Этникалық қауымдастық дегеніміз-белгілі бір ұлт өкілдерінің ұзақ уақыт бойы белгілі бір аймақта өмір сүретін адамдар тобы - Этникалық қауымдастық дегеніміз-белгілі бір ұлт өкілдерінің ұзақ уақыт бойы белгілі бір аймақта өмір сүретін адамдар тобы
Этникалық «Мен-тұжырымдама» - ұлттың өзіндік бірегейлену үдерісі. - Этникалық-(грек этносынан - халық, синонимдер - фольклор, фольклорлық, шынайылық, архаикалық) - белгілі бір халықтың әдет-ғұрыптарының, әндерінің, музыкасының, билерінің, материалдық мәдениетінің жиынтығы. Көбінесе этникалық деп ән мен музыкалық фольклорды білдіреді.
- Этникалық бірегейлік - этнос пен оның өкілінің өзіндік сана-сезімінің негізі. Этнос - өзінің бірегейлігін сезінген халық. Этникалық бірегейлік негізіне келесі белгілер жатады: "жер қыртысы" (табиғи орта, атамекен, Жер Ана); "қан" (антропологиялық белгілер: нәсілі, көз қиығы, бет әлпеті және т.б.); тіл (бірдей ойлап, әлемдік құндылықтарды біркелкі түйсініп, пікір білдіру құралы ретінде); діл (мәдени-психологиялық стереотиптер және мінез-құлық, әдет-ғұрып үқсастығы); көркем мәдениет (өнер, мейрамдар); тұрмыс (ұлттық тағам, киім, тұрмыс-салт ерекшеліктері); мифология (бірегейліктің негізін құрайтын құндьшықтар мен үміттердің жүйесі).
- Этникалық мәдениет– мәдени элементтер мен құрылымдардың жиынтығы. Онда этн. специфика сақталынады және ол этнодифференц. қызмет атқарады. Этникалық мәдениет белгілі бір тайпаға, ұлтқа, халыққа тән. Ол арқылы басқа халықтар этностың біртұтастығын, өзгешелігін және даралығын таниды. Этникалық мәдениетке белгілі бір этнос өкілдері қалдырған барлық заттай және рухани мәдениеттердің жиынтығын жатқызуға болады. Бұл мәдениеттің қалыптасуына табиғи орта, тіл, дін, этноним өзіндік әсерін тигізеді.
- Этникалық топ - кең мағынада, нақтылы этникаға негізделген адамдар тобы, яғни, әрбір жеке адам туғаннан иемденетін әлеуметтік және мәдени бірегейлік. "Этникалық топ" ұғымы 1950-1960-шы жж. пайда болды. Ол "тайпа" ұғымының орнын басты.
Достарыңызбен бөлісу: |