Тақырыбы: Этика. Құндылықтар философиясы Жоспар



Дата17.11.2023
өлшемі23,2 Kb.
#191663
Байланысты:
Оңғарова Аяулым 10 сабақ


Тақырыбы: Этика. Құндылықтар философиясы
Жоспар:
1.Этика ұғымы
2. Этика пәнінің тарихи дамуындағы негізгі кезеңдері
3.Құндылық ұғымы
1. Этика (грек. ethos – дағды, әдет-ғұрып) – зерттеу нысаны мораль, адамның мінезқұлқы болып табылатын ежелгі теориялық пәндердің бірі. Термин және айрықша зерттеу пәні ретінде өз бастауын Аристотель еңбектерінен алады.
« Этизм» термині Аристотельдің ар-ождан мәселесіне арналған үш шығармасының («Никомах этикасы», «Евдем этикасы», «Үлкен этика») атауына кірген. Этикалық ой-толғамдар адамдардың мінез-құлықтары мен салт-дәстүрлерінің әралуан екендігін баяндаудан басталады. Сократ әр-түрлі мінезқұлықтарды бағалап, саралау үшін парасатқа жүгіну керек деп білді.
Платон адам жанжақты ұйымдастырылған мемлекетте өмір сүріп, оның басшылығын дана-философтар атқарғанда ғана рухани және мінез-құлық кемелдігіне жете алады деп білді. Парасат иесі ретінде өз мүмкіндіктерін жүзеге асырған адам, өз өмірінің жоғары мақсатын айқындап, мемлекеттің негізі болып табылатын саясатқа, экономикаға этикалық нормалармен жетекшілік жасайды.
Этика ұғымы жайлы Д.Юмның «Адамның табиғаты» туралы трактатында жан-жақты айтылады. Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымында Этика ұғымының баламасы ретінде ар-ождан ұғымы қолданылып, негізгі тақырып ретінде ұсынылған.
Аристотель «этика» деп этикалық ізгіліктерді зерттейтін ғылымды айтады.
Аристотель бойынша, адам бойындағы ізгіліктер екі негізгі түрден тұрады: этикалық және дианэтикалық. Егер этикалық ізгіліктер адамның мінез-құлқына, темпераментіне жататын болса, дианэтикалық ізгіліктер адамның ақыл-парасатына тиеселі дүниеле.
Сөйтіп, Аристотель этикалық ізгіліктер құрамына: жомарттық, батылдық, шыншылдық, ал дианэтикалық ізгіліктерге: ақыл, парасатты жатқызады.
Этиканың құрылымына келетін болсақ, ол 3 бөліктен тұрады:

  • Теоретикалық этика;

  • Нормативті этика;

  • Эмпирикалық этика.

Теоретикалық этика этиканың негізгі ұғымдарын, оның зерттеу пәнін, ғылым ретінде даму тарихын зерттейді.
Нормативті этика негізгі этикалық категорияларды: мейірімділік, ізгілік, ар-ождан, ұят, абырой, парыз және т.б. қарастырады.
Эмпирикалық этика белгілі бір кезеңдердегі адамзат ұйымдарының нақты адамгершілік келбеті жайында түсінік береді.
2. Антиканың этикалық ілімдері. Этиканың өзіндік мәртебесі бар философиялық ғылым ретінде қалыптасуы антикалық грек философиясының қойнауында жүзеге асқан. Өзінің атауымен де, негізгі ұғымдық категорияларымен де, мәселелік өрісімен де этика Аристотельге қарыздар. «Никомах этикасын», «Эвдем этикасын» жазған ұлы ойшыл этиканы дамыту барысында елге танытты.
Аристотель этикасында «құба төбел» немесе «алтын орта» принципі ізгіліктерді анықтаушы маңызға ие. Өйткені Аристотель айтуынша екі шекті күйлердің ортасын таба білгенде, яғни не асып-тасып кетпей, не жетпей қалмаудың дәл ортасынан адам өте ыңғайлы орталық қасиетті ұстана білсе, ізгілікті болғаны.
Жалпы антикалық этикаға тиеселі негізгі деген үш мұратты (идеяны) атап өтуге болады. Олар мыналар:
1.Адам мен полис бірлігі, яғни адам тек полистің азаматы болғандықтан ғана ізгілікке ие болады, мораль туралы түсінігі болады деп есептеу.
2. Адамның құдіретіне, өзін-өзі жетілдіру қабілетіне мейлінше сенді;
3. Эвдемоны, яғни бақытты – адам мақсат-мұраттарының ең биігі деп танып, оны ізгілікпен теңдестірді.
Көне гректер адамгершілік қасиеттерін, мейірімділікті сұлулықпен тікелей байланыстырғысы келді. Соның нәтижесінде көне Грекия мәдениетінде «каллокагатия» идеалы дүниеге келген болатын. «Каллокагатия» көне грек тілінен «каллос» (Әсем, сұлу, әдемі) және «агатос» (мейірімді, жақсы) деген екі сөзінің қосындысынан тұрады. Ол ізгі сұлулықты, яки жан сұлулығы мен тән сұлулығының ішкі бірлестігін дәріптейді.
Гедонизм – грек тілінің ләззат іздеу, қызыққұмарлық деген мағынадағы сөзінен туындаған ұғым. Гедонистік көзқарасты ұстанушылардың түсінуінше, адамның бұл өмірге келгендегі ең басты мақсаты өмірдің қызығына бату, ләззат алу.
Эвдемонизм – көне грек этикасының басты сипаттамасы. Себебі сол кезеңнің қай ойшылын алып қарамасаңыз да оның өмірлік маңызды мәселе деп ұққаны – адамның бақытқа (эвдемонаға) жетуі.
Стоицизм – грек этикасының бұл бағытына өмірден тек ләззат алу мүмкін емес, өйткені қуаныш соңын іле-шала жүретін қайғы-қасірет көп, сондықтанда өмірде ең бастысы – мойынға түскен ауыртпашылыққа мойымай, қасқая қарсы ала білу деген түсінік тән.
Ортағасырлық діни этика. Ортағасырлық этика екі ірі дін (христиан және ислам) қағидаларымен тығыз байланысты. Христиандық дін сүйіспеншілік, төзім діні болып табылады. Христиандық қасиетті үштік – сенім, үміт және сүйіспеншілік қаншалықты бұл діннің мораль мәселелерін жоғары қойғандығын корсетеді. Христиан діннің орталық сенімі бойынша апокалипсистен, ақыр заманнан кейін адамдар мидай араласқан бұл күйден босанады.
Өйткені жақсы – жақсылық ретінде, жаман – жаманшылық ретінде өз бағасын алып, өз жауабын тартады.. Сол күйге адамдарды алдын-ала даярлау үшін адамзатқа Мессия – Христос келді деп есептелінеді. Адамқұдай өзінің қасіретті өмірінің үлгісімен жақындап келе жатқан соңғы сотқа адамдарды даярлау үшін, яғни олардың рухани жетілуін қамтамасыз ету үшін арнайы осы күнаһар әлемге жіберілген.
Құдай адамдардан көрген қиянаттарына қарамастан оларды шын сүйетіндігін көрсетеді – олар үшін өз жанын пида етеді. Бұл өнегесімен Христос сүйіспеншілік жолы – ауыр жол, бірақ маңызы жағынан оған жетер тағы да ештеңе жоқ деген ойды танытады. Христиандық сүйіспеншіліктің сипаттамалары төмендегідей:
1. Төзімді сүйіспеншілік, өйткені басқа адамдарға қызмет етуді көздейді;
2. Үнемі әрекет үстінде көрінетін сүйіспеншілік;
3. Бас пайданы ойламаған сүйіспеншілік, себебі ізгілік, мейірімділік сияқты сүйіспеншілік те өз құрметін өз бойында ала жүреді.
Осындай шынайы құрбандық, жан пидалық сүйіспеншіліктің арқасында ғана біз көпке күші жететін зұлымдылықтың қолынан келмейтін нәрсені – жауласқан адамдар арасын жақындастыруды мүмкін ете аламыз. Ислам діні де христиан діні іспетті ұлтшылдықты, нәсілшілдікті жақтамайды.
Үстемдікті тек моральды, рухани сапалардан ғана іздейді. Құдай алдында, адам алдында таза, адал, мейірімді адам ғана басқалардан жоғары тұрады. Өзінің түбірлес діні – христиандық сеніс сияқты ислам да бейбітшілік, татулық, тыныштық діні.
Ислам этикалық тұрғыдаан қарастырғандағы өзгешелігі щның адамгершілік құлықты басқа әлеуметтік қатынастарды реттеуші қоғамдық сананың түрлерінен / діни рәсімнен, әдет-ғұрыптан,құқықтан/ бөліп – жармай, бірлікте қарастыруы болып табылады. Адамгаршілік нормалары Құранда жүеленбеген. Онда жасауға болмайтын, яғни «харам» болып саналатын нәрселер бар; жасалуға тиісті нәрселер жиынтығы – «халал» бар; адам өмірінің белгілі бір сфераларын / неке, мұрагерлік т.с.с./ реттеуші нормалар, нақты аһлақтық ұғымдар /әділіттік, мейірімділік, ұят, жомарттық және т.б./ келтірілген.
3. Аксиология (грек, axios — құнды, logos — ілім) — құндылықтардың табиғаты, олардың әлеуметтік шындықта аталған орны және құндылық әлемінің құрылымы туралы философиялық ілім. Аксиологияның негізгі мәселесі — «Игілік деген не?» деген сұрақты алғашқы болып Сократ қойған. Платон философиясыңда құндылықтар жалпы ізгілікпен байланыстырылып, әмбебапты мәнге ие болды.
Құндылықтар проблемасын зерттейтін ілім аксиология (ахіа – құндылық және logos – ілім, сөз)деп аталады. Ол – құндылықтар теориясы болып табылады. Аксиология құндылықтар табиғатыы, олардың реалдықтағы орны және құндылық әлемінің құрылысы, немесе түрліше құндықтардың өзара әлеуметтік және мәдени факторлармен, жеке тұлғаның құрылысымен байланысы туралы философиялық ілім. Ең кең мәнінде құндылықтар проблемасы мәдени дәстүрлер мен қоғамның идеологиялық негіздерінің құнсыздану дәуірінде шарасыз пайда болды.
Философия ғылымының дербес саласы ретінде аксиология болмыс ұғымы реальдық және адам қалаулары мен ұмтылыстарының объектісі ретіндегі құндықтар болып екі элементке бөлінгенде пайда болады. Антикалық және орта ғасырлық философияда құндылықтар (этико – эстетикалық жәнне діни) сипаттамалары реальдықтын, ақиқат болмыстың өз ұғымына кірістірілген еді.
Кәсіби философияда құндылықтар туралы ілім аксиология деп аталады және өзінің бастауын жүзеге асқан құндылық – пайдалылықты игілік деп қарастырған ежелгі гректерден алады. Батыстық философияның тарихында бірқатар аксиологиялық теориялар белгілі: натуралистік психологизм (Мейнонг, Перри, Дьюи), трансцендентализм (Виндельбандт, Риккерт), персоналды онтологизм (Шелер, Гартман), мәдени-тарихи релятивизм (Ницше, Дильтей), социологизм (Вебер, Парсонс, Толкотт).
Жалпы құндылық термині еуропалық рационалдық философия мен христиандық моральдың іргелі ұғымдарын теріске шығарған XIX ғасырдағы неміс ойшылы Фридрих Ницшенің атақты «Билікке деген ерік» атты трактатында «құндылықтарды қайта бағалау» қажеттігін афористік тұрғыда негіздегенінен кейін кең қолданысқа түсті. Сөйтіп батыс еуропалық философияның негізгі тақырыбының біріне айналып, танымның барлық салаларында пайдаланыла бастады.
Құндылықтардың көптеген жүйесі мен жіктеу түрлері бар. Олардың жоғарыда аталған діни, философиялық, моральдық, эстетикалық және экономикалық түрлерінен өзге, құқықтық, әлеуметтік, мәдени, саяси, қаржылық, экологиялық және тағы басқа түрлері аталады. Құндылықтарды материалдық және рухани, жеке және ұжымдық, адамзаттық және ұлттық, дәстүрлі және қазіргі заманғы және басқаша да жіктей беруге болады. Әрбір тарихи нақты қоғамдық құрылым өзіне тән құндылықтар жиынтығымен ажыратылады.
Бұл тұрғыдан алғанда Батыстың Шығыстан, қаланың даладан, көшпенді қоғамның отырықшы қоғамнан, сондай-ақ әрбір ұлттың өзіндік менталитетіне сай айырмашылықтары болады. Сол сияқты адамзаттың дәстүрлі кезеңінде бағаланған нәрселер мен қазіргі заман құндылықтарының арасында да айырмашылықтар бар. Қазіргі құндылықтар белгілі бір әлеуметтік-мәдени қауымның немесе халықаралық қауымдастықтың қандай да бір құндылықтарды насихаттауы барысында қалыптасады. Бүгінгі қоғамдағы жақсы, дұрыс немесе қалаулы деп есептелетін құндылықтар жүйесін жалпы адамзаттық деп атау қабылданған, алайда оның кейбірінің батыстық түбірге ие екендігін ескеру қажет.
Құндылықтар жүйесінің бұл көрінісі қалыпқа немесе нормаға айналып кеткен. Ол қалыптарды әлеуметтік құндылықтарға жатқызуға болады, бірақ норма мен құндылық түсініктерінің айырмасы бар. Құндылықтар – бұл абстрактылы жалпы ұғымдар болса, ал қалыптар – адамдардың әр алуан ахуалдарда ұстанатын ережелір мен ұстындары. Қазіргі қоғамда қалыптасқан құндылықтардың қатарына мыналарды жатқызуға болады: денсаулық, отбасы мен туыс жақындар, үй мен материалдық игілік, жұмыспен қамтылу және қанағаттану, қоғамдағы әлеуметтік мәртебе мен жағдай, дін мен рухани құндылықтар, білім алу, шығармашылық, демалыс, еркіндік (таңдау мен сөз еркіндігі т.б.), тұрақтылық және басқалары.
Қазіргі заман мен қоғамда адамды ең жоғары құндылық ретінде тану, соған сәйкес адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, балаларды қорғау, білім мен тәрбиедегі демократиялық принциптерді берік ұстану алдыңғы орынға шығып отыр. Сонымен қатар әр алуан ұлттар, діндер мен мәдениеттер өкілдерінің бейбіт қатар өмір сүруі үшін өзара түсіністік, сұхбат пен толеранттылық халықаралық ұйымдар тарапынан насихатталуда. Әрине, мұнан басқа да құндылықтар бар.
Құндылықтарға қатысты әр адамның әр алуан басымдылықтары болады. Сонымен, қорыта айтқанда, құндылықтың басты белгісі оның бойында адамға игі ықпал ететін қасиеттердің болуымен сипатталады. Адамгершілік құндылықтармен айналысатын саланы гуманистік аксиология деп атауға болады. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы адамгершілік, тұлғалық немесе кісілік құндылықтардың өзіндік ерекшеліктері болды.
Адам мен адамгершілік мәселелері қазақтың ақын-жырауларын да, би-шешендерін де, абыз-әулиелерін де, қараша халықтан бастап ханға дейінгі ақсүйек игі жақсыларын тегіс толғандырған. Батыстағыдай кәсіби философия болмаса да, қазақты тумысынан философ-халық деп бағалауға болады. Оның философиясындағы негізгі тақырып – адам философиясы, кісілік қалыптың өлшемі, не жақсы не жаман төңірегіндегі этикалық мәселелер.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет