Есекжем кезінде көп мөлшерде жедел пайда болатын тері бетінде шығып тұратын көпіршік тәрізді бөртпелер пайда болады. Олар әдетте симметриялы орналасып, түсі қызыл, ашық қызыл, ақ болуы мүмкін. Ол көпіршіктердің пішіні әр түрлі және көлемдері де майда болады. Тым үлкен көлемді жерлер көпіршіктердің қосылып кетуінен болады.
Көпіршікті бөртпелердің шекаралары жақсы көрінеді. Консистенциясы тығыз және жедел қышыма күйік тәрізді сезім береді.
Кейбір жағдайларда ауруда қызба, дене температурасының жоғарылауы, жалпы аурушылдық сезімі болуы мүмкін.