігін анықтау.
Бер: Кs(AgCl) = 1,78·10-10
Табу керек: S - ?
а) судағы б) 0,01М KCl
а) AgCl ↔ Ag+ + Cl-
[Ag+] = S моль/л
[Cl-] = S моль/л
Кs(AgCl) = [Ag+][ Cl-] = S · S = S2
моль/л
б) 0,01М KCl, KCl ↔ K+ + Cl-
AgCl ↔ Ag+ + Cl-
[Ag+] = S моль/л
[Cl-] = S + 0,01 моль/л
Кs(AgCl) = [Ag+][ Cl-] = S · (0,01 + S) = 0,01S
моль/л
есе ерігіштігі төмендейді.
Қорытынды: Нашар еритін электролиттердің ерігіштігіне аттас иондар әсер етеді, олар тұнбаның ерігіштігін төмендетеді. Түзілген тұнбаны сумен емес, құрамында аттас ионы бар ерітіндімен жуады.
2. Тұнбаға түсіруші реагенттің артық мөлшерінің әсерінен тұнбаның еруі.
Есеп: Ерітіндінің рН-ы нешеге тең болғанда мырыш ионы Zn(OH)2 түрінде толық тұнбаға түсті деп есептеледі? Кs(Zn(OH)2) = 7,1·10-18
С(Меn+) ≤ 10-6 моль/л болғанда зерттелетін ион толық тұнбаға түседі деп есептеледі, онда Zn(OH)2 ↔ Zn2+ + 2OH- Ks(Zn(OH)2) = [Zn2+][OH-]2

pOH = -lgCOH- = -lg2,66·10-6 = 5,57
pH = 14- 5,57 = 8,43
Қорытынды: ерітіндінің рН мәні 8,43 тең болғанда Zn(OH)2 толық тұнбаға түседі, егер осы мәннен артып кетсе тұнба ериді, себебі Zn(OH)2 амфотерлік қасиет көрсетеді.
Zn(OH)2 + 2ОН- = [Zn(OH)4]2- немесе Zn(OH)2 + 2ОН- = ZnO22- + 2H2O
рН-тың қандай мәннінен бастап тұнбаға түсу процесінің басталатынын есептесек, көбіне тұздардың 0,1 М ерітінділері қолданылады.
[Zn2+] = 0,1 моль/л
Zn(OH)2 ↔ Zn2+ + 2OH-

pОH = -lgСOH- = -lg8,4·10-9 = 8,08
pH = 14 – 8,08 = 5,92
яғни рН-тың 5.92 мәнінен бастап мырыш ионының тұнбаға түсу процесі басталады.
3. Тұздық эффект немесе тұнбаның ерігіштігіне аттас емес (бөгде) электролиттің әсері. Тепе-теңдіктегі «тұнба ↔ қаныққан ерітінді» жүйесіне бөгде электролит қосқан кезде тұнбаның ерігіштігі артады, мұны тұздық эффект деп атайды. Тұздың ерігіштігінің артуы ерітіндінің иондық күшінің артуына және активтілік коэффицентінің төмендеуіне байланысты. Яғни S↑ I↑ f↓.
Ерітіндің иондық күші тек концентрацияға ғана тәуелді емес, иондардың зарядтарына да тәуелді болғандықтан, әртүрлі элекролиттер тұздың ерігіштігіне әртүрлі әсер етеді.
Есеп: Барий сульфатының судағы және 0,1 моль/л NaCl ерітіндісіндегі ерігіштігін анықтау.
Бер: Кs(BaSO4) = 1,1·10-10
Табу керек: S - ? а) судағы б) 0,1М NaCl
а) BaSO4 ↔ Ba2+ + SO42-
[Ba2+] = S моль/л
[SO42-] = S моль/л
Кs(BaSO4) = [Ba2+][SO42-] = S · S = S2
моль/л
б) 0,1М NaCl, NaCl ↔ Na+ + Cl-

f(Ba2+) = f(SO42-) = 0,33
Кs(BaSO4) = [Ba2+][ SO42-]f(Ba2+)f(SO42-)=S·S·0.332
моль/л
есе ерігіштігі артады.
Қорытынды: Нашар еритін электролиттердің ерігіштігіне аттас емес иондар әсер етеді, олар тұнбаның ерігіштігін арттырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет